жекеше көпше I — мен, -біз, -міз, II — сен, -сің. III жақта ол есімдігі,тг/рг/р көмекші етістігі қолданылғаң, Алайда III жақты білдірудің мұндай тәсілі тұрақты, айнымайтын құбылыс емес кейде ол есімдігі де, көмекші етістік те айтылмайды. Қосымша орнына жіктеу есімдіктердің қолданылуы V—VIII ғасыр ескерткіштерінде, сол сияқты XI—XVI ғасыр ескерткіштерінде де ұшырасып отырады: «Тәпсірде»— Тақы Хақиқатда мен қорқұтған-мен і оғул, сен айдың, біз ешітдіміз. МҚ-да: Мен ет тоғрағаймен т. б.
Жақ қосымшалардың қазіргі қазақ тіліндегідей қысаң дауыстылармен айтылуы тілдің «жаңа» дәуіріне қатысты екені айқын. Жақ қосымшаларын қабылдау ерекшеліктері тұрғысынан айрықша атап айтар жай, -п көсемшелеріне және -ады тұлғалы ауыспалы осы шақ тұлғаларына байланысты. Жалпы түркі тілдерінің тарихы көсемше тұлғаларына тікелей жіктік жалғауларыныңжалғануын білмейді. -п көсемшесінің өткен шақ мәнінде жұмсалуы көне түркі тілінде мына сипатта болып отырады: йана бір қул ал-қалы мені білен кенелішіп турур (юр.). ...ана Мариямдан тэн алып кіші болуп турур (КК). Сөйтіп -п көмекшісі жақ бойынша тікелей жіктелмеген. Жіктік жалғау -п көсемшесіне тіркес айтылған «байланыстырушы» тұр етістігінің есімше (турур) тұлғасына жалғанған. Кейін тұр етістігі фонетикалық езгерістердің нәтижесінде нольдік тұлғаға айналған:
XIII—XIV ғғ. қатысты жазбалар тілінде-ақ бұл тұлғаның -« + мен (сол сияқты: -п + сен, -п + ты (ды) түрі ұшыраса бастайды: У.і, не кім сен коруб-сен (Тефсир). -ады тұлғасы да осындай өзгерістің нәтижесі. Абулғазы ханның «Шежіре-й-түркі, «Шежіре-и-терекме» шығармалары тілінде мына сияқты қолданыстар кездеседі: Соруб турурлар: кім болур сен уа щайдын келер турур сен. Дінмухамед хан улуғ ләшкер бірлен келе турур- Тез оғыз елінің ічінде уруш болуб қызыл қан қара суб — тек ақа турур. Осы фактілер негізінде -ады тұлғасының қалыптасуын мына тәрізді жолмен жүрді деп ойлау керек: 1. -а + турур> -Ч + тур>-а + ды; 2. -а + турур + мен//сен>-а + тур/ур/мен//сен>-а + + мен//сен>-а+мын// + сың; I—II жақтарда тек есімше түлғасы емес, бүтін сөз (турур) түсіп қалған. Ал III жақта есімше түлғасымен қоса түбірдің соңғы дыбысы да түсіп қалып, қосымша ықпал заңдылығына ұшыраған (-а + ты, -а>ды). Жақтық және сандық жалғауларының екінші түрі жіктеу есімдіктердің толық түрі емес, солардың кысқарған, өзгерген сыпатын танытады. Мұндай қосымшалар -ды тұлғалы өткен шақ етістіктері мен шартты рай тұлғаларына жалғанады:
жекеше көпше
I -м, -қ, -к, мыз, -міз, -муз, -мұз, II -ң, -ңыз, -ңіз, III -(-лар, -лер). V—VIII ғасыр ескерткіштері тілінде II жақ (жекеше де, көпше де) -ғ аффиксі арқылы да берілген: Ыдуқ Отүкен йыш будун бар-дығ (ҚТ). Махмуд Қашқари бұл қосымшаны арғу тілінің ерекшелігі дейді: «Сөйлеуші бірлікте болса -м-мен -тапындым, тыңдаушы бірлікте болса -ң -тапындың, езге жақ бірлікте болса -ы -тапынды. Сондықтан: тапундуғ-табындың. Сен аны қачурдуғ — сен оны қашырдың». Бұл қосымша қазіргі башқұрт, татар, құмық тілдерінде ұшырасады. Бұл жерде ескеретін ерекшелік: -са тұлғасьгның жақ қосымшаларын қабылдауда -ды тұлғасымен бірдей болуы, -ды тұлғасы, осыдан бұрын айтылғандай, о баста қимыл есім, сондықтан оның жақ қосымшаларын қабылдауы тәуелді жалғаулы есімдерге үқсас. Ал -са осы күйінде таза етістік екені мәлім. Олай болса, оның есімдерше түрленуін қалай түсіндіруге болады? Мәселе мыынада: көне түркі тілінде шартты рай тұлғасы -сар, қосымшаның соңғы элементі -р есімше жасаған тұлға, жақ қосымшалары әуелі сол есімше түлғасына жалғанған, кейін -р -түсіп, қалған дәуірде ол бұрынғы ізбен — таза етістік негізге жалғанатын болып қалыптасады: -сар + мен>-са/р/+ мын>-са + мын. Сонымен, бұл да есімше негізді тұлғадан дамыған. Көп замандар бойы көпше I жақтың қосымшалары -қ және -мыз жарыса қолданылғаны байқалады. I жақ көпше мәнінде (өткен шақ етістіктерінде) екі қосымшаның біреуінің ғана түрақталуы кейінгі жайт.
Қазіргі түркі тілдерінің кепшілігі жедел өткен шақтың көпше I жағында -қ аффиксін ғана қолданса, алтай, хақас тілдерінде -мыс, -быс аффикстері қолданылады. Қосымшалардың үшінші түрі бұйрық, қалау рай тұлғаларына жалғанады:
Жекеше Көпше
I -ай, -ей, -айын, -ейін, -алың, -елің, -алым, -елім, II -ғыл, -гіл, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, III -сун, -сүн, -сун(лар), -сүн(лер). Сонымен, қазіргі тіліміздегі шақ тұлғаларының қайсысы да тарихи тұрғыдан көбіне есімшелер негізінде қалыптасқан. Етістіктердің жақтық жалғауларына байланысты айта кететін тарихи ерекшелік мынадай: V—VIII ғасыр жазбалары тілінде шартты рай тұлғасы қазіргідей тәуелдік жалғаулары бойынша өзгермеген. XI ғасырдағы оғыз, қыпшақ, сувар тайпалары тілінде -дуқ тұлғасы есімшелердің ешбір жақ қосымшасынсыз үш жақта да сол күйінде қолданылғандығын М.Қашқари ескертеді. Ал қа зіргі дәуірде сары ұйғыр тілінде жақ жалғаулары қолданылмайды.
Оның үстіне, түркі тілдерінде III жақта (бұйрық райдан басқа) жақтық қосымша жоқ және еш уақытта болмаған. Сонымен, түркологияда айтылып жүрген жақтық қосымшалар түркі тілдерінде о баста болған категория емес, кейін тілдің даму барысында пайда болған категория дейтін пікірдің дәлелденуіне едәуір фактілер барлығы айқындалады.