Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты


Абылай ханның сыртқы саясаты



Pdf көрінісі
бет127/460
Дата27.09.2024
өлшемі47,68 Mb.
#145971
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   460
Байланысты:
Қаз тарихы 3 том

Абылай ханның сыртқы саясаты. 
Абылайдың сырткы саясаты да икем- 
ділігімен және ымырашылдығымен сипатталды. Оның Ресей мен Кытай сияқ- 
ты күшті мемлектгермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қаты- 
настары нан едәуір айы рмаш ы лы ғы болды. О тарш ы л им п ери яларды ң
күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан, Ресей протекторатын тану- 
дан бас тартпай, екінші жағынан, өз иеліктерінде екі державаның да ыкпалы 
күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділдік көрсетуге 
тырысты. «Қазақтар әуел бастан-ақ екіжақтылықты ұстанды, — деді цин им­
ператоры өзінің 1779 жылғы жарлығында, — ...Абылай бізге бағынған кезде 
Ресей Абылайдыңөз боданы екенін, сондыктан біздіңоны өз бодандығымы- 
зға қабылдамауымыз керек екенін мәлімдеп, наразылык жіберді. Біз сонда 
былай деп жауап қайтардық: «Сіздер Абылайды өз адамымыз дейсіздер. Егер 
сіздер оны жақсылап басқарсаңыздар, ол ешбір жағдайда бізге бағынуға өтпе- 
ген болар еді... Ал сіздер, орыстар, бұған калай кедергі жасай аласыздар?.. 
Егер болашақта мұндай оқиға бола қалса, сақтық жасау керек».34 Бір жағы- 
нан, Абылай қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иланды- 
рып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Ресей сарайына әлдеқайда ынта- 
лылықпен... ал кытай ханымен хат жазысуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты 
қырғыз-қайсактарға кытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін 
жалғастырып» отырған сиякты етіп көрсетті.35 Хан өз иеліктерін агрессия- 
шыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда 
келтіруге де тырысты. Мәселен, 1772 жылы ол Ресейден өзінің сыртқы ж әне 
ішкі жауларына карсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. Бұл орайда ол өзінің 
Кытаймен өзара келісімі бар екенін былай деп хабарлады: «Қай жақтан ж әне 
қандай да бір патша бізге дұшпандық әрекет немесе арсыздық жасайтын бол- 
са, оған қарсы тұратын болады ж әне егер сол богдыханнан (Кытай им- 
ператорынан. — 
Ред
.) күш сұрасам, ол менің талап етуім бойынша он мыңға 
дейін немесе жиырма мыңға дейін болса да әскери адамдар берер еді...».36 
Ш ынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Ресей де, Кытай да оған 
әскер бөлуден бас тартатын.
255


Ресейдің өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға 
ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан ж азбаш а өтініш жасаған жағдайда 
он ы ң хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады. Мұндай дип- 
л о м ати я л ы к кадам ө зін ің сы ртқы саяси аренадағы беделін нығайта 
түсетінін түсінген Абылай П етербургке өзін ің баласы Тоғым бастаған 
елш ілік жіберді. 1778 ж ылы ғана II Екатерина оны хан деп ж ән е Орта 
ж үздің ғана ханы деп бекіту туралы грамотаға қол қойып, оның Кіші жүз 
бен Үлы жүзге билігін танығысы келмеді. Бүған ызаланған Абылай Орын- 
борда, Троицкіде, тіпті Петропавлда да ант беруден бас тартты. Отаршыл- 
ды қ өкім ет орындары хан ордасына ш енеунік жіберуге де келісті, алайда 
хан «мен өз дәреж еме халықтың сайлауымен әлдеқаш ан-ақ бекітілгенмін» 
деп мәлімдеп, ант беруден үзілді-кесілді бас тартты.37 Ханның мұндай мінез 
көрсетуін оны ң 1773—75 жылдардағы П угачевтің көтерілісінен кейін Ре- 
сей им периясы ны ң күш -қуаты на ш үбәлана қарауымен түсіндіруге бола- 
ды, ал ол көтерілістің барысында Абылай жалған атак жамылушыны кол- 
дап, тіпті онымен бірлесе отырып орыс бекіністеріне шабуыл жасауға да 
ниеттенген еді.38 Ханға ы қпалын мүлдем жоғалтудан қорқы п, Ресейдің 
өкімет орындары 1779 жылы оған 300 сом ж әне 200 пұт ұн мөлшерінде жыл 
сайынғы ж алақы тағайы ндады ,39 бірақ 70-жылдардың аяғына карай А бы ­
лай Ресеймен кандай да болсын қатынастары ны ң бәрін мүлде үзді.
Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен катынастары баскаша болды. 
Абылайдың күш салуы аркасында қайтадан қазақаймағына айналған Жетісуда 
қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді ж әне Абылай оларға қарсы ара- 
тура жорықтар жасап түрды. 1774 ж әне 1779 жылдары сондай жорықтар 
жасалды. Соңғысы қы рғы з рулары ны ң бір бөлігінің Қ азақ хандығына 
бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, 
Созақ ж әне Ташкент қазақтарға кайтарылды. Сонымен Абылай ханның XVIII 
ғасырдың 70-жылдарындағы сырткы саяси қызметі Казақ мемлекетінің бірлігін 
уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының 
нығаюына жеткізді.
А бы лайға дейін де, одан кейін де бірде-бір қ азақ ханы ны ң мұндай 
ш ексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдірет- 
тілік сипатына байланысты еді. Ш. У әлиханов былай деді: «құрмет (ханға) 
әлдебір м истикалы қ сипатта болды... Бұл хан уақыт қастерлі еткен еркін 
жеңілдіктерге қарсы рақымсыздықпен әрекет ете отырып, өз әрекеттеріне 
ұрпақтары оны әулие деп санайты ндай сипат бере білді».40 К өреген сая- 
сатшы ж ән е шебер дипломат Абылай өзіне ергендердіңсүйіспенш ілігіне 
ж әне қарсы ластары ны ң құрметіне лай ы қ бола білді. Бұған ханның жеке 
қасиеттері де едәуір дәреж еде себепші болды. Текті әулеттен ш ыққанына 
қарамастан, балалы қ шағында оның бақташы да, түйеші де болуына, жоң- 
ғарларға қарсы соғысқа қатардағы жасақшы ретінде қатысуына ж әне шай- 
қаста батыр атағын алуына тура келді. Абылай мұсылманша жақсы сауат- 
ты болды, оқы п, ж аза білді. Ол сирек кездесетін саясатш ы , тамаш а қол- 
басшы ж ә н е диплом ат болды. Д егенмен де, ол тарих көш ін өзгерте де, 
көш пелі өркени еттің бұрынғы күш -қуаты н кайтадан қалпы на келтіре де 
алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қ азақханды ғы ханның өзі қанша өмір 
сүрсе, сонш а өмір сүрді. 1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай Таш кен- 
ттен Т үркістанға келе ж атқанда дүние салып, Қ ож а Ахмет Й асауи кесе- 
несінеж ерленді.
256




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   460




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет