манды өңірде өткен. Деректемеде айтылғанындай, «үшінші күні таң ата көп
қалмақ келіп,олардың әскеріне шабуыл жасаған, ал олар, қазақтар, оларды
ж аяу атқылады, калмактар болса оларға ат үстінен өршелене шабуыл жаса-
ды, ал қазақтар оған төтеп бере алмай, каша жөнелді де, оларды қалмақтар
жарты күн қуып, адамдарын қырып тастады». Шайкасқа 3000-дай қазақ қаты-
сты. Құжаттан басқа да егжей-тегжейлі жайлар анықталады: «Сөйтіп түнде
қазақтардың жартысы жоғарыда аталған өзеннің қалмақтар жағына өтті, ал
келесі күні түсте оларға сегіз жүз адам болатын қалмақтар шабуыл жасап,
төрт жүздей адамды кырып салды да, өзеннің екі жағындағы қазактар жүктерін
тастап, бытырай қашты». Қайып ханың жағдайы жақсы болмай шықты.
Құжатта ол туралы былай делінген: «Қайып хан екі-ақ адаммен қалып, өз
ұлысына қайтты, ал олардың жүктерін калмақтар колға түсірді». Аягөз өзені
маңы ндағы ш айқаста көптеген қ азақ сарбаздары каза тапты. Алайда
көзкөргендердің айтуынша, «Қайып хан мен Әбілқайыр хан және басқалар өз
ұлыстарына жақсы жағдайда жеткен».32
Бұл Қ азақстанның оңтүстік аудандарына жоңғар әскерлерінің терендей
енуіне мүмкіндік берді. 1708—1712 жылдар оқиғаларында қол жеткен жекеле-
ген жетістіктерін казақтар нығайта алмады. Қ азақ жауынгерлері бір жерге
жұмылдырылған басшылықболмағандықтан жеңілістапты.
1718 жылдың көктемінде жоңғарлар Жетісудан Арыс, Бөген, Шаян өзендері
бойына шұғыл ж оры қ жасап, Түркістан қаласына тақап келді. Олардың ниеті
қазақхандарыныңордасын басып алу болатын. Сырдарияның орта ағысы ба-
сындағы қазақ калаларына қауіп төнді. Бірнеше шайкас болды. Жоңғарлар
«казак ордасын шапты», бірак санының аздығымен өз қоныстарынан ұзап кетуі
олардың толық жеңіске жетуіне мүмкіндік бермеді.
Бұл жағдайда батырлар бастаған қазак жасакрары едәуір табысқа жетті.
Олар Елек, Мұғалжар, Үлытау аудаңдарынан 30 мыН адам болатын әскер жинап
алды.33 Түркістан ауданына аттанып, жоңғарларды Оңтүстік Қазакстанның
едәуір бөлігінен куып шыкты.
Рас, XVIII ғасырдың басында жоңғар билеушілерінің казак жүздеріне қар-
сы неғұрлым батыл кимылдар жасауын Ж оңғар хандығына Цин билеушілері
әскерлерінің шапкыншылыкжасау каупі тежеген еді. Бірак 1722 жылы Қытай
императоры Канси кайтыс болғаннан кейін бұл кауіп уакытша болса да
бәсеңсіді. 1723 жылы жоңғар-кытай бітімі жасалды. Шығыс жактағы өз ты-
лын қауіпсіздендіріп алған жоңғар контайшылары казақтармен соғыска мык-
тап дайындала бастады.
Достарыңызбен бөлісу: