Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


Қазақстанда менеджмент теориясы мен практи-



Pdf көрінісі
бет5/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
1.2. Қазақстанда менеджмент теориясы мен практи-
касының даму тарихы 
 
Қазақстанда басқару ойлары тарихының тамырлары 
ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жүздеген жылдар бойы 
басқару ойы біртіндеп жетілдірілді. Менеджментке деген 
қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда 
болуына байланысты туды. Мемлекетті басқару жөнінде біздің 
еліміздің дамуының әрқилы кезеніңдегі әртүрлі міндеттер 
өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның 
басқару ойының қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде. 
Х-ХІІ ғасырларда басқару саласындағы алғашқы
ойшылдардың бірі Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950 жж.) болды. 
Ол жұлдыздармен басқа табиғи құбылыстырға қарай отырып, 
мемлекеттің, шаһарлардың болашағы мен бағыныштылардың
тағдырын болжамдаған әміршілердің жалған көріпкелдігін
ғылыми негізде дәлелдеді. Қазіргі кезде Қазақстан ғалымдары 
Әл-Фарабидің ғылыми мұраларын терең зерттеу мақсатында 
Отырар қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізуде. 
Тәуке хан (1860-1715 жж.) әмірлік құрған дәуірде неғұрлым 
прогрессивті мемлекет және рухани қайраткерлер Төле би 
(1663-1756 жж.), Қазыбек би (1667-1763 жж.) және Әйтеке би 
(1682-1766 жж.) болды. «Жеті жарғы» деп аталатын заң 
жинақтарында олар мемлекетті басқару жөніндегі өз пікірлерін 
мазмұндады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі 
принциптер мен құқық нормалары бекітілген.
«Жеті-жарғы» – бұл әкімшілік, азаматтық және қылмыстық 
құқықтардың 
нормаларын 
мазмұндаған 
құжат, 
яғни, 
қазақтардың заңдармен қарапайым құқық нормаларының 
алғашқы жазба жинағы болып табылады. Басқару халықтық
жиналыс-құрылтай 
арқылы 
сұлтандардың 
және 
ру 
басшыларының қатысуымен жүзеге асырылды. 
Мемлекеттік 
басқару 
саласындағы 
кезекті 
идеолог 
Әбілқайыр хан (1693-1748 жж.) болды. Ол жеке хандық құрып, 
Қазақстанның 
далалық 
аудандарының 
ауқымды 
территориясында қырық жыл бойы мемлекеттік билікті ұстап 
тұрды. Алайда, Әбілхайыр хандығы орталықтанған мемлекет 


Наурызбаева Ш.Қ. 
10 
болған жоқ, ол бірнеше этнотерриториялық және этносаяси 
топтарға, ұлыстарға бөлінді. 
Қазіргі заманғы менеджменттің қалыптасу тарихы мен 
дамуын ХХ-ғасырдың 50-жылдарынан бастап қараса болады. 
Алғашқы қазақ инженер-менеджері, өңдірісті ұйымдастыру-
шысы Қ.И. Сәтбаев (1889-1964 жж.) болды. Ол бірінші болып 
кеншілердің еңбек өнімділігі мен адамдардың еңбекке деген 
уәждеме 
мәселелерін, 
жұмысшылардың, 
кәсіподақтардың 
кәсіпорындармен және Балқаш пен Жезқазғанның тау-кен 
байыту комбинаттарында еңбек үрдістерімен байланысты
сұрақтарын шешті. Оның басқару стиліне тән ең маңызды 
ерекшелік, ол зерттелетін нақтылы материалдарды терең 
ғылыми жүйелеу мен жалпылау болатын. Бұл жерде нағыз 
білгірдің әдеттен тыс басқару ойы көрінеді [2]. 
Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың дамуына 
көрнекті ғалым, қоғамдық және мемлекеттік қайраткер Д.А. 
Қонаев (1912-1993 жж.) ерен үлес қосты. Ол қырық жылдан аса
республиканы басқарды, оның ішінде ширек ғасырдан астам 
елдің бірінші басшысы болды. Д.А. Қонаев Қазақстан 
экономикасын басқарған кезенде республика бұрынғы КСРО-
ның ірі агро-өнеркәсіптік аймақтарына айналды. Мұнда елдегі 
түсті металлургияның негізгі базасы орналасты, ауқымды 
жылу-энергетикалық кешен әрекет етті, мұнай өңдірудің үлкен 
потенциалы болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет