Ш. Т., Арыстангалиева В. Т., Панищева О. А. Инклюзивті білім беру Инклюзивное образование Оқу-әдістемелік құралы Орал, 2020 2



Pdf көрінісі
бет9/84
Дата23.12.2022
өлшемі0,98 Mb.
#59197
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84
Байланысты:
Инклюзивты

 
 
 


20
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Қазіргі ғылым мен практикада сау балалар мен мүгедек балалар 
бірге білім алып, бірге тәрбиеленетін педагогикалық процесті 
сипаттау үшін қандай терминдер қолданылады? 
2. Инклюзивті білім беру ортасының құрылымы қандай 
компоненттерден тұрады? 
3. "Интеграция", " мэйнстриминг ", "қосу"ұғымдарына анықтама 
беріңіз? 
2.2. 
Қазақстан Республикасында инклюзивті және 
интеграцияланған білім беру
Мазмұны: 1. Инклюзивті оқыту мәселелерінің қазіргі 
жағдайы.
2. «Интеграция» және «инклюзия» ұғымы. 
3. Интеграция модельдері.
 
Мақсаты: Инклюзивті білім беру мен интеграция 
ұғымдарын талдау, ерекшеліктеріне анықтама 
беру, интеграция модельдері туралы ұғындыру.
Қазақстан Республикасында әлемдік тенденцияларға 
сәйкес инклюзивті білім беру идеялары кең етек алуда: 
Республиканың 
барлық 
облыстарында 
инклюзивті 
(интеграцияланған) мектепке дейінгі және мектеп ұйымдары 
ашылуда. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 
мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру үрдісіне 
енуіне қажетті жағдайларды реттейтін белгілі бір 
нормативті-құқықтық база жасалған, оған сәйкес мектепте 
және мектепке дейінгі ұйымдарда қалыпты және дамуында 
ауытқушылықтары бар балалардың бірігіп оқуын жүзеге 
асыратын жағдайлар жасалуда («кедергісіз орта», 
материалдық-техникалық жабдықтау, коррекциялық және 
реабилитациялық шаралар және т.с.с.).
Мүмкіндігі шектелген оқушыларға инклюзивті білім беру 
мәселелеріне Қазақстан Республикасында Х.С.Ералиева, 
Д.Д. Ешпанова, Д.С.Жакупова, А.К. Жалмухамедова, З.А. 
Мовкебаева, И.А.Оралканова және т.б. жұмыстары 
арналған. Инклюзивті білім беру мәселесінің өзектілігі


21
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың санының 
артуымен байланысты. Қазақстанда 16 мыңға жуық 
мүмкіндігі шектеулі балалар дамуы қалыпты құрдастарының 
ортасына интеграцияланған.
2011-
2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында 
білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының 
міндеттерінің бірі: инклюзивті білім берудің жүйесін дамыту, 
төмендегілерді дайындауды қажет етеді:

ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды 
интеграциялық оқытудың модульдік бағдарламаларын; 

мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін 
ортада интеграциялық оқыту ережелерін, ерекше 
қажеттіліктері 
бар 
балалар 
үшін 
интеграция 
формаларын анықтау;

мүгедек балаларды қашықтан оқытуды ұйымдастыру 
ережелері.
Аталған категориядағы тұлғаларды инклюзивті оқытумен 
қамтамасыз ету мәселелері ҚР Заңының №319-ІІІ 
27.07.2007 «Білім туралы» Заңда (29.12.2014ж.өзгерістер 
мен толықтырулар), сонымен қатар басқа да нормативтік-
құқықтық актілер. 
Психолого-педагогикалық және нормативті-құқықтық 
әдебиеттерде инклюзивті білім беру мәселесі бойынша 
түрлі терминдер жиі қолданылады. «Интеграция» және 
«инклюзивті білім беру» бұл екі термин жиі бірінің орнына 
бірі қолданылады, себебі көптеген мектеп мұғалімдері 
оларды синоним деп санайды. Әйтсе де, бұл терминдердің 
арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Интеграция 
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды 
қалыптасып қалған мектеп өмірі мен мектеп құрылымына 
енгізу 
болып 
табылады. 
Бұл 
интеграциялық 
бағдарламалардың мақсаты – «балалардың дамуын 
қалыпқа келтіру», немесе оларға оқытудың қалыптасқан 
моделіне енуге көмек көрсету. Инклюзивті білім беру 
интеграциядан айырмашылығы басынан бастап барлық 
балаларды жалпы білім беретін жүйенің бөлігі ретінде 
қарастырады. Инклюзивті білім беру мақсаттарының бірі кез 
келген мектеп болашақта ерекше қажеттіліктері бар 
балаларды қабылдауға дайын болуы болып табылады. 


22
Инклюзивті тұрғының интегративті тұрғыдан басты 
айырмашылығы жалпы білім беретін мектептерде 
инклюзивті білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балалар 
балаларға және олардың ата-аналарына деген қатынас 
өзгереді. 
Білім 
беру 
идеологиясы 
оқу 
үрдісін 
гуманизациялау жағына өзгереді және оқытудың тәрбиелік 
бағыттылығы күшейеді. 
Инклюзивті білім беру – бұл барлық балаларға барлық 
бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік беретін саясат және 
үрдіс. Тұрғылардағы айырмашылық біздің қоғамды 
өзгертуіміз, оның адамдардың жеке қажеттіліктерін ескеріп, 
оларға икемделуінде болып отыр. Ерекше қажеттіліктері 
бар балаларға жалпы білім беретін кеңістікке қарапайым 
денелік тұрғыда енгізу инклюзивті білім беру болып 
табылмайды. Ғалымдардың ойынша, педагогтардың оқу 
үдерісін ерекше білім беру қажеттіліктері бар әр баланың 
жеке қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастыруға 
қабілетсіздігі алалардың білім беруге толыққанды ену 
мүмкіндігін тарылтады. Оның салдары – олардың оқуға 
мотивациясы азаяды, оқу нәтижелері төмендейді, өмірлік 
перспективаларды шектейді. Республикада қазіргі білім 
беру жүйесін жетілдіру білім беру мекемелерінің 
педагогтарын даярлау және қайта даярлауды көздейді. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен өзара 
әрекет ететін педагогтар штатын жинақтауда мұғалімдердің 
бұл саладағы жұмыс тәжірибесін, кәсібилік деңгейін, 
коммуникативтік дағдыларын, стресске тұрақтылығы, өзін-
өзі жетілдіруге ұмтылысын және бұл жұмыста маңызды 
болып табылатын басқа да тұлғалық сипаттамаларына 
ерекше назар аудару қажет.
Бірақ ең бастысы – бұл аталған категориядағы 
балалармен толеранттылыққа, эмпатияға, педагогикалық 
оптимизмге негізделген жұмыс жасауға деген ұмтылыс. 
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру 
Концепциясы білім беру ұйымдарының түрлері мен 
мүмкіндіктеріне қарай интеграцияның түрлі модельдері мен 
формаларын қолдануды қарастырады. Бұл ерекше білім 
беру қажеттіліктері бар түрлі категориядағы балаларды 
біріктіріп оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 


23
Интеграцияланған оқытудың бірнеше формалары мен 
түрлері ажыратылады. Толық интеграция қандай да бір 
ауытқушылықтары бар баланы дамуы қалыпты жағдайдағы 
балалармен тең дәрежеде оқыту. Толық интеграция 
психоденелік және сөйлеу даму деңгейі жастық нормаға 
сәйкес келетін немесе соған жақын келетін балалар үшін 
және дені сау құрдастарымен бірігіп оқуға психологиялық 
тұрғыда дайын балалар үшін тиімді болып табылады. 
Тұрақты, бірақ толық емес интеграция мектепке дейінгі 
балалар үшін де, ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
оқушылар үшін де пайдалы. Бұл психикалық даму деңгейі 
өзінің жас нормасынын төмен деңгейдегі, жүйелі 
коррекциялық көмекті көмекті қажет ететін, алайда 
жалпылай алғанда пәндерді дамуы қалыпты құрдастарымен 
тең дәрежеде меңгеруге қабілетті, сыныптан тыс 
жұмыстарға қатыса алатын мектеп жасындағы балалар 
үшін тиімді болып келеді.
Жартылай 
интеграция 
қажетті 
іскерлік 
пен 
дағдылардың аз ғана бөлігін қалыпты дамудағы 
құрдастарымен меңгеруге қабілетті, сыныптан тыс ақыттың 
бір бөлігін ғана бірге өткізе алатын балаларға арналған. 
Жартылай интеграцияның мәні ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар балалардың нтерактивті кеңістігін 
кеңейту, дамуы қалыпты құрдастарымен өзара әрекет 
мүмкіндігі.
Интеграцияның 
модельдерін 
талдау 
дамуында 
ауытқушылықтары бар балаларды интеграциялық оқытудың 
келесі формаларын бөлуге мүмкіндік береді:
1) 
Аралас, мұнда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
оқушы дені сау балалар сыныбында оқи алады, 
сонымен қоса дефектолог, логопед, педагог-психолог 
тарапынан жүйелі көмек ала алады.
2) 
Жекелей, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушы 
дені сау құрдастарымен тең дәрежеде білім беру 
бағдарламасын меңгеруге қабілетсіз болады. Бұл 
жағдайда күннің бір бөлігін арнайы сыныптарда, екінші 
бөлігін – қалыпты сыныптарды өткізеді.
3) 
Уақытша, мұнда арнайы сыныптарда білім алатын 
оқушылар және қалыпты сынып оқушылары айына екі 


24
реттен кем емес біріккен серуендерде, мерекелерде, 
тәрбиелік мәні бар жеке шараларда бас қосады.
4) 
Толық, ерекше білім беру қажеттіліктері бар 1-2 бала 
балабақша тобына немесе сыныпқа енеді. Бұл тек 
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың 
психоденелік және сөйлеу даму деңгейі жас нормасына 
сәйкес келсе және қалыпты даму деңгейіндегі 
құрдастарымен бірігіп оқуға психологиялық дайын 
болған жағдайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет