Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


Білім беру мекемелерінің стратегиялық даму



Pdf көрінісі
бет40/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

8.2. Білім беру мекемелерінің стратегиялық даму 
жоспарларын жасау 
 
Стратегия ең алдымен өндіріс деңгейіндегі ағымды 
басқарумен жоғары деңгейдің айырмашылығын көрсетеді. Оның 
көптеген анықтамалары бар. Мысалы: стратегия – дамудың 
жалпы бағыты, басқарудың жоғары деңгейіндегі шешімдерді 
талап ететін әлеуетті қызмет. 
Стратегиялық басқару дегеніміз – ол ұйымдардың 
қоршаған ортамен өзара қатынастарын басқару барысындағы 
ұйымдардың мақсатын жүзеге асыру тапсырмасы. Стратегиялық 
басқару – ол ұйымның өз алдына қойған мақсатына жетудегі 
шешімдер жиынтығы мен әрекеттері. Стратегия – ол негізгі 
мақсаттарға қол жеткізудегі басымды мәселелер мен
ресурстарды анықтаудағы әрекеттердің бас бағдарламасы [19]. 
 
Қазақстан Республикасындағы мемлекет басшылығының 
адам капиталын дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін 
және білім беру жүйесін реформалауды бастау мен жүргізуге 
жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді 
прогрессивті дамыту мен модернизациялау мүмкін болып отыр.
Білім 
беру 
ұзақ 
мерзімді 
«Қазақстан 

2030» 
Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. 
Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім 
беру 
жүйесінің 
жаңа 
әлеуметтік-экономикалық 
ортаға 
бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі 
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу 
туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда 
білім беру жүйесін дамыту маңызды рөл атқарады.
2020 жылға дейінгі елімізді дамытудың Стратегиялық 
жоспарының жоғары басымдылығы ретінде адам ресурстарын 
дамыту болды. Экономикалық пайда болашақта жұмысшы 
күшінің өнімділігі мен сапасын едәуір көтеретін білім берудегі 
инвестицияларға байланыста болады. Сондықтан да алдағы 
онжылдықта білім беру қызметінің сапасын жақсартуға баса 
назар аударылатын болады.
Ақпараттың, интеллектуалды өнімнің және идеялардың 
еркін қозғалысы жаһандандырудың бір факторы, сонымен қатар 


Наурызбаева Ш.Қ. 
68 
нәтижесі болып табылады. Жалпы тәуелсіздік алған жылдары 
ескі стереотиптердің шайқалуы мен жаңа демократиялық 
құндылықтардың және жаңа саяси және құқықтық мәдениеттің 
қалыптасуына 
байланысты 
қазақстандықтардың 
көпшілік 
көзқарасы өзгерді. Жас ұрпақ жаңа идеяларға ашық, жаһанша 
және болашақ санатында ойлайды.
БҰҰ ДБ мәліметі бойынша Қазақстандағы сауатты 
тұрғындар 99,6 %-ды құрайды. Қазақстандықтардың білімнің 
құндылығын түсінуі, білімге, жаңа білуге ұмтылуы, дамуға және 
шыңдалуға дайындығы маңызды ресурс болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет