Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет96/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 



 

Компьютерге негізделген коммуникацияның табиғаты 

Алдымен,  терминнің  сипаты  мен оның  қазақ  тіліндегі  баламасына  қатысты  бірер  сөз. 

Бұл  жұмыс  осы  саладағы  алғашқы  қазақ  тілді  зерттеулердің  бірі  болғандықтан,  қазақша 

атауын  беруге  талпыныс  жасадық.  Біз  ағылшын  тіліндегі  computer-mediated  communication

қысқартып  айтқанда  СМС,  орыс  тілінде  компьютерно-опосредованная  коммуникация 

терминінің  қазақша  атауын  компьютерге  негізделген  коммуникация  деп  алдық.  Бұл 

терминнің  мәнісі  -  компьютер  арқылы  жүзеге  асатын  қарым-қатынас.  Зерттеуіміздің 

кіріспесінде  компьютерге  негізделген  коммуникация  терминінің  осы  бағыттағы  еңбектерде 

жиі  жұмсалатынын  айтқан  болатынбыз.  Алайда  мұны  барлық  зерттеушілер  қабылдаған 

бірізді  термин  деп  айтуға  келмейді.  Осы  сөзбен  қатар  басқа  да  бірнеше  атаулар  жарыса 

қолданылып жүр. Интернет лингвистикасы, электронды коммуникация, электронды дискурс, 



Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

102 



 

электронды  тіл,  Netspeak,  ағылшын  тілді  зерттеулерде  Netlish,  Weblish  атаулары  да 

қолданыста  бар.  Кейбір  зерттеушілердің  компьютерге  негізделген  коммуникация  терминін 

қолданудан  бас  тартуының  басты  бір  себебін  технологияның  дамуы  нәтижесінде 

компьютермен  қатарласа,  тіпті  одан  алға  түсіп,  түрлі  электронды  құралдардың  қолданысқа 

енуімен  түсіндіруге  болады.  Бұрын  тек  компьютер  алдында  отырып  атқара  алатын 

электронды  қызметтерді  енді  мобильді  технологиялық  құралдар  арқылы  жүзеге  асыру 

мүмкін  болды.  Сол  себептен  кейбір  зерттеушілер  компьютер  сөзінен  қашып, оның орнына 



электронды  құралдарға  негізделген  коммуникация  (electronically  mediated  communication) 

немесе  сандық  байланысқа  негізделген  коммуникация  (digitally  mediated  communication) 

атауларын  қолданады.  Д.  Кристал  компьютерге  негізделген  коммуникация  терминін 

қолданбауының  себебін  бұл  терминнің  мағынасы  лингвистикалық  көзқарас  тұрғысынан 

«тым  кең»  [1,  9]  және  сөздің  мәнісі  «ортаның  өзіне»  көңіл  аударатындығымен  түсіндіреді. 

Сол себептен ол Netspeak атауын жұмсағанды дұрыс санайды [2]. Себебі Netspeak, ғалымның 

ойынша, атау ретінде «қысқа және біршама функционалды, сөздің құрамындағы «speak» сөзі 

әрі жазуды, әрі сөйлеуді қамтиды, сондай-ақ кез-келген «speak» суффиксінде «тыңдау» мен 

«оқуды»  қоса  алғанда  рецептивті  элемент  бар»  [2,  17-18].  Шынында  да,  компьютерге 

негізделген  коммуникация  терминінің  өзінде  қарым-қатынасты мүмкін  ететін  «орта»  ұғымы 

басты  мәнге  ие,  ал  Netspeak  терминінің  мәнінде  «ортаның  түрі»  (Net)  және  сол  ортадағы 

«тіл»  (speak)  деген  ұғымдық  түсінік  бар.  Сонда,  Netspeak  -  интернет  арқылы  қарым-

қатынаста 

адамдар 

қолданатын 

ерекше 

тіл, 


қысқартулар 

мен 


қолданыстар 

(https://www.macmillandictionary.com). Chatspeak, textspeak сөздерінің пайда болуы да осыған 

ұқсас,  түрлі  электронды  құралдар  арқылы  коммуникацияда  қолданылатын  тілдің 

ерекшеліктерін көрсететін атаулар. Кейінгі еңбегінде Д. Кристал электронды ортадағы тілдің 

барлық  қолданыстарын  ғылыми  зерттеу  үшін  ең  қолайлы  атау  деп  интернет 

лингвистикасын санайды [1]. 

Компьютерге  негізделген  коммуникация  дегеніміз  компьютерлер  желілері  арқылы 

қарым-қатынас  жасау,  ақпарат  алмасу  ортасы.  Компьютерлер  арқылы  өте  көп  көлемдегі 

ақпарат алмасу компьютерге негізделген қарым-қатынас (computer mediated communication - 

СМС)  деп  атала  бастады.  Қарым-қатынастың  бұл  түрін  зерттеу  батыста  ХХ  ғасырдың  90 

жылдарынан 

басталды. 

Лингвистикалық 

зерттеулерде 

компьютерге 

негізделген 

коммуникацияны жаңа орта, құрал деп тану бар. Қарым-қатынастың бұл түрі алғаш енгенде 

оны «технологиялық және әлеуметтік төңкерістер ғана емес, лингвистикалық төңкеріс» деп 

те  қараған  [2;  3].  Компьютерге  негізделген  коммуникацияны  оның  ішкі  түрлерінің 

ерекшеліктеріне  қарай  анықтау  да  бар.  Мәселен,  J.  December  өз  зерттеуінде  оның 

хабарламаларды асихронды және синхронды туындату және жеткізу түрі екеніне баса назар 

аудартады: «... it is (CMC- автор) the asynchronous and synchronous creation and transmission of 

messages  using  digital  techniques  [4,  3].  Мұның  мәнісі  компьютер  арқылы  жүзеге  асатын 

адамдар  арасындағы  қарым-қатынасқа  уақытқа  тәуелділік/тәуелсіздік  белгісі  тән: 

коммуникация бір уақытта (синхронды) іске аса алады немесе әртүрлі уақытта (асихронды) 

жүзеге  асуы  мүмкін.  Компьютер  арқылы  жүзеге  асатын  қарым-қатынастың  кейбір 

түрлерінде, айталық, жылдам хабарламаларда, тілдесу бір уақытта синхронды жүрсе, енді бір 

түрлерінде, мысалы электронды хаттарда, түрлі уақытта іске асады.  

Компьютерлер  арқылы  қарым-қатынас  жасаудың  қызмет  ауқымы  интернеттің 

қолданысқа  енуімен  кеңейіп,  белсенділігі  арта  түсті.  Интернет  компьютерге  негізделген 

коммуникацияны  жандандырушы  күш  болып  табылады.  Д.  Кристал  ХХ  ғасырда,  әсіресе 

1990  жылдары,  әлемдік  лингвистика  экологиясын  түбегейлі  өзгерткен  үлкен  факторлардың 

қатарында  интернет  технологиясының  енуін  үшінші  фактор  ретінде  көрсеткен.  Ғалым:  «... 

интернет  технологиясы  ауызша  және  жазбаша  тілді  лингвистикалық  тұрғыдан 

коммуникацияның жаңа ортасымен толықтырды және біздің лингвистикалық тәжірибемізге 

басқа  өлшемдегі  түрлілік  қосты»,  -  деп  атап  өтеді    [3,  1].  Компьютерге  негізделген  қарым-

қатынастың мәні мен мазмұнының түрлене түсуінде интернеттің үлесі зор. Сол себептен де 



Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

103 



 

зерттеулерде  компьютерге  негізделген  коммуникацияны  интернет  лингвистикасы, 



интернет  тілі  деп  те  қарастырады.  Интернет  лингвистикасы  -  тілдің  интернеттегі 

қолданысын қарастыратын зерттеу бағыты. Д. Кристал интернет  лингвистикасын интернет-

әрекеттің  барлық  саласында  тілді  синхрондық  талдау  деп  анықтаған.  Интернеттің 

салаларына  ғалым  электронды  пошта,  чат-бөлмелер  мен  ойын  әрекетінің  сан  түрлері, 

жылдам хабарламалар және әлемдік желі парақшалары, сондай-ақ компьютерге негізделген 

коммуникацияның SMS жазба хабарлама (текстинг) сияқты түрлерін жатқызады [5]. Ғалым 

интернеттің  тілін  «ерекше  феномен»  деп  таниды.  Тілдің  интернеттегі  ерекшеліктерін 

танытатын  Netspeak  терминін  жұмсап,  оны  Д.Кристал  былайша  түсіндіреді:  «...  a  type  of 

language  displaying  features  that  are  unique  to  the  Internet,  and  encountered  in  all  the  above 

situations, arising out of its character as a medium which is electronic, global, and interactive» [2, 

18].  Яғни  қарым-қатынастың  бұрыннан  қалыптасқан  ауызша  және  жазбаша  түрлеріне 

компьютер сияқты электронды құралдар арқылы іске асатын қатынастың жаңа түрі қосылды. 

Бұл  коммуникация  түрінің  басқа  қарым-қатынас  түрлерімен  салыстырғанда  өзіндік  тілдік 

ерекшеліктері бар. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет