Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент
59
1)
байланысты (контакт) орнату (өзара түсіністік);
2)
ақпараттармен алмасу (көбінесе үміткер сөйлейді);
3) қорытынды және жұмысқа қабылдау тәртібін түсіндіру.
Әңгімелесуді
теріс
шешім
қабылдаумен
аяқтауға
болмайды. Кейінірек телефон немесе жазбаша түрде хабарлаған
жөн. Сонымен қатар, үміткердің жасы мен жынысын ескеру
қажет. Әр жастың өзіндік ерекшеліктері бар:
16-22 жас –
есеюдегі қиындықтар, өзінің тәуелділігін
демонстрациялау, өзіне және басқаларға өз бетімен өмір сүре
алатынын дәлелдеуге ұмтылу;
23-28 жас – өзін өзі бекіту, тұрмыс құру,
өмірдегі орнын
айқындау, кейде өмірлік мақсаттардың шұғыл өзгеруі.
29-32 жас – өтпелі кезең, құндылықтарды аса бағалау,
сезімнің тұрақсыздығы, көңіл-күйдің жиі өзгеріп отыруы.
33-39 жас – отбасылық өмірдегі құндылықтардың өзгеруі,
барлық күштің жұмысқа,
іске бағытталуы, кәсіби өсудің
шыңына жету;
40-42 жас – өтпелі кезең, жеткен жетістіктердің жеткіліксіз
болып көрінуі, өмірдің текке өткендігін сезіну, денсаулықтың
нашарлауы, жастық шақты жоғалту белгілері және т.б.
43-50 жас –
тепе-теңдік, бір қалыптылық, шығармашылық
көтерілу, табысты қызмет;
50 және одан жоғары жас – жасы ұлғаю, өзіне көну, өмірдің
мәні туралы ойлану, дау-дамайдан аулақ болу.
Әйелдер
ұжымында
басшы әйел адам болған жөн. Өйткені,
ол жұмысқа көңіл бөлу өзгешелігін түсінеді. Ең жақсысы, әйел
адам аптасына бірнеше
сағат еңбекпен айналысып, ал қалған
уақытта үйінде отбасымен өткізген жөн. Бұл мемлекетке тиімді,
әрі үнемді. Әйелдермен жұмыс істеу күрделірек, олар логика
бойынша емес, сезім, көңіл-күйге беріліп, өзінің пікіріне сүйеніп
әрекет жасайды. Көбінесе олар не сезінеді, соны айтады.
Ерлер
ұжымы
.
Ерлер өзінің пікіріне тұрақты,
олардың
пікірін өзгерту, сендіру қиын. Олар көбінесе толығымен іске
беріледі. Ерлер ашушаң, қол астындағылардың жағдайын
ескере бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: