Шақ деп отырғанымыз етістіктік ең негізгі категорияларының бірі болып табылады. Шақ дегеніміз етістіктің қашан, қай мезгілде орын алғандығы жайынан сыр беретін етістіктің ең негізгі бөлшегі деуге болады



Дата19.05.2022
өлшемі14,22 Kb.
#35014
Байланысты:
етістік шақ категория




Шақ – деп отырғанымыз етістіктік ең негізгі категорияларының бірі болып табылады. Шақ дегеніміз етістіктің қашан, қай мезгілде орын алғандығы жайынан сыр беретін етістіктің ең негізгі бөлшегі деуге болады. Қазақ тілінде шақ категориялары: өткен шақ, келер шақ, осы шақ деп үшке жіктелетіндігін бәріміз де білеміз. Ал олардың өзара ішінара күрделене беретіндігі де қызықты құбылыс. Жалпы түркі тілдерінде шақ категориясы тақырыбында бір-бірінен едәуір айырмашылықьардың барын байқау қиын емес. Ал етістіктіктердің бірде болымды етістік бірде болымсыз етістік болуы жалпы түркі тілдерінде еш проблема туғызбайды деуге болады. Болымдылық мән негізгі етістіктер арқылы берілетін болса, болымсыз етістік ма,ме,па,пе,ба,бе секілді қосымшалардың етістікке тікелей жалғануы арқылы жасалады. Сонымен қоса, “жоқ, емес” сөздерінің арқасында да болымсыз етістіктің жасалатынын айтқан жөн. Осы шақ аты атап тұрғандай істің дәл қазір болғандығы жайынан сыр береді. Мағынасына қарай осы шақ: нақ осы шақ және де ауыспалы осы шақ болып екі санатқа жіктеледі. Нақ осы шақта орын алған іс-әрекет сөйлеушінің сөзімен қатар орындалып жатқандығын көрсетеді. Мәселен, ойнап жүр, жылап тұр, күліп тұр тағысын тағы… Ал ауыспалы осы шақ іс қимылдың үнемі бір тұрақтылықпен жасалынып отырғанын көрсетеді. Ауыспалы өткен шақ дегеніміз етістік түбіріне көсемшенің а,е,й жұрнақтарының жалғануы арқылы іске асады. Етістік тақырыбы қызметі жағынан да, құрылысы жағынан да түркі тілдерінің ішіндегі өте күрделі құбылыс болып табылады. Жалпы етістік деп отырғанымыз сол қимылды, қимылдың болған сипатын, мезгілін, уақытын білдіретіні ақиқат. Етістіктердің күрделі екендігін, өзгермелі де қиын процестерден құралғанын оның лексика һәм семантикалық қызметіндегі рөлінен-ақ байқау қиын емес. Бәрімізге анық етістіктің түбір тұлғасы әрдайым етістіктің яғни іс-қимылдың негізгі семантикасы бола отыра, жалпы грамматикалық мағынаны да үстей алады. Қазіргі таңдағы түркология зерттеушілері мен тіл білімінің ғалымдары етістіктің байырғы түр-тұрпаты сонау ықылым көне замандармен астаса, ұштаса жататындығын алға тартады. Жалпы етістік тақырыбы грамм-қ топ болып қатарға тізімге қосылуы түркі ғасырында басталып, түркі тілдерінің дербес жеке-жеке тілдерге бөлінуінен соң жалғасын табады. Мәселен, мысалыға қазіргі таңдағы түркі тілдерінде кездесетін етістіктер һәм есімдіктерге жалғанатын жақ қосымшаларын келтіруге болады. Мәселен, айтамын, айтасың, ұлысың, ұлымын тағысын тағы… Бәрімізге белгілі тілдегі морф-қ құрылым мен құрылысы жағынан етістіктер туынды, күрделі, түбір етістік болып үш топқа жіктеледі. Егер де түбір етіст. бөлшектенбейтін морфемаға дейін жетсе, онда түбір етістікке туынды етістіктің жалғануы арқылы мағына жағынан өзгеріске түсе алатындығы анық. Келер шақ – сөйлеп тұрған сөйлеушінің айтқаны кейін, болашақта орындалуы жайында болады. Келер шақ қазақ тілінде үш түрде кездеседі: болжалды келер, мақсатты келер, ауыспалы келер шақ болып. Болжалды келер шақ аты айтып тұрғандай етістік түбіріне ар,ер,р жұрнақтары және де с жұрнағының жалғануы арқылы іске асады. Мақсатты келер шақ: болатын іс-әрекеттің мақсатты түрде орындалатындығы жайында айтылады. Жұрнақтары: мақ,мек,бақ,бек етістік түбіріне тікелей жаоғанады. Ауыспалы келер шақ болса, кейде осы шақтың, кейде келер шақтың қызметінде жұмсала отырып, ауыспалы келер шақтың қызметінде болады. Өткен шақ дегеніміз – істің сөйлеуші айтып отырғаг мезеттен бұрындары жасалып, іске асқан іс-әрекеттің бейнесі болып табылады. Мағынасы жағынан өткен шақ: жедел, бұрынғы, ауыспалы өткен шақ болып жіктеледі. Өткен шақ дегеніміз – істің сөйлеуші айтып отырғаг мезеттен бұрындары жасалып, іске асқан іс-әрекеттің бейнесі болып табылады. Мағынасы жағынан өткен шақ: жедел, бұрынғы, ауыспалы өткен шақ болып жіктеледі. Бұрынғы өткен шақ: ған, ген, қан,кен жұрнақтары арқылы жасалады. Болымсыздық мәні ма,ме,ба,бе,па,пе жұрнақтарына ған,ген жұрнақтарының жалғануы арқылы жүзеге асып отырады. Ауыспалы өткен шақ кейде осы шақтың, кейде өткен шақтың формасы арқылы жасалады. Мәселен, айтпайтын, оқымайтын, қоңыраулататын тағысын тағы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет