Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент



Pdf көрінісі
бет25/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81
Педагогикалық 
жүйелерді 
басқарудың 
негізгі 
принциптері 
Директор және оның орынбасарлары да басшылардың оқу-
тәрбие процесін нақты басқару қызметтері белгілі принциптерге 
негізделіп орындалады. Ол принциптер төмендегідей:
– педагогикалық жүйелер басқарымын демократияландыру 
және ізгілендіру.
Бұл басшылардың, мұғалімдердің, оқушылар мен олардың 
ата-аналарының өзіндік іс-әрекеттері мен ынтасының дамуына 
жол ашады. Ал бұлардың орындалуы пікір алмасу және басқару 
шешімдерінің қабылдануына байланысты жариялықты қажет 
етеді;
– орталықты басқару мен өзіндік басқарымдарды оңтайлы 
үйлестіру. Мұндай басқару үйлесімдері әкімшілік және 
қоғамдық органдар басшыларының іс-әрекетін мектептің бүкіл 
ұжымы мүддесіне орай жүргізілуін қамтамасыз етеді; басқару 
шешімдерін талқылау және қабылдауды, кәсіби деңгейде іске 
асыруға жағдайлар жасайды; жүйедегі барша құрылымдық 
бөлімдерді өз жұмыстарында бірін-бірі қайталаудан құтқарып, 
әрекеттерін жоғары деңгейде орайластырып баруға мүмкіндік 
береді;
– жеке басқару және ұжымдасқан жетекшілік бірлігі. Бұл 
принципті ұстанудағы мақсат – біртұтас педагогикалық процесті 
басқару барысында субъективизммен әміршілдікке жол бермеу.
Басқару ақпараттарын әртүрлі белгілеріне қарай жіктеуге 
болады:
– уақыты бойынша – күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық, 
жылдық; 
– басқару қызметі бойынша – талдауға орай, бағалық, 
құрастырушылық, ұйымдастыруға байланысты;
– келіп түсу көздері бойынша – мектепішілік, мекемелік, 
қарым-қатынастағы мекемелерден;
– мақсаты бойынша – өкімдік, ұсыныс, нұсқау-таныстыру 
және т.б.
– өкілеттіктер беру принципі. 
 
 


Наурызбаева Ш.Қ. 
40 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет