Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


«Идентификация таным процессі ретінде үш түрлі мінддеттерді шешеді



Pdf көрінісі
бет15/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

«Идентификация таным процессі ретінде үш түрлі мінддеттерді шешеді: 
объектіні тану, оларды топтастыру, нақты объектінің тепе-теңдігін
анықтау.
2
Жоғарыда қарастырылған сараптамалық міндеттерді шешу деңгейлері 
бір ерекшелікпен сипатталады – олардың таным пәнінде яғни, материалды 
дүниенің объектілерін тануға негізделген фактілі деректерде жатыр. Мұндай 
фактілі 
деректерді 
морфологиялық, 
субстанциялық 
және 
көлемді 
байланыстарын талдау арқылы зерттейді.
Осы құрамдар, яғни объектілер арасында орын алған генетикалық және 
функционалды байланыстары жағдайлық (ситуациялық) сараптамалық 
міндеттің пәнін құрайды.
Сараптамалық танымдағы жағдайлық (ситуациялық) деңгейі ретінде, 
біз тек криминалистикадағы жағдайлық сараптама туралы ой-елестерді ғана 
енгізбей, қарапайым жағдайларды талдау мазмұнын кіргізетін тар 
1
Терзиев Н. В. 
Лекции по криминалистике. М.: ВЮЗИ, 1951. С. 21.
2
Кентлер Р. А. 
О сущности идентификации вообще и юридической в особенности // Вопр. криминалистики 
и судебной экспертизы. Душанбе: НИИСЭ, 1962. С. 83–84.


15 
мағынадағы түсіндірмені де айтамыз. Олар жеке сараптаманың пәні 
болатынын ескереміз. 
Жоғарыда көзделген тәсіл жағдайлық (ситуациялық) деңгей 
міндеттерінің мақсаттарын нақтылауға мүмкіндік береді. Бір жағынан – 
арнайы ғылыми білімді қолдна отырып оқиғаны толығымен анықтау, екінші 
жағынан – оқиғаның тек белгілі үзінділерін анықтау. Аталған деңгейдің
міндеттерін екіге бөлу керек: жалпы және арнайы. Соңғысына келесілер 
жатады: 

әрекеттерді жасау тәсілдері; 

әрекетті жасау мүмкіндіктері; 

әрекетті жасаудың орны; 

әрекетті жасаудың уақыты; 

объектілердің өзара әрекеттесу механизмдері; 

объектінің өзгеру себептері мен жағдайлары, 
сол сияқты, әрекет пен салдардың себепті байланысын анықтау. 
Жағдайлық 
(ситуациялық) 
міндеттерді 
шешу 
ықпалдылық 
(интегралды) мазмұнға ие, сондықтан әр түрлі ғылым мен техника 
саласындағы аранайы білімдерді қажет етеді, сол арқылы сараптама кешенді 
мазмұнға ие болады. Жеке жағдайлық (ситуациялық) міндеттердің мақсаты 
көлемі жағынан тар, сондықтан олардың нәтижесі белгілі-бір ғана арнайы 
ғылыми саласының қолданылуымен алынады. 
Жағдайлық (ситуациялық) деңгейдің міндеттерін бағалай отырып, 
олардың тиімді түрде шешілуі диагностикалық, классификациялық, 
идентификациялық зерттеулердің нәтижелерімен белгіленеді. Сонымен 
қатар, аталған диагностикалық, классификациялық, идентификациялық 
деңгейдегі міндеттер жағдайлық сараптаманың міндеті де болып табылады. 
Бірақ, тәжірбиелік жоспарда, жағдайлық (ситуациялық) деңгейдің міндеттері 
жеке мәртебеге ие бола тұрып, басқа міндеттерді шешуді қажет етпейтін 
жағдайлар да кездеседі. Мысалы, ату фактісінің мылтықтың тартпасын 
баспай атуға бола ма? немесе мәтін қай әдісті қолдана отырып жазылған?
деген жағдайларды анықтауға қатысты т.с.с. 
Сот сараптама міндеттерінің мәні мен мазмұны туралы мәселелерді 
түйіндеп, келесі қорытындыларды жасауға болады: сот сараптамасының 
ғылыми негіздерінің жүйелік даму мақсаттары сараптамалық таным 
құрылымында 
диагностикалық, 
классификациялық, 
жағдайлық 
(ситуациялық) және идентификациялық міндеттерге бөлінуі сәйкес келеді.
Диагностикалық, 
классификациялық, 
идентификациялық 
және 
жағдайлық (ситуациялық) міндеттерінің бір-бірінен бөліну критериі олардың 
бір объектіні әр-түрлі аспектіден зерттеуінде жатыр. Аталған жағдай, әрбір 
деңгейдің зерттелу жағдайлары мен мақсаттарын нақтылауға бағытталған. 
Сот сараптамасының міндеттерін дұрыс шешу үшін сараптамалық 
зерттеу объектісінің болуында және оның сапасында жатыр. 


16 
Сараптамалық 
зерттеудің 
объектісі 
дегеніміз 
– 
іс-жүргізу 
заңнамаларымен алынатын ақпараттардың қайнар көздері. Басқаша айтқанда, 
сараптамалық міндетті шешу үшін қажет істің материалдары. 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс-жүргізу Кодексінің 248 бабына 
сәйкес, сараптаманың объектілеріне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет