Орта жүз бен Үлы ж үзд ің б арлы к дерлік жері ханның балалары арасында
бөлінді. Тек Кіші жүзде ж әне Орта ж үздің батыс бөлігінде Кайып ұрпак-
тары, Орталык Қ азақстанны ң кейбір аудандарында — Барақты ң ұрпақта-
ры, ал К ы тайм ен ш екара ө ң ір ін е таяу ж ерлерде ж ә н е С ы рд ари яд а
Ә білмәмбеттің ұрпақтары — сүлтандар билік етті.
Орталық билікті күшейту үшін Абылай қолданған шаралардың екінші
кешені — бір тұлғаның қызметіне ж әне оның тұлға ретіндегі қасиеттеріне
сүйену. Мәселен, дағдылы құқықтың дәстүрлі түсініктеріне карамастан, Абы
лай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге үкім шығару кұкығын өзі алды.
Бұл міндет бұрын билер қазылығында ғана болатын. Билер кенесі мен руба-
сы -ақсақалдар съезінің құқы қтары едәуір ш ектелді. А лайда дағдылы
құкықтың дәстүрлі болуы және басқарудың нақты тұткаларындағы кемшілік
Абылайға хандықтың саяси жүйесіне реформаны ақырына дейін жүргізуге
мүмкіндік бермеді. Оның үстіне бүкіл басқару жүйесін соғыстар қиратып кетгі
деуге болатын еді. Федерализм элементтері рулық басқару принциптерімен
тығыз ұштасып жатгы, хан билігін бұрынғысынша билер мен сүлтандар едәуір
дәрежеде шектеп отырды. Мемлекеттік машинаның орнықтылығы түгелдей
жөне толығымен ханның өз беделіне, оның күрделі саяси проблемаларды шешу
кезінде ымыраластықтаба білуіне байланысты болды.
Достарыңызбен бөлісу: