Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты



Pdf көрінісі
бет189/460
Дата27.09.2024
өлшемі47,68 Mb.
#145971
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   460
Байланысты:
Қаз тарихы 3 том

өздерінін иелік ету
құқығын тануды табанды түрде сұрайды. М енен 
қанағаттанарлық жауап
алмаған олар қазақтар арасы нда мені бұған келісті 
деген лакап таратуда.
Солай бола тұрса да, менің келісім ш артын ойдағыдай 
жасасу жөніндегі
үмітім әлі де бар».29
Алайда Н.П.Игнатьевтің бұл үміттері ақталмады. 
Хиуа ханы Әмудария
бойымен кемелердің жүзуіне тыйым салды ж әне Ресеймен 
шарт жасасудан
бас тартты: Ресей мен Хиуа арасындағы келіссөз табыска 
жеткізбеді. Орта
Азия хандықтарында жеті ай болуы полковник 
Н.П.Игнатьевтің дипломатия-
лык елшілігіне қатысушылардың саяси күштердің 
орналасуын, бекіністердің
қуатын аныктауға, сондай-ақ өлкенің экономикасымен 
танысуына мүмкіндік
берді. Н.П.ИгнатьевтіңХиуа мен Бұхараға диплом атиялы қ
миссиясы орыс-
бұхаралық және орыс-хиуалык сауда байланыстарының 
жандануына жеткізді.
Бірақ бұл байланыстар Ресей мен Орта Азия хандықтары 
арасында калыптас-
қан қайшылықты шешіп бере алмады.
XIX ғасырдың 40-жылдарының аяғында Ресей өзінің 
Сырдария өзеніндегі
пәрменін нығайтып алды. Соның нәтижесінде ол 
Хиуамен, оның шығыс шет
аймақтарымен тығыз қатынасқа түсті. Қазақстанды, Коқан 
жөне Бұхара хан-
дықтарын жаулап алуына байланысты Ресей Түркістан 
генерал-губернатор-
лығын құруға мүмкіндік алды. 1869 жылы ол Красноводск 
шығанағын иеленіп
алды, сол арқылы Хиуа үш жағынан: батысынан орыс 
өскерлерінің 
Кавказ 
отрядымен, солтүстігінен — Орынбор және шығысынан — 
Түркістан 
отрядта- 
рымен қоршауға алынды. Хиуа ханы Ресейге көзқарасы 
жөніндегі дұшпандык
саясатын жалғастырып, қалыптасқан жағдайдан тиісті 
қорытынды жасамады.
Бұл туралы Гиршфельд пен Галкин былай деп жазды: «... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   460




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет