Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


нарықты талдау және маркетингтік стратегия



Pdf көрінісі
бет577/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   573   574   575   576   577   578   579   580   ...   636
Байланысты:
Бизнес-жоспар үлгілері

нарықты талдау және маркетингтік стратегия. 
Бүкіл әлемде клининг – бұл ондағы адамдар санынан жетекші орындардың бірін алатын бизнес саласы. Біздің елімізде 
де нарықтың осы сегментінде бүгінгі күні кәсіби қызметкерлер көп. Еуропаның көптеген елдеріне қарағанда, отандық 


305
                                                        100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
клинигтік қызметтер нарығы қазіргі кезде қарапайым қарқынды даму сатысында ғана емес, бірақ, басқаша  айтқанда, 
қалыптасу сатысында, себебі оның көптеген бағыттары әлі қалыптасуда әрі біздің еліміз үшін жаңа болып табылады. 
Сонымен қатар,  клининг Қазақстанда экономиканың әртүрлі құрылымдарына айтарлықтай нық кірді, ал Қазақстанның 
экономикалық дамуы  клинигтік қызметтерге сұраныстың едәуір артуына әкелді. 
Құрылыс индустриясында соңғы кездері айқындалған қарқынды даму арнайы күтімді талап ететін жаңа, қазіргі за-
манғы әрлеу материалдар санының пайда болуына әкелді. Ал көлік құралдарының кенет көбеюі біздің қалаларда қор-
шаған ортаға сияқты, сондай-ақ, әсіресе құрамында полимерлік материалдар бар қазіргі жабындарға теріс әсерін тигізетін 
ерекше көп ластануға әкелді, бұл да тазалық индустриясының дамуына ықпал етеді.
Қазіргі уақытта отандық клинигтік нарық қарқынды даму кезеңде болуына қарамастан, бұ ретте одан әрі даму үшін 
оның үлкен әлеуеті бар, себебі клинигтік компаниялар, әзірше, барлық тұрғын емес жылжымайтын мүліктің болмашы 
көлеміне ғана көмек көрсетеді.
Жинастыру қызметтерінің негізгі тұтынушылары сауда орталықтары болып табылады, бірақ клинигтік қызметтердің 
танымалдығының өсуіне орай тұтынушылар тобы (мейрамханалар, әуежайлар және т.б.) едәуір кеңейді. Сондықтан кли-
нигтік компаниялар үшін негізгі жұмыс көлемін: әртүрлі қызмет саласындағы ірі және шағын бизнес кәсіпорындары, 
мемлекеттік және жеке сектор, қалалық инфрақұрылым нысандары, сауда орталықтары  ұсынады. 
Осы бизнес нарығының сегменті ұлғайтылқан жағдайда, тазалық индустриясының рентабельділігінің деңгейін көтеру 
мүмкін. 
Клинигтік  қызметтер  саласында  бәсекелестік  даңгейінің  жоғары  болуына  қарамастан,  лайықты  репутация,  имидж 
және  жоғары  сапалы  қызметтердің  кең  ассортиментін  көрсету  көптеген  компанияларға  нарықта  өз  орнын  алуға  және 
басқа ұқсас кәсіпорындармен байыпты бәсекелесуге мүмкіндік береді.
Осы нарықтың дамуына әсер ететін негізгі фактор коммерциялық жылжымайтын мүліктің әртүрлі: офистік, сауда 
және т.б. нысандарын белсенді салу болып табылады.  
Егер ұйымдарды жинастыру ауқымы мен көлемі бойынша салыстырсақ, онда нарықта ұзақмерзімді, соның ішінде 
мемлекеттік  келісімшарттар  бойынша  жұмыс  істейтін  ірі  клинигтік  компаниялардың,  әдетте,  рентабельділігі  тұрақты 
екенін атап өтуге болады. Олар өнеркәсіптік сияқты, сондай-ақ сауда кәсіпорындары мен офистердің үлкен аумақтарына 
қызмет  көрсетеді. Мамандандырылған және жиі бір реттік, бірақ жоғары төленетен жұмыстарды жүзеге асыратын шағын 
және орта бизнес кәсіпорындары таза пайданың үлкен үлесіне ие.
Өңірлерге келсек, онда коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығының дамуы клинингтік қызметтер нарығы дамуы-
ның катализаторы болды, оның сыйымдылығы коммерциялық сектордың дамуына пропорционалды, сондықтан, өңірлік 
тұрғыдан бұл қызметтер нарығы біркелкі емес. Тұтынылатын клинигтік қызметтердің негізгі көлемі, бәрінен бұрын, Аста-
на мен Алматы – бас қалаларға тиесілі. Тап осы өңірлерде клинигтік компаниялардың кәспқойлары қызмет көрсететін 
тұрғын үй емес және адам тұрмайтын нысандар шоғырланған.
Әлеуеті толық ашылмаған медициналық мекемелерге және ТКШ жүйесіне қызмет көрсетуге шығуды клинингтік қы-
зметтер нарығы дамуының келешегі бар бағыттары деп атауға болады. 
Жеке аса табысты отандық компаниялар клинингтік нарықтың байланысты сегменттерін белсенді игере бастады. Олар 
жинастырумен ғана айналысып қоймай, кәсіпқой клинерлерді даярлау үшін оқыту орталықтарын ашуда. Соңғы жылдары 
автоматиканы басқару, қабырғаларды, желдету, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау жүйелерін ұстауды және 
қызмет  көрсетуді  қамтитын  өнеркәсіптік  альпинизм  мен  ғимараттарды  инженерлік  пайдалану  сияқты  клинигтің  жаңа 
бағыттары белсенді түрде дамуда. 
Біздің елімізде клиниг өзінің даму барысында біртіндеп жоғарытехнологиялық қызметтер саласына айналып келеді, 
онда ең жаңа жабдықтар, қазіргі заманға сай еңбекті ұйымдастыру пайдаланылады, инновациялық технологиялар әзірле-
нуде және енгізілуде, бұл биологиялық және химиялық дәрі-дәрмектер жасайтын жаңа кәсіпорындар құруға және жаңа 
жұмыс орындарын ұйымдастыруға ықпал етеді.
Қазақстанда  жинастыру  жөніндегі  бизнес,  қалыптасу  сатысында  болса  да,  аса  тартымды  болып  табылады,  себебі 
жақын болашақта белсенді даму үшін оның барық алғышарттары бар: халық табысының жеткілікті жоғары деңгейі, ком-
мерциялық жылжымайтын мүліктің жылдам дамуы және мемлекеттің лайықты экономикалық дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   573   574   575   576   577   578   579   580   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет