Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова ISSN 1608-2206 Серия филологическая, № 4, 2019
350
Авторлық
өзекті
тұжырымдар
мен
мәселеге
жаңаша
көзқарас
Қанипа
Омарғалиқызының қазақ әдебиетін тереңдете оқытудың, әлем әдебиетімен байланыстыра
оқытудың жаңа бағдарламаларын жасауына ықпал етті. Бұл бағдарламалар қазіргі
көкейкестілігімен ғана емес, болашақ үшін маңыздылығымен ерекшеленеді, ғылыми
жағынан да, практикалық жағынан да уақыт пен білім беру жйесінің сұранысына сай
жазылған.
1990-1991 жылдары «Қазақ әдебиетін әлемдік әдебиетімен байланыстырып оқыту»
тақырыбындағы авторлық бағдарламасын жазып, Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрлігінің ұсынысымен Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының
эксперттік сараптамасынан өткізеді.
Бұл жөнінде ұстаз «Қазақстан мектебі» журналының 1987, 1995 жылғы сандарында
өзінің «Қазақ әдебиетінің бағдарламалары туралы», «Абай шығармашылығын оқыту
бағдарламасы» атты мақалаларын жариялайды. Әрқайсысы 200 бетке дейінгі барлық
сыныптарға арналған қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың авторлық бағдарламаларын
дайындап, бекітеді [9, 21]. 1991 жылы Жамбыл атындағы мектеп-интернатта ашылған
авторлық сыныптар ұстаздың осы авторлық бағдарламалары бойынша жұмыс істей
бастайды. Осы жайттар жайлы ұстаз өз былай деп жазады: «Әдебиетті тереңдетіп оқыту»
атты бағдарламамды, оқу құралдарымды көрсеттім. Атаулы мектебім жасаған оқу
бағдарламасын алдарына тастадым, түсінік бердім. Әдебиетті өнердің бір түрі ретінде оқыту,
оны әлемдік мәдениеттің құрамдас бір бөлігі ретінде таныту, құзырлылық тұрғысында
оқыту, т.б сынды қазіргі талаптың менде бұрыннан бар екеніне көздерін жеткіздім. Онда тек
бүгін айтылып жүрген кейбір терминдердің ғана жоқ екенін тілге тиек еттім. Бағдарламадағы
әр ақын-жазушы шығармашылығына ұсынылатын шығармашылық тапсырмаларды, ғылыми
еңбектерді, оқушылардың білім, білік, іскерлік дағдыларына қойылатын талаптарды да
даралап жазғанымды көрсеттім. Орыс ғалымдары өтірік айтуға болмайды, шындыққа
жүгінді, түсінді, мен ғалыммын деп кеуде соқпады, шұрқырасып, пікірлесіп қалдық «бізде де
бірдеңе бар» дегендей жонымды күдірейттім. Расында да, Блум таксономиясы, берілетін
білімді оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге дейін көтеру мәселелері, оқушының
сыни көзқарастарын дамыту сынды қазір күн тәртібінде тұрған талаптар маған таңсық емес
болып шықты» [5, 3].
Ұлы ұстаздың әдебиетті тереңдетіп оқыту, әлем әдебиетімен байланыстырып оқыту
мәселелерімен шұғылдану жолын көрсететін тағы да бір деректер – әр жылдарда жарық
көрген ғылыми-әдістемелік мақалалары. 1990-1999 жылдар аралығында Қ.О.Бітібаева өзі
бірнеше жылдар бойы редакция алқасының құрамында қызмет еткен, республика ұстаздары
асыға күтіп, жаппай қолданатын «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналында өзінің қазақ
әдебиетін тереңдетіп оқытуға байланысты эксперименттік мақалалары – ұстаздың өз
заманынан озық туған даралығын көрсететін ерекше еңбектері [10, 37]. Аталған
мақалаларында Қ.Бітібаева өзінің авторлық бағдарламасына енгізілген А. Байтұрсынов, Ш.
Құдайбердиев, М. Дулатов, М. Жұмабаев, А. Құнанбаев, Б. Майлин, С. Мұқанов, С.
Сейфуллин, І. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, Ж. Аймауытов, С.Торайғыров т.б. ақын-
жазушылардың шығармашылығын тереңдете оқытудың жолдарын ұсынады. Бұл
мақалалардың басты ерекшелігі сонда, ұстаз құрғақ сөзбен теориялық материалдарды беріп
қана қоймайды, оларды күнделікті тәжірибеде тиімділігі дәлелденген эксперименттік түрде
нақты мысалдармен береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытуға арналған
оқулықтар мен оқу құралдарын саралай келе, Қанипа Бітібаеваның Абайды, М.Әуезовті,
қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту мәселесімен 1993 жылдардан бастап соңғы
жылдарға дейін тікелей шұғылданғанын көреміз.
Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы ISSN 1608-2206 Филология сериясы. № 4, 2019
351
Ұстаз әдебиетті тереңдетіп оқытудың көкейкесті мәселелері ретінде мыналарға көңіл
бөлген жөн деп атап көрсетеді:
1. Оқылатын авторлар санына әрі олардың қадау-қадау шығармаларына кең жол
ашу, көркем сөз иесінің әлемін тұтастай қарастыру.
2. Тереңдетіп оқытудың келесі бір белгісі - көркем туындыны әдебиеттану ғылымы
түрғысынан терең талдау [7, 165]. Терең талдауда мына мәселелерге ерекше көңіл бөлген
жөн: көркем туынды негізінде жатқан ой, авторлық көзкарасты, яғни көркем туынды
негізінде жаткан идеялық проблематиканы, сөз айшықтарын, тқжырымдап айтқанда,
«сырты күміс, іші алтын» түр мен мазмұн бірлігін жанды бірлікте талдау, көркем сөз
иесінің стилі, әдісіне барлау жасау.
Қазақ әдебиетінің теориясын, тарихын оқытумен қатар тереңдетіп оқытудың ең
маңызды бір саласы – сын-зерттеулерді оқыту екендігін айта келіп, әдебиетті
оқытудағы сын-зерттеулерді де оқу үдерісіне енгізеді. Сол арқылы оқушыларын әдеби
деректерді дайын күйінде қабылдаушы ғана емес, өз сезімінің сүзгісінен өткізіп, өз
көзқарасы тұрғысынан талдап, бағалаушы, сыни пікір, жаңа өнім тудырушы, зерттеуші
деңгейіне дейін көтеруге үлкен ықпал жасайды.
Дарынды балалардың дара ерекшеліктерін дамытуға түрткі жасауды алдына мақсат
етіп қойған республикалық ғылыми зертханада басты тұлғалардың жұмысы өзара субъекті-
субъектілік қарым-қатынасқа құрылып, оқу мен тәрбие тілдік тұлға қалыптастыруға
бағытталады, жаңа технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушының зерттеушілік
құзыреттілігін қалыптастыру жүзеге асады.
Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның әдістемесі мен технологиясы бүгінде еліміздің
түкпір-түкпіріндегі мектептерде оқу үдерісіне енгізілуде, ЖОО-дарында болашақ әдебиетші
мамандар оқып, үйренуде. Енедеше, өміршеңдігі мен тиімділігі тәжірибеде дәлелденген осы
мол мұраны саралап, талдау, лайықты бағасын беру – болашақтың міндеті болмақ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
Бітібаеваның
Қ.О.
ғылыми-әдістемелік
еңбектерінің
ұстаз
тұлғасын
қалыптастырудағы маңызы // «Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілі мен
әдебиетін оқытудың көкейтесті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практ. конф.
материалдары. І - т. – Семей, 2006.
2 Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитательного процесса. Ю.К. Бабанский
М.: «Просвещение,» 1982. – 177 стр.
3 Идеи оптимизации и задачи учителей по их претворению //Методический материал
помощь лектору на казахском языке. г. Усть – Каменогорск, 1986. – 225 бет.
4 Бітібаева Қ. - Алматы: Мектеп 2003. - 336 бет. Битибаева К.О. Идеи оптимизации и
задачи учителей по их претворению. Методический материал помощь лектору на казахском
языке. / К.О. Битибаева - г. Усть - Каменогорск, 1986. - 225 стр.
5 Бітібаева Қ.О. Егіз өрім: педагогикалық эсселер. 2 - басылым. / Қ.О. Бітібаева -
Алматы: «Жазушы» баспасы, 2014. - 408 бет.
6 Ұстазға тағзым (Әйгілі ұстаз Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева жайлы естеліктер).
Құрастырған: А.Картаева, Ш.Құрманбаева. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ
Берел баспасы, 2015. – 158 бет.
7 Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы: Екінші басылымы. /
Бітібаева Қ. - Алматы: Мектеп 2003. – 336 бет.
8 Инновациялық білім беру технологиялары. Оқу құралы. - Өскемен: MediASoft, 2014.
9 6-12-сынып. Әдебиетті тереңдетіп оқыту бағдарламасы (12 жылдық білім беру). /
(Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту (ауыз әдебиетінен қазіргі кезең әдебиетіне дейін).
Алматы 1996. – 278 бет.