Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.
Қазіргі таңда еліміздің түпкір-түпкірінде орналасқан шағын елді-мекендердегі мектептердің басым көпшілігі – шағын жинақты мектептер. Мұндай мектептер саны тәуелсіздік алған жылдардан кейін жыл сайын өсіп келе жатқаны белгілі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері, ауыл тұрғындарының қалаға көшуі, жастардың ауылда тұрақтамауы шағын мектептер санының көп болуына тіреп отыр. Зерттеу бойынша Қазақстан оқушыларының әрбір жетінші оқушысы шағын жинақталған мектептер жағдайында оқиды және әрбір төртінші мұғалім шағын жинақталған мектептерде сабақ береді.
ШЖБМ - тегі оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:
- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтын мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8 - 16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32 - 40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеннің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет;
- бір сабақтын үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой - өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;
- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шындалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қауіпі туады;
- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырлатын өздік жұмыстардың мазмұның, көлемін, оларды орындау әдіс - тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім денгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет;
- өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.
Шағын жинақты мектептің педагогикалық ерекшеліктерін ескерген мұғалім ғана өзінің шығармашылық жұмысын ұйымдастыра алады. Кез - келген әрекет талдаудан басталады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушыларды талдауға үйретуде тәсілдер жүйесін мақсатты түрде пайдалана білген жөн. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізі. Демек әрбір сабақ - оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол - оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыру. Сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстінде сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Сол үшін бүгін жақсы оқытуымыз керек, ал ертең бүгіннен де жақсы оқуға тиіспіз. Ал, ең бастысы оқушының психологиясына айрықша көңіл бөліп, терең зерттеу жүргізіп, оның барлық тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған жөн.
Қазіргі таңда мемлекетімізде ауыл жұртшылығының демографиялық ахуалының өзгеруіне байланысты мектептерде бала саны азайып, шағын жинақты мектептер саны, оның ішінде қосарланған сынып сандары көбеюде. Мектепте оқушы саны аздығына байланысты, қазіргі таңда бастауыш сынып оқушылары тек қосарланған сыныптарда оқытылады. Шағын жинақталған мектептердегі қосарланған сыныптарда оқушылардың білім сапасын және шығармашылық қабілеттерін арттыру әр мұғалімінің көкейтесті мәселесі болып табылып отыр.
Шағын жинақталған бастауыш мектепте дүниетану-2 сынып бойынша және жаратылыстану 3-сынып бойынша қарапайым сабағын ұсыныңыз