Шағын қойылымдарға арналған педагогикалық жағдаяттар
Мақсаты: сыпайы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, айналасындағылармен мейірімді қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу, қиял мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Балалар жағдаятты ойнайды. Содан кейін қалғандары олардың әрекеттерін бағалайды, егер олардың қателіктері болса, оларды атайды. Қойылымдарды басқа балалармен 2-3 рет қайталауға болады.
Тапсырма:
Сурет салу ұйымдастырылған оқу қызметінде қарындашың сынып қалды. Сен құрдастарыңнан қарындашты қалай сұрайсың?
Балаларға карындашты бір-бірінен қалай сұрайтынын, не айтатынын көрсету ұсынылады.
Балалар доп ойнап жатыр, олар көңілді. Арман дуалдың жанында жалғыз өзі мұңайып тұр. Сендер не істейсіңдер, Арманға не айтасыңдар?
Көше батпақ, лас. Сержан құлап, үстін кірлетіп жылады. Сендер не істейсіңдер? Оған не айтасыңдар?
Екі баладан олардың бір-біріне қалай көмектесетінін, не айтатынын көрсету ұсынылады.
Үстел басына балалар түскі ас ішуге отырды. Балаларға осы жағдаятты көрсету ұсынылады.
Біреуі түскі асты ішіп болды. Сен не істейсің ? Не айтасың?
Сенің бантигің шешіліп кетті. Әлия бантигіңді байлап берді. Сен оған не айтуың керек?
Балалар, сендер үстелдің басында тамақтанып отырсыңдар. Кенеттен Айгүлдің қасығы еденге құлап кетті. Сендер қалай әрекет етесіңдер? Оған не айтасыңдар? Айгүл сендерге не дейді?
Төрт бала үстел басында түскі ас ішіп отыр. Қуаныш Талғаттан бір үзім нан беруін сұрайды. Олар қалай әрекет етеді? Олар бір-біріне не дейді?
Екі бала ойнап отыр. Бірі байқамай досын итеріп жіберді. Олардың әрекетін айтып беріңдер?
Тәрбиеші сенен басқа топтың тәрбиешісінің көмекшісіне кітап апарып беруді сұрады. Сен қалай әрекет етесің? Тәрбиеші не айтады?
«Сыпайы сөздер дүкені»
Мақсаты: белгілі бір жағдайда сыпайы сөздерді қолдана білуді қалыптастыру.
Дүкендегі сөрелерге «сыпайы сөздер» орналастырылған: алғыс айту (рахмет, алғыс білдіремін), өтініштер (өтінемін, мархабат), сәлемдесу (сәлеметсіз бе, қайырлы күн, қайырлы таң), кешірім сұрау (кешіріңіз, ғафу етіңіз, өкінішті), жылы сөздер (құрметті ана, әке, анашым, әжетайым). Педагог жағдаяттарды сипаттайды, ал балалар сөреге кезек-кезек келіп, сатушыдан өзіне қажетті сөздерді «сатып алады» және жағдаяттарды талдай отырып, оларды қолданады. 1 Жағдаят. Анаң дүкеннен дәмді алма әкелді. Сен алмалардың дәмін
татып көргің келді, бірақ анаң түскі асқа дейін күтуің керек деді. Сен анаңнан оны қалай сұрайсың?
Жағдаят. Әжең шаршап демалып жатыр. Сен әжеңнің қызықты кітапты оқып бергенін қалайсың. Сен қалай әрекет етесің? Сен әжеңнен кітап оқып беруін қалай сұрайсың?
Жағдаят. Анаң дүкеннен сенің сүйікті бәлішіңді әкелді. Сен өз үлесіңді жеп қойдың, бірақ әлі де жегің келіп тұр.Сен не істейсің?
Жағдаят. Таңертең отбасы таңғы асқа жиналды. Сен де тұрып, жуынып, шашыңды тарап, киініп, ас үйге келдің. Сен өзіңді қалай ұстайсың? Не айтасың?
Достарыңызбен бөлісу: |