С ы н - п і к і р Баян Сабырғалиқызы біздің мектептің тәрбие және білім жетілдіруге үлкен мән беріп келеді.Мектебіміздің мұғалімдерінің және оқушыларының жетістіктеріне ел куә болып, қуанышқа бөленуде.Баян Сабырғалиқызы оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап үлкен өмірге даярлауға,қабілеті мен бойындағы икемділігіне сәйкес мамандыққа баулуға,ең бастысы адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстарын өрістетуді ұйымдастыруға назар аударуда.
Баян Сабырғалиқызы бізге информатика пәнінен сабақ береді.Бізге мұғалімнің сабақты түсінікті,әрі бала ұғымына ұғынықты етіп өткізетіні ұнайды.Сабақты әр түрлі ойындар,машықтық, зертханалық әдіс-тәсілдер,көрнекіліктер арқылы өткізеді.Мұғалімнің үй тапсырмасын тексеру барысы да қызықты өтеді.Ол кісінің жаңа тақырыптың түсініксіз жерлерін,басқа оңай жолдар,амалдар арқылы бала ойына түсінікті етіп жеткізуі бізге ұнайды.Информатика сабағы өте қызықты өтеді,онда жұмыстану оқушылардың барлығына да ұнағандықтан біз келесі сабақты тағатсыздана күтеміз.Баян Сабырғалиқызы біздермен сабақтан тыс уақыттарда қажымай жұмыстануының арқасында информатика пәнін меңгеру деңгейіміз жақсарып келеді.Сонымен бірге ол біздердің шығармашылық ізденіс жұмыстарымен айналысуымызға ерекше көңіл бөлуде.Баян Сабырғалиқызы өткізген <<Информатика әлемінде>> білімділік сайысы өте жақсы түрде өткізіліп оқушылардың информатикаға қызығушылығын арттырды.
Баян Сабырғалиқызы-мінезі ақжарқын,ісіне адал,ойындағысын бүкпесіз тіке айтатын турашыл мұғалім.Ол педагогикалық іс-тәжірибесінің арқасында педагогикалық ұжым,шәкірттері және ата-аналар арасында құрметке бөленіп жүр.Біз мұғалімімізге шығармашылық табыс,зор денсаулық,отбасына амандық,әрдайым оқушылары жетістіктерге жетіп,биік шыңдардан көріне берсін деген тілек тілейміз.
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін
Мектебінің 11ә сынып оқушылары: Орынбай Сүлтанбай.
Отарова Гүлназ.
Подстепный қазақ жалпы
орта білім беретін мектебінің
9ә сынып жетекшісі
Б.С.Айтқалиеваның
жұмысы туралы