Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


Басқарушылық ақпарат. Білім беру саласы



Pdf көрінісі
бет53/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

11.2. Басқарушылық ақпарат. Білім беру саласы 
басқарушыларының ақпараттық қажеттілігі 
 
Компьютерлік желі – ақпарат алмасуға және ақпараттық 
қорды 
бірлесе 
пайдалануды 
қамтамасыз 
ететін 
компьютерлердің өзара біріккен тобы. 
Педагогикалық жүйені басқару тиімділігі едәуір дәрежеде 
қажетті және толық ақпараттың болуына байланысты. Басқаруда 
ақпаратты пайдаланудың қиындығы оның тым көптігінен 
немесе тым аздығынан туындайды. Кәсіптік мектепті басқаруда 
ақпаратты біржақты қарастыруға болмайды. Ақпараттың 
аздығы да, көптігі де шешім қабылдауға, оны іске асыруды 
реттеуге кедергі жасайды. Әдетте педагогикалық жүйедегі 
ақпараттың жетістіктері тәрбиелік қызмет саласынан байқалады. 
Ал оқу-тәрбие процесінде тұлға дамудың бағыттары, оның оқу 
және оқудан тыс әрекеті, мінезі мен даму ерекшеліктері туралы 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
87 
да ақпараттар жетіспей жатады. 
Кәсіптік мектепте ақпаратпен айналысқан адам оны жинау, 
өңдеу сақтау және қолданудың әдістерін жете білуі тиіс. 
Кәсіптік мектеп басшысы, менеджер өз қызметіне бақылау, 
сұрақ-жауап жүргізу, тестілеу, нұсқаулық және әдістемелік 
материалдармен жұмыс жасау жиі қолданылады. Техникалық 
құралдарды және компьютерлендірудің нәтижесінде материал 
жинау, оны өңдеудің мерзімі едәуір қысқарды. Қазіргі білім беру 
мекемелерінің басшысының міндеті – ақпараттық басқару 
технологиясын жасап, енгізу. Ол технологияны басшымен бірге 
мұғалімдер де пайдалана алуы тиіс. 
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол 
технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, 
әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек 
біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды 
дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. 
Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға 
жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы 
керек. 
Ұйым мүшелері бір-бірімен әртүрлі қызметтерді атқару 
барысында қатысады. Байланыс рөлдері дегеніміз – ақпарат 
тарату процесін орындайтын ұйым мүшелерінің қызметі. Кейбір 
тұлғалар «күзетші» мәнін атқарады:
Олар кіретін ақпараттардың ағынын бақыласа, басқасы 
топтарды байланыстыратын маңызды орындарды иеленеді. 
Оларды «байланысшы» деп атайды. Адамдардың үшінші 
тобының басты айырмашылығы басқалардың мінез-құлқына 
формальды емес шешуші әсерін тигізуінде, олар «ой пікірдің 
көшбасшылары (лидер)» (формальды емес көшбасшылар). 
Төртінші топ – космополиттер – олар жүйені сыртқы 
ортамен байланыстыратын болғандықтан ұйымның «әлемге 
терезесі» болып есептеледі. 
«Күзетші» – құрылымда тиісті берілген жолға келе жатқан 
ақпараттар ағынын бағалап отыратын тұлға. «Күзетшінің» 
қызметі бұрау қызметіне ұқсас. Егер сіз дереу бастығыңызбен 
кездескіңіз келсе, бірақ оны секретаршасы «конференцияда» 
десе «күзетші» екенін онда түсінеміз. «Күзетшіліктің» бір 


Наурызбаева Ш.Қ. 
88 
қызметі ақпараттық ауыртпалықты азайтудан тұрады. «Күзетші» 
ақпарат ағынын саралайды, маңызды аздау хабарларды бөгеп, ең 
негізгісін жеткізеді, ұйымның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі 
келтірмей, ақпарат тасқынын кемітуге көмектеседі. 
5-сурет. Ақпараттық технологиялардың сипаттамасы 
Педагогикалық жұйені басқаруда кез келген ақпарат 
маңызды, әсіресе жүйенің оңтайлы жұмыс жүргізу үшін қажетті 
басқару ақпаратының маңызы ерекше. Түрлі белгілеріне қарап 
басқару ақпаратын былай топтастыруға болады: 
– уақыты бойынша – күнделікті, айлық, тоқсандық, 
жылдық; 
– басқару қызметіне қарай – талдамалық, баға беруші, 
конструктивті, ұйымдық; 
– жиналған мәлімет көзіне қарай – мектепішілік, 
ведомстволық, ведомстводан тыс;
– мақсатты пайдалануы бойынша – директивалық, 
таныстырушылық, кепілдемелік және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет