5
I. Жалпы бөлімі. Сот сараптамасының теориялық
және процессуалды мәселелері
1 тақырып. Сот сараптамасының ғылыми және
әдістемелік негіздері
Өзінің дамуының қазіргі кезеңінде сот сараптамасының ғылыми
негіздері пәнаралық жалпы теорияның қалыптасуын білдіретін –
сот
экспертологиясы
болып табылады
.
Сот сараптамасының жалпы теориясы
жеке ғылым ретінде танылуы екі түрлі қызметті атқарады: бір жағынан,
қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік процесске басқа ғылымдардан
алынған мәліметтерді тарту бойынша мақсаттарды шешуге қабілетті
біріктірілген білім ретіндегі оның теориялық жалпылау деңгейін атап
көрсетеді, ал екінші жағынан – сол процессте қолданылатын басқа
білімдерден оны шектеп отыру үшін қызмет етеді.
Сот сараптамасы – сот өндірісіндегі арнайы сараптамалық
білімдерді заңды және ғылыми негізделген түрде қолдану мақсатымен
сот сараптамасының әдіснамалық, құқықтық, ұйымдастырушылық
және
әдістемелік
негіздерін
қалыптастыру
және
дамытудың
заңдылықтарын анықтауға бағытталған білімнің саласы.
Сот сараптамасының пәні
ғылыми саланың бір бөлігі ретінде келесі
заңдылықтардың оқып танылуын қарастырады:
ғылыми білім ретіндегі сот сараптамасының қалыптасуының,
құрылуы мен дамуының әдіснамасын көрсететін заңдылықтар;
сот-сараптамалық қызметінің процессуалдық мәнін зерттеуді
және осы негізде оның құқықтық реттелуін жетілдіру бойынша
ғылыми
Достарыңызбен бөлісу: