Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет344/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   636
Өндірістік жоспар
Шошқаларда физиологиялық жетілу 8-9-айлық жасында болады, ал егер ұрғашыларының жүктілік ұзақтылығы 112-
116 күн болатын ескерсек, онда олар 12-13 айда бірінші төлді бере алады. Табиғи шағылыстыру немесе жасанды ұрықтан-
дыру үшін салмағы 100 кг және одан жоғары арнайы өсірілген және кем дегенде 12 жақсы дамыған емшегі бар 8-9-айлық 
шошқа ұрғашысын таңдайды.
Шошқа ұрғашысын жүктілікке дайындау барысында оның рационын концентраттар мен көк сүтпен байытады, мін-
детті түрде шырынды және жасыл жемдер (қыста – бұршақты шөптер пішенін) береді. Ас үй қалдықтарын да қолданады. 
Орташа есептен мұндай шошқа тәулігіне 500-600 г қосу керек, бірақ одан аспауы тиіс. Егер салмағы 110-120 кг жас шошқа 
ұрғашысына күніне 1,5 кг концентрат қоспасын, 4,5 кг шырынды жем (тамыр жемістер немесе бақша дақылдары), 1,5 кг 
ұсақталған бұршақты шөп беретін болса, онда мұндай өсімді қамтамасыз ету оңай. Концентраттар бөлігін тағам және 
сүт өнімдерінің қалдықтарымен, балық немесе ет сүйек ұнымен алмастыруға болады. Жазда 6-8 сағат бойы күнделікті 
жайылу қажет – таңертең және кешке – концентраттармен байытылған 4-5 кг ұсақталған жасыл (тек жаңа шабылған) шөп 
қосу керек.
Шағылыстыру алдында шошқа ұрғашысына 2-2,5 кг дейін концентрат қосады, рационына 2-3 сүт қалдықтарын енгі-
зеді. Бұдан басқа, 5-6 кг шырынды жем және 2 кг жақсы бұршақты шөп береді. Жазда бұрынғысынша өрісте бағылады, 
шөп пен шырынды жемдер орнына сол байытылған жасыл шөпті (бұршақты дұрысырақ) – тәулігіне екі реттен өрістен 
кейін 5-6 кг береді. Күнде жемге 1,5 – 2 шай қасық ас тұзын және жарты қасық бор немесе үшкальций фосфатф қосылады. 
Астаушада міндетті түрде таза ішетін су болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет