Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


 Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ), оны білім беруді



Pdf көрінісі
бет45/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81
9.2. Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ), оны білім беруді 
және білім беру үрдісін жоспарлауға ендіру 
 
Білім беру сапасын басқару – қазіргі педагогикалық теория, 
практика талаптарына сай, келетін, жеке тұлға, қоғам мен 
мемлекеттің білімге деген қажетін қанағаттандыра алатын білім 
берудің маңызды белгілерінің жиынтығы. 
Білім беру сапасын басқару мектеп басшысының басқару 
қызметіндегі басым бағыты болып табылады. Білім беру 
сапасын басқару мына бағыттарды қамтиды: 
1. Жалпы білім беру сапасы. 
2. Білім беру процесін басқару сапасы. 
3. Білім процесін іске асыру сапасы. 
4. Білім беру процесі нәтижесінің сапасы. 
5. Жалпы білім берудің функционалды сапасы. 
Білім беру процесінің астарында оны құраушы үш процесс 
бар:
Оқу-тәрбиелік, оқу- танымдық және өзіндік білім алу 
процестері.
Педагогикалық менеджмент анықтамасына қарап, кез 
келген оқытушы оқу-танымдық процесінің менеджері екенін 
көреміз (оларды басқару субъектісі ретінде) ал, орта білім беру 
мекемелерінің жетекшісі – жалпы алғандағы оқу- тәрбиелік 


Наурызбаева Ш.Қ. 
74 
процесінің менеджері (осы процесті басқаратын субъект 
ретінде).
Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджменттің 
(білім беру процесін басқарудың теориясы, әдістемесі және 
технологиясы) өзіндік ерекшелігі және өзіне ғана тән 
заңдылықтары бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік 
құралынан, қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің 
нәтижесінен көрінеді.
Оқу-танымдық процесі менеджерінің еңбегінің нәтижесі 
оқушылардың білім алу, тәрбиелену және даму дәрежелері 
болып табылады.
Жалпы білім беру сапасы:
1) білім процесінің негізгі шарттарының сапасы;
2) ғылыми-әдістемелік жұмыстарының сапасы;
3) материалдық-қаржылық қамтылу сапасы
4) мектепке дейінгі білім сапасы деген бірнеше бөліктен 
тұрады. 
Білім беру процесін басқару сапасына кадрлық қамтылу 
сапасы, оқушылардың психосоматикалық денсаулығының 
сапасы және педагогикалық еңбекті ынталандыру сапасы 
жатады. 
Білім процесін іске асыру сапасына мыналар енеді:
1. Білім мазмұны сапасы;
2. Оқыту сапасы;
3. Оқу сапасы. 
Білім 
беру 
процесі 
нәтижесінің 
сапасы 
төмендегі 
бағыттарда анықталады:
1) Оқыту деңгейі;
2) Денсаулық сапасы;
3) Креативтілік сапасы; 
4) Тәрбиелілік деңгейі;
5) Тұлғаның дамуы деңгейі; 
6) Басты құзырлылықтың қалыптасу сапасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет