Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент
61
бағытталған, ол қызметкерлерді
қысқартудың директивті емес
әдістерін,
ұйымды
қайта
құру,
қызметкерлерді
кризис
жағдайында басқару әдістерін қамтиды.
Ұйымдық-кадрлық аудит
немесе ұйымның құрылымдық
және кадрлық потенциалының оның мақсаттары мен даму
стратегиясына сәйкес келуін бағалау ұйымды дамыту бойынша
стратегиялық шешімдерді дайындау мақсатында жүргізіледі.
Ұйымдық-кадрлық аудитті жүргізе
отырып қызметкерлер
бойынша менеджер мынаны анықтап алуы тиіс:
– ұйым жұмыс істеуі және дамуы үшін адам ресурсы
жеткілікті ме, жоқ па?
– қызметкер таңдап алған стартегия бойынша жеткілікті
деңгейде тиімді жұмыс істеуге қабілетті ме, жоқ па?.
Кризисті кәсіпорынның кадрлық потенциалын қаржылық
оңалу жоспарын жүзеге асыруға жұмылдыруды
кризиске қарсы
басқарушы іс-әрекетінің бірізді негізгі фазалары түрінде
көрсетуге болады:
1)
үгіт-насихат фазасы;
2)
кәсіби өсу фазасы;
3)
интеграция фазасы.
7.3.
Ұйымдық
құрылымдарда
жаңалық
енгізу
мәселелері
Жаңалық енгізбесе еш ұйым дамымайды, жетілмейді, ал
оның қызметі үнемі тоқырап отырады. Жаңа енгізулер ұйымдық
құрылымды жақсартады, еңбек жүйесін, жұмыс тәсілдерін және
т.б. ретке келтіреді. Өкінішке орай,
көптеген жаңа заңдар,
қаулылар бір-бірімен байланысы жоқ, қарама-қайшылық
туғызады. Адам үнемі өзгермелі жағдайда тұрғанда, ол
өзгерістерге әрең үйренеді. Жаңа енгізулер
әр уақытта тәуекел
(қауіп-қатер, риск) элементтерінен тұрады. Тәуекел әдетте
үркітеді, жиі теріс құбылыстарға соқтырып отырады, мысалы:
бағаның өсуі, жұмыссыздық,
қылмыскерлік, қызметтердің
қысқаруы, т.б. Жаңалық енгізу жаңа мәселелерді шешуде
жоғары дамыған дағдылық пен іскерлікті талап етеді. Бұл үшін
Наурызбаева Ш.Қ.
62
бірігіп жұмыс істей алу қажет,
істің мақсатын анықтай білу,
ақпараттарды талдау, жоспарлауды бөлшектей алу қажет.
Жаңалықтар енгізуде мыналарды ескеру қажет:
– жұмыс сипаты мен еңбекті ұйымдастыруды;
– еңбектің жүктемесін;
– тапсырманы орындау мүмкіндігі;
– жалақы және еңбекті нормалау;
– ұжымдағы қызметкерлер санын;
– ұжым және басшылық арасындағы қарым-қатынасы;
– өндірістік процесс барысына ықпал ету мүмкіндігі;
– іс-әрекет орындауға деген қарым-қатынасты өзгерту;
– кәсіби өсу мүмкіндігі.
Жаңалықтар енгізуде оқиғаның жетілуінің (дамуының) екі
жолы бар:
1) жақсы жаққа қарай өзгеріс (еңбек ақысының өсуі,
өндірістің жұмысына ықпал ету мүмкіндігі, шығармашылықты
мадақтау)
2)
жаман жаққа қарай өзгеріс (қызметкерлер санының
қысқаруы,
еңбектің ауырлығы, өзара қарым-қатынастағы
шиеленіскен жағдай, т.б.)
Жаңалық енгізулер кезінде көптеген кедергілер туындауы
мүмкін,
Достарыңызбен бөлісу: