Шакиев Досбол Мұратұлы стк-502



бет1/3
Дата26.12.2023
өлшемі31,33 Kb.
#143916
  1   2   3
Байланысты:
Досбол макала11


Балалық шақтағы кариестің алдын алуда суды фторлаудың тиімділігі туралы заманауи дәлелдер

Шакиев Досбол Мұратұлы СТК-502

e-mail: dosbol.shakiev@icloud.com


Аннотация: Қарастырылған зерттеулерде баланың ауыз қуысының денсаулығы ата-анасының субъективті бағалауымен байланысты. Олар көптеген демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, мінез-құлық және клиникалық өзгерістерді анықтады. Зерттеушілер балалардың өмір бойы фторланған ауыз суының (LEFW) әсері мен тіс жегісінің таралуы мен ата-аналардың рейтингтері арасындағы байланыстарды зерттеді. Суды фторидациялаудың тиімділігін растайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдерге балама ретінде бұл зерттеу фторланған судың өмір бойы әсер етуі (%LEFW) мен балалық шақтағы тіс жегі арасындағы байланысты зерттеу үшін балалардың ауыз қуысының денсаулығын бағалауда ұлттық зерттеу деректерін пайдаланды. Ауыз суында фторидтің жеткілікті болуы балалық шақтағы тіс кариесінің таралуының төмендеуімен және ата-аналардың баланың ауыз қуысының денсаулығына оң баға беруімен байланысты.


Кілтті сөздер: фторид, ауыз суы, бала денсаулығы.


Кіріспе: Суды фторидтеу фторид әсерінің популяциялық жетіспеушілік деңгейінен, оңтайлы адекватты деңгейге ауыстыру. Суды фторидтеу балалар мен ересектердегі тіс жегісіне қарсы қоғамдық денсаулық сақтаудың тиімді жолы ретінде танылған. Ол 20 ғасырдағы денсаулық сақтау саласындағы ең тиімді және үздік жетістіктердің бірі ретінде бағаланды. Дегенмен, оның тиімділігінде күмән бар. Сондықтан денсаулық сақтау ұйымы суды фторидтеу тиімділігінің дәлелдемелерін мезгіл –мезгіл тексеріп отыруға мәжбүр болды.
Денсаулық сақтау органдарының мұндай шолулары әдебиеттерге жарияланған шолулармен немесе өздерінің жүйелі шолуларымен негізделеді. Соңғы 15 жылда суды фторидтеу тиілділігіне арналған екі жүйелі шолу анықталды: the York және the Cochrane. Австралияда балалардың ауыз қуысының денсаулығына қатысты ең соңғы зерттеу 2012-2014 жылдар аралығында жүргізілген. Бұл әрбір штат пен ауыл-аймақты және қалаларды қамтитын 5-14 жас аралығындағы балардың ауыз қуысының денсаулығын бағалайтын зерттеу болды. Бұл зерттеу балалардың тіс жегісі туралы соңғы мәліметтерді және ата-аналарынан сұралған мәліметтері бойынша фтордың бала дүниеге келгеннен бері әсерін қамтиды. Бұл зерттеудің мақсаты Австралиялық балаларға фторланған судың өмір бойына әсері мен бала жастағы тіс жегі арасындағы байланысты зерттеу болды [1].




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет