Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин халық педагогикасын зерттеуі


Ы.Алтынсариннің тәлімгерлік мұралары



бет2/2
Дата11.10.2023
өлшемі31,2 Kb.
#113508
1   2
Байланысты:
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық педагогикасын зерттеуі

Ы.Алтынсариннің тәлімгерлік мұралары.
Қазақ халқының Әл Фарабиден кейінгі ұлы педагогы қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы ұстаз, ақын жазушы Ыбырай Алтынсарин 1850-1857 жылдары Орынбор шекаралық комиссиясында оқып, ол оқуды үздік бітірді де, қазақ даласындағы ағарту жұмысын қолға алуға бел байлады.
Жаңашыл педагог батыс, шығыс әдебиеті мен мәдениетін жан-жақты зерттеп, оны қазақ халқы үшін пайдаланды. 1860 жылы ол қазақ балалары үшін мектеп ашуга (Торғайда) рұқсат алды. Ол: “ Мен қазақ жастарының классикалық гимназияларында ауыл шаруашылық академияларында оқып, білім алуын өз халқына қызмет етуін, жаңалықты іс жүзіаңалықты іс жүзіін жоғары мұрат деп білемін” деп. жазды.
Ұлы педагог мұғалім болу үшін әрбір ұстаз ұстаздық қасиеттерін қалыптастыра білу керек екендігін өнеге етуді. “Мұғалім баланы тәрбиелеуші, оның қамқоршысы, егер бала бір нәрсені білей галса, ол баланың кінәсі емес, оған кінәлі балаға түсіндіре алмаған ұстаздың өзі. Ұстаз балаға сыбырмен, салмақты қысқа сөйлеу керек, ол әрбір пәнді балаға түсіндіргенде ықыласымен қарапайым тімен, бос сөзін нақты түсіндіруге тиіс”- дейді.
Ы.Алтынсарин қазақ әліппесін ұлттық ерекшеліктерге сәйкес құрып, қалыптастыруды арман етті. Ұстаз- ақын, жазушы бала оқыту мен тәрбиелеуде ауыз әдебиетін жалғастырытын балалар әдебиетінің негізін қалады.
“Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы”деген еңбегінде тәжірибелі ұстаз тіл үйренудің нақтылай әдістемесін түзді.
Ы.Алтынсарин өзінің біраз еңбектерін қазақ халқының салт-дәстүрлеррінің ерекшеліктерін зерттеп, этнографиялық очерктер жазуға арнады. Ол 1870 жылы Ресей георграфия қоғамының “Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлу және оған ас беру дәстүрлерінің очеркі” мен “ Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очерктері” атты екі еңбегін жазып тапсырды. Бұл еңбектер орыс зиялы қауымына қазақ қоғамының әр алуан тұрмыс-салт ерекшеліктері туралы түсінік берген тұңғыш жазба еңбектері еді.
Сондай-ақ бұл еңбектерінде ас беру де ат жарысы, палуан күресі, көкпар т.б. ойындар болатыны, ас беру рәсімі 63 жастан (пайғамбар жасынан) асып өлген атақты, бай адамдар құрметіне жасалатыны, ал, ас тартар кезде, үй иесінің жылына арналған тұл ат сойылып, қаралы белгілер алынып, ауыл бұрынғы қалпына келтірілетіні, өлген адамның ұстаған заттары(ертұрман, сауыт-сайманы, сәнді-киімдері) құда –құдағилар мен құрбы-құрдастарына таратылып берілетіні, бұл өлген адамның жақсы қасиеттері көпшілік жұртқа тарасын деген ырымнан шыққаны баяндалады. Сондай-ақ, қызды өте шастай күйеуге беру немесе он жасар ұлды, әменгерлік заңымен, күйеуі өлген ағайынның өзінен екі-үш есе үлкен балалы әйеліне де үйлендіре беретін әдеттерін сынайды. Өлген адамның жас інісі болмаса күйеуінің алпыс-жетпістегі шал ағайынына тиюге тиіс болғанын, “жесір ерден кетсе де, елден кетпейді” деген әмеңгерлік заңға бағынып келгенін әшкерелейді. Ал жас жесір әйел бас бостандығы үшін күресуге талпыныс жасап, өз сүйген жігітімен қашып кетсе, оның аяғы дау-жанжал төбелес, шабысқа, тіпті кісі өліміне дейін баратын болған. Сондай – ақ әйелі өлген шалдар немесе бала көру үшін тоқал алатын байлар жас қыздың өмірін ойыншыққа айналдырып, қызды еріксіз қалың малға сатып ала беретінін айыптайды.
Ыбырайдың қазақ халқының сал –дәстүрлерін зерттеудегі мақсаты дәстүрдің озығы мен тозығын ғылыми түрде талап өзінің көзқарасын білдіре отырып, мән- мағынасын ашу, озық дәстүрді тәрбиенің құралы ету еді.
Халқы үшін жар құлағы жастыққа тимей, оқу азарту жолында аянбай еңбек еткен Ы. Алтынсариннің ғылыми және әдеби мұраларының бүгінгі жастарға берер ғибраты мол, асыл мұра екені даусыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет