ды басқарды. Олар тіпті Ж әңгір ханнан өздеріне бүкіл орда бойынша жауап-
керден қарызды өндіруге құқы қ беруді сұрады .107 Хан К еңесінің мүшелері
отбасыларымен ж әне малымен тұрақты тұруға хан ордасына көшіп келді
жөне сол аркылы олар шынына келгенде, хан аппаратының шылауына ай-
налды.
Оған қоса, хан жанында оның арнаулы тапсырмаларын орыидау үшін жа-
саулдар ретінде 12 старшын, сондай-ақ «базар сұлтандары» болды. Соңғыла-
рының міндетіне баж жинау (орда ішінде), қазақтардың мүддслерін білдіру
(ордадан тыс жерде), сауда орьіндарындағы тәртіпті кадағалау жатты.
Ханның жанында татар бөлімі мен жалпы бөлімнен түратын өз кеңсесі
болды. Бірінші бөлім негізінен орда ішіндегі, ал екіншісі — ш екаралықокімет
орындарымен қатынас кағаздар ісін меңгерді. Оның жанында арнаулы тергеуші
де болды.108
Бұрынғы сұлтан-би басқару жүйесін орталықөкіметжанындагы үйымда-
сқан төрешілдік басқару аппаратымен ауыстыруды көшпелі мал шаруашы-
лығы нысандарының, бұл ішінара орын алса да, өзгеруі емес, қайта негізінен
алғанда, казақ қоғамында үстемдік еткен ф еодалды қ тап ты ң басқару
қызметінің күрделенуі керек етті ж әне ол қазақ қоғамында патшалық өкімет
орындарының мүдцелерін неғұрлым батыл камтамасыз ету қажеттілігімен
байланысты болды.
Хан билігінің ж әне оның фискалдық міндетінің күшеюі қабаттасып отыр-
ған басқаруды қайта ұйымдастыру шенеуніктік жүгенсіздіктіңжаңа нысанда-
рын туғызды ж әне дәстүрлі қауымдық-ауылдық ұжымдар институттарын
шектеуге әкеп сокты. Төрешілдік аппараттың өсуіне қарай халыққа салык
салу ауқымы ұлғая түсті.
Ж әңгір хан 1845 жылы қайтыс болды. Бұл туралы хабар алған I Николай
патша өз қолымен: «Тым өкінішті, ол өте-мөте адал берілген адам еді», — деп
жазған. Сол кезге қарай Кдзакстанның барлықбөліктеріндехан билігі жойы-
лған еді. Үкіметгік топтарда Ішкі Ордада да хан билігі қалпына келтірілмейтін
болып шешілді. Оны басқару орыс шенеунігі басқарған уақытша кеңеске көшті.
Достарыңызбен бөлісу: