Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


 тақырып. Сот-тауарлық сараптамалары



Pdf көрінісі
бет117/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

 
18 тақырып. Сот-тауарлық сараптамалары 
 
 
Сот-тауарлық сараптаманың 
зерттеу объектісі
әрқашанда сату-сатып 
алу саласына қатысты болады. Аталған сараптаманың объектілері көпжақты, 
күрделі және көп қызметті. Тауар тануда және сот-тауарлық сараптаманың 
теориясында көптеген жіктелу жүйелері орын алады. Мысалы, тауарлар 
материалды және материалды емес активтер деп бөлінеді.
Бірінші топ объектілеріне
: жылжитын мүліктер: тауарлық-
материалды құндылықтар, көлік құралдары, өндіріс құралдары т.с.с. жатады. 
Жылжымайтын мүліктерге: жер, жер қоймалары, жер телімдері, өндірістік 
және азаматтық құрылыстар, инженерлік инфрақұрылымдар, арнайы 
мақсатқа арналған құрылыстар, аяқталмаған құрылыстар т.с.с. жерге қатысты 
объектілер жатады.
 
Екінші топ объектілеріне: 
жұмыстар, қызметтер, шығармашылық 
және интеллектуалды қызметтің нәтижелері, өндірістік меншіктің 


136 
объектілері (патентер, тауар белгілері, қызмет ету белгілері); өндірістік 
меншіктің тіркелмейтін объектілер (ноу-хау, гудвилл, ғылыми есептер, 
монография, технологиялық құжаттар, макеттер, модельдер, тәжірибелі 
үлгілер, 
қолдану 
жөніндегі 
нұсқаулар); 
қалдырылған 
шығындар 
(ұйымдастырушылық шығындар, ғылыми-зерттеу жұмысына қатысты 
шығындар), құжаттар мен материалдар (фотосуреттер, бейнежазбалар) т.с.с. 
Жалпы жіктемелік сызба мен сот сараптамасының үш түрге бөлінуін 
негізге ала отырып сот-тауарлық сараптаманы келесі түрлерге бөлеміз: 

азық-түлік емес тауарларды зерттеу; 

азық-түлік тауарларын зерттеу; 

көлік-тауарлық зерттеулер; 

құрылыс-тауарлық зерттеулер; 

контрафактілі өнімдерді зерттеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет