Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты


лып,  күтпеген жерден Сырдария шебіне  шабуыл жасады. 1856 жылғы желтоқсан-  ны ң



Pdf көрінісі
бет200/460
Дата27.09.2024
өлшемі47,68 Mb.
#145971
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   460
Байланысты:
Қаз тарихы 3 том

лып, 
күтпеген жерден Сырдария шебіне 
шабуыл жасады. 1856 жылғы желтоқсан- 
ны ң 
аяғында Казалыны көтерілісш ілер 
қоршап алды.
28 желтоқсанда форт бастығы Перовс- 
кийге 
былай деп жеткізді: «Қазіргі уақыт- 
та 
солтүстік жағын қоспағанда фортты бү- 
лікшіл қазақтардың жер-жерде шашыра- 
тылып 
орналастырылған карақшылары 
қоршауға алған, олар біздің отрядтың кез 
келген 
қозғалысы жагдайында далатүкпі- 
ріне 
кетіп қалады. Сондықтан да гарнизон 
жырткыштардың бекініске шабуылын кү- 
тіп 
алуға және сонан соң пішен тасып алу- 
мен, 
форттың әлсіз жақтарын қорғаныс 
жағдайына келтірумен кызу айналысып 
Қарулы адам (суретші
ОТЬір».
132 КенеТТеН бұрҚ еТКӨН КӨТерІЛІС Ма- 
М. С. Знаменскийдің картинасынан).
засыздандырған Орынбор генерал-губерна­
торы Перовский Сырдария шебінің командашысы Фитингофқа көтерілісті 
басу 
үшін жорыққа дереу әскер жіберуге өкім берді.
Ж анкожа жетекшілік еткен көтерілісшілер Қазалы фортына шабуыл жа- 
сауға мүқият әзірленді. 1857 жылдың қаңтарында көтерілісшілердің қатары 
бес мыңға жеггі.
Перовскийдің нүсқауын орындай отырып, Фитингофтың отряды 9 қаңтарда 
жолға шықты. Оның құрамына 300 казак, 320 жаяу әскер кірді, Олардың 54-і 
алысқаататын мылтықпен каруланған еді, 1 зеңбірегі ж әне 2 ракеталы қста- 
ногы болатын.133 Көтерілісшілермен қақтығыс нақсол күні А рыкбалықалқа- 
бында болды. Камыс арасында отырған қазақатқыштары жазшіау отрядының 
ту сыртынан оқ жаударды.
Күндізгі сағат 2-де Фитингофтың отряды шабуылға шығып, коян-қолтык 
шайқас болды, соның салдарынан көтерілісшілердің негізгі күштері жеңіліс 
тауып, олардың ауылдары аяусыз жазаланып тоналды. К азак отрядтары 
тұрғындардың малын тартып алды, қолға түсірілген ірі караның өзі ғана 20 
мыңнан асты.
К өтерілісш ілердің ж еңіліс табуы на наш ар қаруланғанды ғы ж ә н е ес- 
кірген әскери тактика себеп болды. Саны басым болғаны на қарам астан, 
көтерілісш ілердің 5 м ы н ды қж асағы Ф итингоф ты ң шагын отрядын ж еңе 
алмады.
Көтерілісті басуға кейбір қазақ феодалдары: билер, сүлтандар да қатыс- 
ты. М әселен, Ф итингоф отрядының құрамында бірнеше жүз адам жасағы- 
мен Ермұхамед (Елекей) Қ асымов болды. Ол көтерілісті басуга мейлінш е 
белсене қатысты. Қасымов жалғыз емес еді. К өтеріліс басылғаннан кейін 
1857 жылы ерлік көрсеткен қазақ старш ындары наградаларға ұсынылды. 
Би Сейіл Байқадамов жазалау экспедициясында жігерлілік көрсеткені үшін 
алғыс алды ж әне А нна ленталы күміс медальмен марапаттауға ұсынылды. 
Үлбөбек Тайымов би күміс ж үзікпен марапатталды ж ән е т.б.
389


Жоғарыда аталған қазақстаршындарының қандай жағымсыз рөл атқарға- 
нын түсіну киын емес. Олар Сырдарияныңтөменгі ағысындағы жер жағдайын 
жөне көтерілісшілердің мінез-құлқын жақсы білетін. Патша шенеуніктері 
үшім мұндай көмек баға жеткісіз болатын.
Көтеріліс талкандалғаннан кейін Сырдариядағы екі жақты отаршылдык 
езгі бүрынғысынан да күшейе түсті. Сырдария бекінісінің билігіндегі аумақта 
жазалау отрядтары қимыл жасады. Қазақтың көптеген сұлтаыдары, старшын- 
дары, билері патша өкіметіне кызметке көшіп, шекаралық бастықтардың 
пәрменін құлақкесті орындаушылары, Сырдарияныңтөменгі ағысында пат- 
шалық отаршылдық саясаттың уағыздаушылары болды.
Кейбір жергілікті рулык үстем топка сүйене отырып, шекаралык өкімет 
көтерілістіңкалған мүшелерін аяусыз қырып-жойды. Әскерлер қазақауыл- 
дарын мейірімсіздікпен талап тонады. Ж екелеген казак отрядтары ауылдар- 
ды аралап жүріп, тұрғындардың малый тартып алды. Қ азактар арасында 
аш ты қ басталып, көптеген адамдар каза тапты. 1860 жылы «...мен, - деп 
жазды Л .М ейер, — Ж аңадарияны ң бүкіл аумағында малдың түгел дерлік 
кырылғанына, адамдардың орыс форттары маңында әлдебір азык боларлык 
талғажау іздеп жүргеніне көз жеткізген жағдайым болды. Тонауға ұшыраған 
бейбактардың баска бір бөлігі Хиуаға ауып кетті».134
Арал өңірі казактарының көтерілісі шағын халықтык, бой корсету болды. 
Оған әр түрлі руларға жататын қазактардың едәуір бөлігі катысты. Көте- 
рілісшілер арасында Кішкене шекті руларына жататын казақтар басым бол­
ды. Көтерілісті прогресшіл деп санау ләзім, өйткені ол отаршылдык езгіге 
қарсы бағытталды.
Көтерілістің басында күресте сынақтан өткен жетекші, жат жерлік отар- 
шыларға өзінің ымырасыз көзкарасымен ерекш е.көзге түскен Ж анкожа 
Нұрмұхамедов тұрды. Ол өзінің бүкіл саналы ғұмырын Арал өңірі казакта- 
рыныңтәуелсіздігіне арнады. Сырдария казактарының көтерілісі басып-жа- 
нышталғаннан кейін патша өкімшілігі Ж анкож а Нұрмұхамедовті жою үшін 
арнаулы жазалау отрядын жіберді. Бұл отряд 1860 жылы Ж анкара көліне жа- 
кын жердегі Кызылкұмда орналаскан Жанкожа ауылын кенеттен коршап алып, 
сол жерде 80 жастағы Ж анкож а батырды мерт кылды. Оның ауылы тоналды. 
Отряд ІЗОтүйе, 115 жылкы, 216сиыр ж әне 2234 кой айдап әкетгі.135


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   460




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет