тандауы бойынша екі-үш жылдан соңалмастырылып отыратын. Эрине бұл
талаптар ол кезенде іс жүзінде орындалмайтын талаптар еді, мұны сұлтан
жақсы түсінді. Бұл ретте Абылай шекаралык әкімшілікке өзінің кытайлар-
мен, түсініліп жүргеніндей, әсте де онша жақын еместігін және Ресей протек-
торатынан әсте де бас тартпақшы болып жүрмегендігін білдірген еді.
1771 жыл ы Абылайды жалпы казак ханы етіп сайлау үшін жағдай жасалды.
1771 жылдың күзінде ұзакуакыт бойы акылдасканнан кейін барлык үш жүздің
өкілдері жаңаханды сайлау үшін хандыктың ежелгі астанасы Түркістан кала-
сына келді. Абылайға ыкпалды жырау Бұкар Қалкаманұлы, Әбілпейіз жөне
Болат сұлтандар,30 Нұралы ханды коспағанда, Кіші жүз казактарыны ң
билеуш ілері,31 Орта жүз бен Үлы жүздің өкілдері сөзсіз колдау көрсетті.
Халык көп жиналған кезде казак дәстүрі бойынша Абылай ақ киізге көтеріліп,
үш жүздіңханы болып жарияланды. А. И. Левшинніңайтканындай, ол «оған
(атакка) торғауыттарды жеңуі аркылы және Әбілмәмбет кайтыс болғаннан
кейін, барлык кы рғы з-казак ордаларының ғана емес, түркістандыктар мен
таш кенттіктердіңде сайлауы аркылы ие болды».32 Сөйтіп Абылай Қазақхан-
дығыныңбірлігін калпына келтіреалды.
Достарыңызбен бөлісу: