Наурызбаева Ш.Қ.
58
Кәсіби маңызды қасиеттерге мыналар жатады:
– құзыреттілік, кәсіпқойлық;
– адамдармен жұмыс істей білу іскерлігі, жан-жақтылығы;
– ұйымдастырушылық қасиеттер (міндеттер қоя білу
іскерлігі, оларды шешуге қол жеткізу, жігерлілік, талап
етушілік, мақсатқа ұмтылушылық)
– көкейкөз, мәселелерді шығармашылық танытып шеше
білу іскерлігі;
–
жеке
қасиеттер
(міндеттілік,
адалдық,
ізгілік,
ұстамдылық, сабырлық, төзімділік).
Кәсіби маңызды қасиеттерді сараптық бағалау арқылы
жасап, сол бойынша неғұрлым лайық үміткерді таңдауға
болады.
Кадрлар
ұғымына
кәсіпорындардың,
мемлекеттік
мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың білікті қызметкерлерінің
негізгі (штаттық) құрамы кіреді.
Отандық экономика кәсіпорынның штатына кірмеген
қызметкерлердің бірқатары бар «тізімнен тыс құрамы» ұғымына
да арқа сүйейді. Кәсіпорын сипаттау үшін шешілген
міндеттерге байланысты топтастырудың әртүрлі астарлары
пайдаланылады. Мысалы, кәсіпорынды немесе оның бөлімін
сипаттау үшін тізім саны көрсеткішін, яғни штат және штаттық
кесте бойынша пайдаланады; жұмыс күші қарқынын анықтау
және еңбек өнімділігін, орташа еңбек ақысын есептеу үшін
орташа арифметикалық шама ретінде қарастырылатын сол
немесе басқа кезең үшін орташа тізім саны пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: