Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет183/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

Жан едің ғой жанының талғамы бар, 

   

 

Қара мұртқа қалайша байлағансың [8, 91].  

Қаламгердің «Сүйген ерін» өлеңінде: 

   

 

Сүйгісі келе берер сүйген ерін, 



   

 

Сүйкімді, сүйікті бір түрге енемін [8,78]. 

  Ақынның бұл сөздерді синекдохалық мағынада ауының себебі бар. Өйткені  жай адам 

немесе  жігіт дей салса, сондай әсерлі болмас та еді. Ал қара мұрт дегенде менсінбеушілік, 

жақтырмаушылық астарында сарказм жатыр. 

  Ақынның  өзіндік  қолтаңбасын  танытатын  авторлық,  синекдохалық  қолданыстар  да 

ішінара кездесіп қалып отырады. «Тағдырмен бетпе-бет» өлеңінде: 



Жас жігіт – жазғы бидайдың,  

   

 

Сіп-сирек мұрты көкпеңбек. 

   

 

Сыйлайды самал еппен кеп [8,128].  

«Дәрігеріме» атты өлеңінде: 




Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

220 



 

   


 

Кетсем егер, пленканың үзілген бір әнімен, 

   

 

Қалсам егер, қара жердің жалғыз түйір дәнімін [8,128]. 

  Жазғы  бидайды  жас  жігітке  балай  отырып,  оның  сабақтары  демей,  мұрты  деп, 

бүтіндей  алмай, оның  бір  ғана  бөлшегін  көрсетеді.  Тамаша  кейіптеу  арқылы  синекдохалық 

қолданысты дәл береді. «Қара жердің жалғыз түйір дәнімін» – адаммын деп айқайламай ақын 

өзін туған жердің бір түйір дәнімен мегзеп көрсетеді. Бұнда да бүтіннің орнына бөлшектене 

береді. 


  Лирикасындағы  синекдохалардың  көбі  жалпы  әдеби  тілімізде  бар,  жалпыға  түсінікті 

мағыналардың  берілуі  арқылы  келтіріледі.  Бірақ  қарапайым  түсінікті  сөздер  ақын 

лирикасында  жарқырап  көрінген,  яғни  сөздің  мәтін  ішінде  түзілуі,  астарлы  мағынасы 

поэзияда  соны  бейнелер  жасаудағы  қызметі  ерекше  көрінеді.  Суреткердің  қай-қайсысы 

болмасын  синекдоханы  жұмсағанда  ықшымдылыққа,  нақтылыққа,  дәлдікке  жүгінеді. 

Мұқағали  Мақатаев  осыны  ескерген  ақын.  Былай  қарағанда  синекдоха  (мегзеу)  жай  бір, 

онша  бейнелі  қолданым  сияқты  емес,  ал  бірақ  лирикада  ол  өлеңге  ерекше  стильдік  бояу 

береді.  Сондықтан  да,  ақын  өзінің  лирикасында  бұрыннан  барларын  өзгертіп,  өң  беріп, 

түрлендіріп  жұмсауда  синекдохалық  қолданыстың  кеңдігін,  жан-жақтылығын,  бейнелілігін, 

әсерлілігін, сезім дүниесіне қажеттігін танытты. 

Метафора – тіл табиғаты, сөз мағынасы – күрделі құбылыс. Тілде сөз метафоралармен 

түрленіп  өңделеді,  ажарланып,  бейнелі  құралға  айналып  отырады.  Бұл  ұғымды  жалпы 

филологияда  түрлі  сөздіктерде  метафораға  берілген  анықтамалар,  теориялық  пікірлер 

дәлелдей түседі. Мәселен, «Тіл білімі сөздігінде»: «метафора  – (грек metaphora – ауыстыру) 

троптың  бір  түрі,  ұқсастық,  сәйкестік  және  т.б.  негізінде  сөздер  мен  сөз  оралымдарының 

ауыспалы  мағынада  қолданылуы»  [9,  220]  десе,  «Әдебиеттану  терминдер  сөздігінде» 

мынадай  түсініктеме  беріледі:  «Метафора,  ауыстыру  (грек  сөзі  –  ауыстырып  қою)  екі 

нәрсені,  құбылысты  салыстыру  және  жанастырып  –  жақындату  негізінде  астарлы  тың 

мағына беретін сөз немесе сөз тіркесі» [10, 227]. 

Метафора  – прозада ғана  емес, поэзияда да әсерлілік пен бейнелілікке негізделген өте 

көркем  тәсіл.  Сөздер  метафораланғанда  негізгі  ой  өзге  бір  баламасымен  жұптасып,  мазмұн 

қуатын құбылта жеткізеді [10, 228]. Сөз зергерлерінің тіліндегі көріктеу құралдарының бірі – 

метафораның  қолданылу  аясы  өте  кең.  Көп  жағдайда  суреткердің  индивидуалдық  стилін 

танытатын  бейнелі  сөз  қолданысы.  Сондықтан  да  метафораның  көріну  объектісі  көркем 

шығарма,  ақынның  өзіндік  қолтаңбасының  көрінуі  болып  табылады.  Енді  Мұқағали 

Мақатаев қолданған метафораларға көңіл аударар болсақ, оның мәтіндегі көріну мүмкіндігі 

өте  кең.  Метафора  ақын  тілінде  идеялық-эстетикалық,  бейнелілік  және  стильдік,  көркемдік 

жағынан келгенде үстеме мағыналар арқылы ой айқындығын, мазмұн тереңдігін қамтамасыз 

ету  мақсатына  бағындырып  қолданған.  Осыдан  ақын  лирикасындағы  сөздің  шексіздігі 

танылып,  сөз  құдіреті  өмір  құбылыстарының  бәрін  де  бейнелеп,  суреттеп,  астарлап  айтып 

бере алатындығы айқындалады. «Тағдыр дейтін баяғы жалаң аяқ мыстаның», «Ұры - өмірді 

уақыт  –  жел  күзетіп»,  «Әжім  деген  әйгілі  тамшы  уақыт»,  «Ұялап,  барады  өтіп  бұлақ  – 

бала»,  «Санасын  мазалайды  күшік  –  арман»,  «Айналайын  құлын  –  жыр»,  «Қалғыдың 

қалпыңша  қарт  –  өмір»,  «Қыз  –  тіршілік,  міне,  тағы  мойныңа  асылды»,  «Қайғы  дейтін 

қаншықты  қан  жаптырам»,  «Ұзатылған  көктем  –  қыз»,  «Дариға  –  жүрек  шөлдеді», 

«Торғай – өлең шырылдап бара жатыр», «Адамзат мұң-зары – көк теңіз», «Өмір – ауыр – 

азап  күн»,  «Еменде  жапырақ  –  жүректер»,  «Дүние  –  қоңыз,  енші  бер»,  «Қыз  –  қайыңдар 

үсітіпті өкшесін», «Өмір өзі – бір құйын», «Көңілім – жердің шары ғой», «Қайығым – менің 

уайымым»,  «Өмір  деген  –  бір  жарқ  еткен  найзағай,  өмір  деген  –  көк  аспанның  күркірі», 

«Армысың,  сен  арамызда  жалғыз  перзент  –  Тыныштық»,  «Алып  жер  –  адамның  бесігі, 

«Ақиқаттың  алмасы  суынған  ба»  тәрізді  балама  жолдардағы  мағыналық  та,  логикалық  та, 

түр-тұлғалық та ұқсастықтар ақын тілінде метафораның бай қазынасы барлығын дәлелдейді. 

Жоғарыда  келтірілген  өлең  жолдары  ақынның  өмір  көріністерін,  сан  қилы 

құбылыстарды табиғаттың тылсым күштерімен қатар ала отырып, нәрлі де әрлі  сөз өрудегі 




Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

221 



 

шеберлігін  танытады.  Ақын  метафораларды  дәл  тауып  жұмсап,  өлеңнің  экспрессиясын 

күшейтеді.  Мұндағы  метафора  –  бейнелер  заттық  ұғымда  жұмсалған  ақынның  өз 

қолтаңбасы,  нақтылап  айтсақ,  контексте  ғана  мағынасы  ашылатын,  терең  ойлы  окказионал 

(бірқолданар)  метафоралар.  Қаламгердің  лирикалық  шығармаларының  біразы  осындай 

метафоралардан  тұрады.  Ақын  мағына  жағынан  үйлеспейтін  сөздерді  де  үйлестіріп,  тосын 

бейнелер жасайды. Жазушының «Сенім туралы жыр» өлеңінде: 

  Сенемін, сенемін деп дамылдасың, 



   

  Сенімнің ақ көрпесін жамылғансың... [11, 193]. 

«Мен бүгін көп қиналдым» атты өлеңінде: 



Елегізіп, еске түсіп қай-қайдағы, 

   

Көңілдің іріп кетті бал-қаймағы [12, 145]. 

«Шалқы, менің шұғылам» өлеңінде: 



Желпіп жібер шаттықтың шәйісімен, 

   

Бүкіл мына ғаламның мұңын бер де [12, 13]. 

Жоғарыда  келтірілген  метафоралар  ақынның  өзі  жасаған  тосын  сөйлемшелер  екені 

тайға  таңба  басқандай  айқын  көрініп  тұр.  Суреткер  ақын  әр  ойды,  әр  сөзді  бейнемен 

мүсіндейді.  «Өзгені  де,  өзіңді  де  қайталамау  –  поэзияның  бір  заңы»  –  дейді  Қадыр 

Мырзалиев.  Ал,  бұған  Мұқағали  Мақатаев  лирикасы  лайықты  дәлел.  Бұл  метафораларда 

әрбір сөзді ақын түйсінумен сабақтастырып, күрделі дүниелер жасайды. 

Жоғарыда  берілген  өлеңнің  «Көңілдің  іріп  кетті  бал-қаймағы»  деген  ұлғайған 

метафораның  әсері,  бояуы  өте  күшті.  Мүлдем  ақылға  келмейтін  логикалық  сәйкессіздікті 

ақын  ғажап  берген.  Әдетте  сүт  іруі  мүмкін,  ал  көңіл  іруі  мүмкін  бе?  Және  көңілдің  бал-

қаймағы болушы ма еді? Міне, байқасақ, тың қолданыстарды жасаудағы ұтқырлығы осында 

жатыр.  Былай  қарағанда  бұл  метафоралы  сөйлемде  түсінбейтін  ештеме  жоқ  сияқты 

көрінгенімен, оның астарында бейнелі ой жатыр. Көңілім қалды, көңілім жабырқады, көңілім 

күйзелді,  көңілім  алаң  болды  деген  фразаларды  қолданса,  ақын  ойының  оқырманына 

ассоциация туғызуы сондай әсерлі болмаған еді. «Желпіп жібер шаттықтың шәйісімен» - бұл 

да  жаңа  мағыналы,  бейнелі  метафоралы  тіркес.  Алғашқы  метафора  –  тарығу,  зерігу, 

қиналуды білдірсе, бұл қолданыс керісінше қуанышты, көңілдің тазалығын білдіріп тұр. 

Демек,  метафораны  тек  бейне  жасайтын  құрал  ретінде  ғана  емес,  көркем  поэзияның 

діңгегі іспетті құрал деп және сөзді құбылтудың тәсілі ретінде қарастырдық. 

«Оңай емес орнату ойдан мүсін» деп ақын өзі айтқандай, сөзден сурет салу қиынның – 

қиыны.  Мұқағали  Мақатаев  таланты оның шебер  суретшілігін  танытты.  Поэтикалық тілдің 

әсемдігі кең қарымда жұмсалған метафора бейнелерде жатыр. Ақын бейнені тереңдетіп ашу 

үшін бір ғана сөздің құдіретін пайдаланады. Қаламгерде осындай бейнелі сөздер өміршең.  

 

ҚОРЫТЫНДЫ 



 

Осыдан  келіп  шығатын  қорытынды  –  бейнелі  метафоралы  сөз  поэзиясының  көріктеу 

құралы ғана емес, адамзаттың сезімін сәулелендіретін саналы сөз. 

Мұқағали  Мақатаев  лирикалық  шығармаларында  метафора  қандай  көп  болса, 

метонимия  да  өте  кең  түрде  ұшырасады.  Тілде  бұрыннан  бар  метонимияны  поэзия  тілінде 

ойнатып,  құбылтып  берумен  қатар  ақын  өзіндік  метонимиялар  да  жасайды.  Авторлық 

метонимиялар өлең мәтінінде ақын ойының ұшқырлығына, нақтылығына қызмет етеді. Осы 

жерде айтып кететін бір мәселе көркем әдебиетке тән поэтикалық метонимия окказионалдық 

(бір  қолданар),  ал  лингвистикалық  метонимия  узуалдық  (қалыпты)  құбылыс  болып  келеді. 

Сонымен, «метонимияның өзін екіге бөледі екенбіз: бірі – көркем әдебиетке тән поэтикалық 

метонимия, екіншісі – тілдің лексикасында ежелден өмір сүріп келе жатқан лингвистикалық 

метонимия» [10,17]. 

Мұқағали Мақатаев өлеңдерінде тілімізде әбден орнығып қалыптасқан лингвистикалық 

метонимия өте көп ұшырасып отырады. 

                        Қақым жоқ жаман болуға, 



Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

222 



 

   

Мені жақсыдан қалған көз дейді [11,180].  

«Әке» өлеңінде: 

   

Бір арыстан өмірден өткенімен,  

   

өмір сүріп келеді тірі арыстан [11,173]. 

 

   



Сумұрындарын шақырған, 

   

Әжелер даусы естілер [11,186]. 

Бұл  сөйлемдегі  метонимиялар  –  жаман,  жақсыдан  қалған  көз,  арыстан  өзіндік 

мағынасы  бар,  лексикалық-грамматикалық  мәні  контексте,  сөйлем  ішінде  анықталатын 

алмастырулар.  Көпшілігі  адам  орнына  алмастырылып  жұмсалған.  Адамның  алуан  түрлі  іс-

әрекетін,  оның  кім  екендігін  көрсететін,  дәлдігімен  ерекшеленіп  тұрған  метонимиялар. 

Өмірдегі  сан  алуан  құбылыстар  метонимияның  пайда  болуына  себеп  болады.  Алғашқы 

шумақта  адамның  орнына  оның  қасиеті  алынса,  екінші  жолда  аң  патшасы  арыстан 

ештеңеден  қорықпайтын,  тайсалмайтын  болса,  сол  батырлық  адамның  басында  да  бар 

дегенді суреттейді. Сумұрындар – балалар орнына жұмсалады. 

Жоғарыда  айтқанымыздай,  лингвистикалық  метонимияның  табиғаты  жалпыға 

түсінікті.  Ал  ақынды  басқадан  өзгешелеп  тұратын,  оның  сөз  қолдануындағы  поэтикалық 

метонимияның салмағы мүлдем күшті көрініп тұрады. Поэтикалық метонимия өмірде нақты 

болатын және бола бермейтін құбылыстардың атауын бейнелі, астарлы мәні бар сөздермен 

алмастырады. 

М.Мақатаев  жырларының  ерекшелігі  –  оның шынайы  құдіретінде.  Ақынның  тілі  бай, 

жұмсақ,  ғажайып,  нәзік.  М.Мақатаев  не  жазса  да  көркем  сәнді  жазды.  Ақын  жыры  – оның 

жан  сыры,  ішкі  дүниесі.  Ақын  сол  сырын  қағаз  бетіне  өлең  жолдарымен  түсірді,  яғни  сол 

өлең  жолдары  арқылы  окырмандарына  ішкі  жан  сырын  шертті.  Ақын  ағамыздың  өзі  өмір 

сүрген  ортаға,  қоғамға  көңілі  толмағанымен,  келешектен  үмітін  үзбейтінін  мұңды  сарынға 

кұрылған өлеңдерінен аңғаруға болады. 

Сананы сары уайым сарылтқанмен, 

Тынысты тұйық тұман тарылтқанмен, 

Үзбеймін күдерімді жарықтан мен, 

Үзбеймін күдерімді халықтан мен! 

Ақынның  өлеңдерін  оқыған  сайын  терең  ойға  батасың,  бүгінгі  бұралаңы  көп  мына 

өмірдегі адам тағдырының көп қатпарлы көріністері көз алдыңа елестейді. 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ 



1  Бегманова  Б.  М.Мақатаев  жырларының  танымдық,  тағылымдық  маңызы.  «Қазақ  тілі  мен 

әдебиеті» журналы, №5. 2004. – 95 б. 

2 Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. 

3 Кәкішев Т. Санадағы жаралар. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 264 б. 

4 Елеукенов Ш. Жаңа жолдан. – Алматы: Жазушы, 1989. – 227 б. 

5 Қазақ әдебиетінің тарихы: Кеңес дәуірі. (1956-1990) – Алматы: 2001. – 623 б. 

6 Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002. 256 б. 

7 Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Санат, 1976. −  526 б. 

8 Мақатаев М. Соғады жүрек. Екінші том. Алматы: Жазушы, 1982. − 329 б. 

9 Сүлейменова Э, Мадиева Г. Тіл білімі сөздігі. Алматы: Ғылым, 1998. − 541 б. 

10 Әдебиеттану терминдер сөздігі. Алматы: Ана тілі, 1998. − 382 б. 

11 Мақатаев М. Үш томдық шығармалар жинағы. Т.1. – Алматы: Жазушы, 1993. − 298 б. 

12 Мақатаев М. Шуағым менің. Жыр жинағы. – Алматы: Жазушы, 1975. 

13 Мақатаев М. Өмір – дастан. Жыр жинағы. – Алматы: Ана тілі, 1976. 

 

Ж.Т. Кадыров



1

, А.К. Шапауов

2

, М.М. Қонқаев







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет