Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


Білім беру мекемелерінің стратегиялық даму



Pdf көрінісі
бет42/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

8.4. Білім беру мекемелерінің стратегиялық даму 
жоспарын айқындаудағы маркетингтік зерттеулердің рөлі 
 
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Ол 
тәуелсіз сыртқы бағалаудың барлық элементтерін (лицензиялау, 
аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, бірыңғай ұлттық тестілеу 
(бұдан әрі- ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (МАБ), 
түлектерді кешенді тестілеу және басқалары) қамтиды. 


Наурызбаева Ш.Қ. 
70 
Барлық облыстарда білім беру сапасын бағалаудың 
облыстық жүйесі енгізілуде. 
Білім 
берудің 
барлық 
деңгейлерінің 
материалдық-
техникалық базасы нығайтылуда. 
Білім беру сапасы арттырылуда:
 
ҰБТ-дің нәтижелері 
жақсаруда, халықаралық олимпиада жеңімпаздарының саны 
артуда. 
Балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету және тасу 
мәселелері шешілуде. 
Жыл сайын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі 
білімді мамандарды даярлауға мемлекеттік білім тапсырыстар 
көлемі артуда. 
Білім беруді ақпараттандыруды іске асырылуда. Білім 
берудің мазмұны мен технологиясы үнемі жетілдірілуде. 
Азаматтардың білім алу құқығы жалпы білім беру 
жүйесінің дамуы арқылы жүзеге асырылады. 
Сапалы білім мен оған қол жеткізуге жағдай жасау 
оқу орындарының желісін 
кеңейтіп, 
олардың 
ресурстық 
базаларын жақсарту мақсатында мемлекет білім беру жүйесін 
қаржыландыруды 
жыл 
сайын 
арттырып, 
тиімді 
саясат 
жүргізуде. Білім беру саласының жалпы ауқымы: 2012 жылы 
5 жастан 24 жасқа дейінгі халықтың 85% ы оқумен қамтылса,
азаматтардың 30% ы білім және ғылым жүйесіне тартылды,
оның ішінде: білім алып жатқандар – 4,314 млн. Адам, білім
беру саласында қызмет ететіндер – 403,3 мыңнан астам 
педагогтар мен ғалымдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет