Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет13/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

диагностикалық, 
классификациялық, идентификациялық және жағдайлық
(ситуациялық) 
деңгейдегі міндеттерді айтамыз. Мұндай деңгейлер сараптамалық танымдық 
міндеттерді идентификациялық және идентификациялық емес деп жіктеуге 
мүмкіндік береді. 
Тәжірбиелік мағынада аталған міндеттерді деңгейлеріне сай жіктеу 
әрбір деңгейдің мақсаттары мен міндеттерінің жағдайларын нақтылауға 
қатысты және сол класстарына, түрлеріне, тектеріне тәуелсіз сараптамалық 
міндеттерді шешуге қатысты әдістерді біріздендіруге (унификация) 
алғышарттар туындатады. Яғни, әрбір деңгейдегі міндеттерді шешу үшін 
әмбебап әдістемелер құруға мүмкіндік береді. 
Деңгейлік бағыт сот сарапшының зерттелетін құбылысты тереңірек 
танып және анықталған фактіні жалпылауын ескереді. 
Диагностикалық 
зерттеудің 
процесі 
классификациялық, 
идентификациялық, жағдайлық зерттеулерден ерекшеленеді. Аталған әр бір 
зерттеу өзінің жалпылау деңгейін мақсат етеді. Олардың ерекшелігі таным 
кезіндегі мазмұнына, объектілердің және қоршаған ортаның құбылыстары 
арасындағы өзара байланыстарын зерттеулерінде жатыр. 
Жоғарда аталған жағдайлар, сараптамалық зерттеудің құрылымдық 
және иерархиялық жүйесі ретіндегі сараптамалық танымның бағалауына 
негіз бола отырып, кез-келген зерттеулердің алғышарты ретінде 
диогностикалық деңгейдегі міндеттер болады.
Диагностикалық зерттеулерсіз бірде-бір зерттеу жүргізуге болмайды, 
өйткені диагностикалық зерттеу арқылы материалды объектілердің пайда 
болу табиғаты, олардың зерттеу кезіндегі күйі анықталады. 
Сот сараптамасының диогностикалық міндеттерін анықтай отырып, 
оның 
мақсаты 
зерттелетін 
объектілерді 
криминалистика, 
сот 
сараптамасының жалпы теориясы немесе өзге де білімдер саласының 
бұрыннан бері анықталған және жүйелендірілген деректерінің негізінде 
тануда жатыр. 
Диагноз қою процесі зерттеліп отырған объектілердің белгілерін бір-
бірімен салыстыру негізінде жүзеге асады. Мысалы, объектілердің белгілерін 
салыстырмалы түрде талдау із аяқ киіммен қалдырылғандығын анықтауға 
мүмкіндік 
береді. 
Мұндай 
тұжырымды 
сарапшы 
іздер 
туралы 
криминалистикалық 
ілімнің 
білімін 
пайдалана 
отырып 
жасайды. 
Объектілердің белгілерін талдау арқылы диагностикалық міндеті объектінің 
қай классқа жатқандығын анықтай алады. Осыған қатысты диагностикалық 
міндет классификациялық міндетпен біршама ұқсайды. Классификациялық 
міндет зерттеліп отырған объектінің табиғаты мен күйін танумен 
шектелмейді, сол сияқты салыстырмалы зерттеудің нәтижесінде ол 
объектінің қай класқа, қай текке, объектілердің ерекшеліктері мен 
ұқсастықтарын анықтауға көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет