Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар



Дата25.04.2023
өлшемі14,92 Kb.
#86832
Байланысты:
срс эссе


Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар
және инжиниринг университет
Эссе
Тақырыбы: «Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім»

Орындаған: тарих 21-1 студенті Қалдыбаева В.С.
Қабылдаған: Тоқбаева Л.К.


Әр адамның өз еліне деген махаббаты бөлекқой шіркін, бір сөзбен айтқанда патриот! Біздің еліміз басқа елдерден дамудан аспаса кем түспейді. Бірақ шыны керек елімізді әлі де дамыта беру керек, себебі басқа елдермен салыстырып қарағанда, бізде көптеген нәрселер әлі іске аспаған. Бұрыңғы замандағы Қазақстан мен қазіргі Қазақтан екі бөлек иә, бұрыңғысына қарағанда дамыған, бірақ бәрібір де бірдеңе жетіспейді. Жоғарғы билікке қарап отыра берсек, қалып қоя береміз. Сол себептен әр адам өзі үшін, өзінің жері үшін, өзінен кейінгі ұрпақтары үшін үлес қосуы керек деп есептеймін. Байқасақ, қазіргі жастар өте талантты, ақылды, неге десеңіздер мына елімізде көптеген өзгерістер, ұйымдар, жаңа нәрселер көріп жатамыз және де сол заттарды қарап отырсақ жастардың өнерінен. Өз басым қолымнан келсе, елім үшін барын жасар едім, ол үшін әрине ең бастысы қолдау. Қолдау болса, барлық халық бір жұмылып біраз заттар бітіріп тастарма еді?! Қазақстанның дамуы үшін міндетті түрде бүткіл тасты қопарып тастау міндетті емес. Қолыңнан келген істің өзі бір көмек. Нақты осы, осындай өз үлесімді қосам деп айта салу қиын екен, себебі сондай жағдайда ойланып қалады екенсің. Мүмкін бұл өзімнің артық ойларымның кесірінен, бірден осылай деп айта алмай қалуым. Негізі астарлап ойланатын болсақ, біраз үлес қосуға болады. Жалпы әр адам дұрыс армандай білсе және де сол арманға мақсат қойып, әрекет жасай білсе мемлекетіміз барлық жағынан жоғары деңгейде дамитыны сөзсіз. Өз басым үлес ретінде, болашақта бизнес саласында жұмыс істеп, жеке кәсіпкер ретінде халыққа өз пайдамды тигізер едім. Қазірдің өзінде де осындай кәсіпкерлер көп, көбі оларды біле бермейді, бірақ кейбір үйлер, пайдалы орталықтар осы кәсіпкерлердің арқасында салынған заттар. Сол себепті, үлес болсын басқа нәрсе болсын дұрыстап ойланып, зерттеп, нық қадам басқан дұрыс. Осындай темппен жүрсек, еліміздің дамыған 30 елдің арасынан көреміз деген сенімдемін. Жарқын болашақ-біздің қолымызда. Еліміздің дамуына үлес қосып жатырған барша жастардың көрінісіне тамсанып отыру-бір ғанибет қой. Жұдырықтай жұмылсақ, біраз биіктерге жетеміз. Еліміздің дамып, көркейіп жарқырағаны жүрекке жылулық беретінін жасырмаймыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет