Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет123/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

 
Материалды дайындау мен рәсімдеу: 
Контрафактілі өнімді (виртуалды ақпаратты тасушы – аудио, -бейне 
және компакт-дискілер және олардың қосалқы бөлшектері) зерттеу үшін 
ұсынылады: 
-
алдын-ала котрафактілі екендігі анықталған әр түрлі тасушылардан 
алынған рәсімделу өнімі бар аудио өнімдер (қорап футляры, қосымша 
беттері); 
-
әр түрлі анықтамалық ақпараттар: өнімді рәсімдеу стандарттары, оның 
қызметінің ҚР аумағында лицензиялануы, ҚР аумағында көшірмелерінің 
тираждануы мен таралуы;
-
нақты іс бойынша ақпараттар: аудиовизуалды шығарманың алу қайнар 
көзі, заңсыз дайындалған көшірмелерінің саны, көшірмелерінің тираждану 
мен таралу саны. 
Контрафактілі өнімді сараптамаға ұсыну кезінде келесі шарттар 
сақталуы қажет: 
-
сараптама тағайындалғанға дейін : аудиовизуалды шығарманы алдын-
ала қарамау, тек аудио және бейнекөріністерді көрсететін құралдарда "Play" 
режимінде ғана қарауға болады; 
-
алынған өнімдер арнайы пакеттерге буып-түйілуі қажет және онда 
арнайы жазбалар болу керек; 
-
қораптың футлярына, аудиовизуалды шығармаға қандай да бір 
механикалық әсер етуге тыйым салынады; 
-
аталған объектілерді қорғау үшін барлық шаралар жасалуы керек 
(электр, магниттік қайнар көздерден сақтау); 


142 
-
қосымша құжаттар сараптама тағайындалғанға дейін жүргізілген 
барлық сатылар туралы мәліметтерді енгізу қажет. 
19 тақырып. Сот-құрылыстық сараптамасы 
 
Сот-құрылыс сараптамасының 
объектісі 
күрделі және көп компонентті 
– бұл ғимараттар мен басқа да құрылыстар, құрылыс жұмыстары үшін 
тікелей 
пайдаланылатын 
құрылыс 
механизмдері, 
сонымен 
қатар 
ғимараттарды, құрылыстарды жобалау, құрылысын жүргізу, жөндеу 
жұмыстарын көрсететін істің материалдары.
Сот-құрылыс сараптамасында екі негізгі түрі бар: 
1.
құрылыс-экономиалық сараптама; 
2.
құрылыс-техникалық сараптама.
Құрылыс-экономиалық сараптаманың
 пәні 
арнайы ғылыми білімдердің 
негізінде жүргізілген жұмыстардың нақты құнын, жүргізілген есептемелердің 
дұрыстығын, есеп беру іс-құжаттарының жүргізілуін анықтау бойынша 
деректі мәліметтерді нақтылауымен байланысты, бұл жағдай тәжірибеде 
келесі жағдайлардың анықталуын қажет етеді: 

құрылыс жобасының экономикалық негіздемесі; 

жобалардағы техникалық-экономикалық қателіктер; 

құрылыс материалдары шығындарының экономикалық негіздемесі; 

коммуникациялардың құрылыс жұмыстарына арналған шығындардың
экономикалық негіздемесі; 

сметалық есептемелердегі және атқарылған жұмыстарды қабылдау-
актілеріндегі есептердің сәйкестігі; 

ұсынылған құжаттардағы мәліметтерге орындалған құрылыс-монтаж, 
жөндеу-құрылыс жұмыстарының құны мен көлеміне сәйкестігі; 

құрылыс материалдарына арналған шығындардың сметалық бағануына 
сәйкестігі; 

құрылысшылар мен тапсырыс берушілер арасындағы өзара 
есептесулерінің дұрыстығы; 

нақты орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін анықтау; 

жылжымайтын мүлік объектілерінің нақты құнын анықтау; 

жылжымайтын мүлік объектілерін қайта жабдықтаудың нақты құнын 
анықтау; 

су басу, өрт кезіндегі жөндеу жұмыстарының құнын анықтау. 
Сараптамаға келесі сұрақтар қойылуы мүмкін: 

сауалнамалық іс-құжаттар дұрыс және негізді жасалған ба, ол 
Мемлекеттік стандартқа сәйкес па ? 

сметаларды, қабылдау актілерін жасау кезіндегі бағалау дұрыс және 
негізді ма ? 

құрылыс-монтаж, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған 
келісімдік баға негізделен ба? 


143 

объектінің нақты құны қандай ? 

объектінің нарықтық құны қандай ? 

орындалған жұмыстардың құны мен көлемі қандай ? 

құрылыс материалдарының құны қандай ? 

құрылыс материалдарының шығындарын асыра қолдану бар ма ? 

жүргізілген есептемелер негізді ма ? және т.б. 
Құрылыс-техникалық 
сараптаманың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет