Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты



Pdf көрінісі
бет130/460
Дата27.09.2024
өлшемі47,68 Mb.
#145971
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   460
Байланысты:
Қаз тарихы 3 том

бірнеше 
ауылдарының аксакалдары жергілікті әкім ш ілікке орыс боданды- 
ҒЫна кабылдауға өтініш жасады. 1772 жылы карамағында үш мың казағы бар 
керей 
руының аксакалдары Есберді мен Нүра батыр Семей бекінісіне сон- 
дай 
өтініш етті. Алайда бұл жағдайлар сипатты болған ж о қ ж ә н е бірлі-ж а- 
рым 
еді.
Көріп отырғанымыздай, орыс шекаралык әкімшілігінің Орта жүздегі сая- 
саты 
«катаң» жөне «бәсең» бағыттардың ұштастырылуымен сипатталды, бұл 
ретте 
екіншісіне артыкшылык берілді. Қ азақ билеушілерін алыстатып алудан 
коркып, 
орыстың өкімет орындары олардың Цин империясымен карым-каты- 
сын 
білмегенсіген түр көрсетті, ал казақтар өздерінің Ресейге тәуелді екенін 
өдейі баса көрсетіп, екі жакты ойын жүргізді ж әне іс жүзінде тәуелсіз еді. 
Орта 
жүзге ыкпал етудіңазды-көпті тиімді бірден-бір кұралы ш екаралык са- 
удаболды.
Орта жүз қазақтарының Ресеймен сауда қатынастары. 
Ресейдің өкімет орын­
дары 
өлкені экономикалыкжағынан игермейінше, Орталык Азияға экспан­
сия жасау 
мүмкін еместігін өте жаксы түсінді. «Мемлекеттердіңтыныш өмір
261


сүруі, даңқы мен гүлдену жағдайы үш бастаудан пайда болады. Біріншісі — 
іш кі ты ны ш ты қтан, бодандары ны ң қауіпсіздігі мен ризаш ы лы ғы нан; 
екін ш ісі — жауға қарсы жеңімпаз қимылдардан, пайдалы да жасампаз бітім 
жасасудан; үшіншісі — көпестер арқылы алыстағы халыктармен арты қбай- 
лықты өзара алысып-берісуден», — деген М. В. Ломоносов.58 Алайда XVIII 
ғасырдың орта шенінде Орта жүз кдзақтарымен сауданың айналымы аз болды 
ж әне негізінен Троицк аркылы жүзеге асырылды. Оған коса, 40-жылдардың 
аяғында Ямышевск ж әне Омбы бекіністеріиде сауда жасауға рұксат етілді.
50-жылдардың бас кезінде-ақ Троицк өз маңызын жоғалта бастады. 
Біріншіден, 1752 жылы Новоишим шебінің салынуы казақ саудагерлерін 
сескентіп тастады, сол кезде-ак жолға шығып койған 500-дей казак өз ауылда- 
рына кайтып кетті.59 Екіншіден, 50-жылдарда қазақтардан жылқы сатып алуға 
қүмар Цин империясымен сауда жолға койыла бастайды. Дегенмен көпестер 
Троицкіге келуін жалғастыра берді, бірак енді бүкіл Орта жүзден емес, оған 
жақын жаткан казак руларынан ғана келетін болды. Тек 60-жылдардың ба- 
сында ғана жағдай жаксара бастайды. 1761 жылы Троицкінің коменданты «Орта 
орданың қазақтарымен жәрмеңке жақсы жүргізіледі, оған азиялык көпестер 
де келіп тұрады» деп хабарлады.60 Кытаймен сауданыңтиімсіздігі Шығыс және 
Оңтүстік-шығыс Казакстанның халқын баска, неғұрлым тиімді сауда жолын 
іздеуге мәжбүр етті. 1762 жылы наймандардың билеушісі Әбілпейіз сұлтан 
III Петрге Семей бекінісінде сауда-саттық ашуға өтініш жасады. «Абылай 
сүлтанның Орта жүздегі арғын тайпасынан шыққан адамдары Троицк бекінісі 
арқылы тиімді сауда-саттықжасайды... Қ аш ы кболуы себепті біздіңхалқы- 
мыз: Орта жүзден — наймандар және үйсіндер мен бүкіл Үлы жүз - ол Троицк 
бекінісінде сауда жасай алмайды. Егер сол Самай-Болат (Семей. — 
Ред.) 
бекінісінде сауда жасау көрсетілген жарлық берілсе, біздің әкеміз Әбілмәмбет 
хан Түркістан жерінде хан болып отырғандыктан, со‘л аркылы Түркістаннан, 
Ташкенттен, Кдшғардан және Жаркенттен келген көпестер зор пайда жасар 
еді» деп жазды ол өз жолдауында.61 Сол 1762 жылы патша жарлығымен Семей- 
де сауда кұрылды, алайда орыс көпестерінің Ертіс шебіне келуге құлыкты 
болмауы мынаған әкеп сокты: Сібір шебінің командирі К. фон Фрауендорф- 
тың Тобылға губерниялык өкімет орындарына Семейге көпестер жіберуді 
сұрап, әлденеше ретөтініш жасауына тура келді. Орыстар тарапының кере- 
наулығы қазақтарды ренжітпеуі үшін 1764 жылы Әбілпейіз бен оның бодан- 
дарына 10 шақырымдықтыйым салынған өңірді бұзып, Семей бекінісіне жа- 
қын жерде көшіп жүруге де рұқсат етілді.
Ж алпы Ресеймен сауда айналымы онша көп болтан жоқ, орыс көпестері 
ы ды с-аяқ, керам и ка, мата, казан сатты; казақтар малмен, аң терісімен, 
мал ш аруаш ы лығы өнімдерімен сауда жасады. Сонымен бірге Сібір шебі 
бойында Орта А зия мен Қытай тауарлары сатылды. Қ азақ— Ресей шекара- 
сында айналы м үнемі өсіц оты рғаны на қарамастан, XVIII ғасырдың 50— 
70-ж ылдары нда Орта ж үз бен Үлы ж үздің негізгі сауда әріптесі Цин им- 
периясы болып кала берді.
X V III ғасы р д ы ң ек ін ш і ж арты сы н д ағы С ібір ш е к ар а л ы қ өкім ет 
орындарының саясатын сипаттай келіп, Орынбор әкімшілігінің саясатына 
қарағанда оның жалпы алғанда неғұрлым жұмсак әрі икемді болғанын атап 
өтеміз. Әрине мұны Сібір бастықтарының әлдебір ерекше бейбітшілдігі емес, 
кайта ең алдымен, Ресейдің осы аймақтағы әскери тұрғыдан әлсіздігі және 
мұнда қауіпті бәсекелес — күшті ж әне агрессияшыл Цин империясының бо-
262


луы туғызған еді. Кіші жүзбен салыстырғанда, Орта жүз бен Үлы жүз қазак- 
тарының неғұрлым топтасқандығы және әуелі сұлтан, ал сонан соң хан Абы- 
лай сынды күшті көшбасшысыныңболуы маңызды зор фактор болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   460




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет