Шал ( Тілеуке) Құлекеұлы Өмір дерегі «Шал ақын»



Дата29.11.2022
өлшемі17,47 Kb.
#53508
Байланысты:
шал ақын


Шал ( Тілеуке) Құлекеұлы
Өмір дерегі

«Шал ақын» аталып кеткен Тілеуке Құлекеұлы Ақмола облысы жерінде қазіргі Азат теміржол станциясы жанында 1748 жылы дүниеге келген. Әкесі Құлеке қазақ-қалмақ соғысының атақты батырларының бірі.ә-атақты Төле бидің қызы. Құлеке мен оның ағасы Тілекенің соғыстағы ерлігі жайлы әңгімелер ел ішінде күні бүгінге дейін айтылады.


Құлеке жайында Алматы мұрағатында нақты деректерде сақталған.Ол 1742 жылы Орта жүз атынан Ресей қол астына қарау туралы ант берушілердің бірі болған.Абылайхан атынан Ресей мемлекетіне елшілікке барғаны туралы деректер сақталған.Ресей үкіметінің ресми деректеріне қарағанда Орта жүз Атығай руының Бәйімбет, Құдайберді тайпалары Есіл бойына қоныс аударады.Бұның ішінде Құлеке батырдың да ауылы болады.Бұлар келгенде Есіл бойы естектердің қарауында екен.Естектермен жер үшін болған соғыста Құлекенің ағасы Тілеке батыр қаза табады.Ағасының кегін алған Құлеке Есілден естектерді ығыстырады.
Ауызша жеткен әңгіме бойынша Шал ақын қоян жылы 71 жасында дүниеден өткен,бұл есеппен алғанда ақын өмірін зерттеушілер 1819 жылы қайтыс болады дейді. Қариялардың айтуынша қазіргі Сергеев селосының қасындағы Аютас деген төбенің жанында Есілдің оң жағындағы үлкен бейіт ішіне жерленген, бірақ қабірі белгісіз.
Шал ақынның өзі жасының ұлғайған шағында Мәлімбай және Мәлике атты екі перзент көреді.Мәлімбай деген баласынан ұрпақ жоқ.Мәликені Қостанайлық Нұрымға ұзатады. Нұрымнан-Айтбай, Айтбайдан-Наушабай, Наушабайдан-Нұржан Наушабаев ақын туған.
Құлеке баласы Тілеукенің «Шал ақын» деп аталуына ел ішінде бірнеше түрлі әңгіме бар.Солардың ішінде зерттеушілердің ден қойғаны төменгі әңгіме.Шал өлең шығарумен балауса жас кезінен бастап айналысқан. Жасынан сөзге үйір, шешен сөйлейтін тілге ділмәр, ойлы жас болып көзге түседі.Жасынан ел арасы ақындарымен айтысқа да түсіп жүреді.Оның кішкентайынан үлкендерше сөйлеуі, төрде отырып төрелік айтқанына қарап жұрт «Шал ақын» атап кеткен.

Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің”


Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің,


Болмайды қойға пана тал дегенің
Таң ата жалаң аяқ тоқты арқалап,
Хан ата,қалай екен мал дегенің?
Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кіші,
Біреудің хақын жемес жақсы кісі.
Тақтағы хан,топтағы биді еңкейткен,
Хан ата, қалай екен малдың күші?
Өлеңнің тарихы
Зерттеушілердің айтуынша,Шал ақынның тұңғыш өлеңі- «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің».Бұл өлеңді ақын шығармашылығының басы деп жүр.Өлеңнің шығу тарихы былай екен.
Абылай ханның балаларының бірі Құлеке батырдың бәйгенің алдын бермейтін жүйрік атын сұрап алып, кейін қайтармай қояды.Бірде Құлеке атын сұрауға барғанда баласы Шалды да ертіп барады.Хан бала Шалдың көзінше: «Іші боқ, сырты түк сол мәстекті осыншама неге сұрай бересің?»-деген сөз айтады.Шал таңертең ерте тұрған ханның отарға ере алмай қалған бір қозыны қызметшіге ұрысып арқалатқанын көріп қалады.Кетерінде хан екен деп қысылмай, өлеңдетіп, малжандығын бетіне айтады.
Өлеңді естіген Құлекеге: «Мына балаң маған үлкен адамдарша сөйлейді, тумай жатып қартайған бірдеңе ғой»- депті.Сөзден ұтылған хан Құлеке батырдың бәйге атын қайтарған екен.Хан алдында айтылған бұл өлең ел ішіне тез тарап, Тілеукенің Шал аты мен ақындық атын қатар шығарған екен.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет