Шамшиденова Динара 21-08 тобының студенті



бет2/4
Дата12.02.2022
өлшемі34,14 Kb.
#25357
1   2   3   4
Жетілген бәсеке нарығы дегеніміз – нарықтағы бағаға әсер ете алмайтын және оны өзгерте алмайтын, саны өте көп және көлемі жағынан шағын фирмалар жұмыс істейтін нарықтық құрылымның бір типі.

Жетілген таза бәсеке үлгісі нарықтық құрылымның бір тұрпаты ретінде бірқатар қатаң болжамдарға сүйенеді. Атап айтсақ, оның шарттары төмендегідей болып табылады:



  1. Біртекті немесе стандартты өнім өндіретін және оны сататын сатушылардың саны және осы өнімді сатып алушылардың саны нарықта өте көп болады.

  2. Фирмалардың салаға кіруі және одан шығып кетуі еркін және ол ешқандай тосқауылдармен шектелмейді.

  3. Әрбір жеке фирманың нарықтық үлесі соншалықты мардымсыз болғандықтан олардың әрқайсысы бағаға бақылау жасай алмайды.

  4. Сатушылар да, сатып алушылар да нарықтың әрекет ету жағдайлары мен бағалар туралы ақпараттарға толық ие бола алады. Осындай нарықтық құрылымның аталған шарттарына байланысты оған жетілген бәсеке нарығы – бұл нарықтық бағаға әсер ете алмай- тын, саны өте көп және көлемі жағынан шағын фирмалар әрекет ететін нарық құрылымының бір типі деп анықтама беруге болады.



  1. Қысқа мерзімдегі бәсекелі фирмалардың пайданы мейлінше арттыру мәселесі.

Қысқа мерзімдегі бәсекелі фирмалардың ұсынысы;қысқа мерзімді деп оның ішінде фирманың белгілі бір жабдықтары, ресурстары мен міндеттемелері ӛзгеріссіз қалатын, алайда бұл фирма жұмыс күші, шикізаттар және т.б. сияқты ӛндірістің айнымалы факторларының кӛп немесе аз санын сатып ала отырып ӛнім кӛлемін ӛзгертуіне жеткілікті болатын мейлінше ұзақ кезең саналады. Сірә, бұл барлық салалар үшін бірдей белгілі бір кезең емес. Тіпті бір салалар ішінде «әр түрлі ұзақтықтағы қысқа мерзімдік кезеңдері» туралы да айтуға болады.

  1. Ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік және бәсекелі фирмалардың ұсынысы;

Жетілген бәсекелестік жағдайында ұзақ мерзімді кезеңде жұмыс істейтін фирмалар минимумы ұзақ мерзімді орташа шығындармен ондіреді және экономикалық пайда алмайды. Жетілген бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді ұсынысының қисығы ұзақ мерзімді орташа шығындар қисығының қиылысуында жатқан оның ұзақ мерзімді шекті шығындары қисығының осу кесіндісі болімінде корсетілген.

  1. Нарықтың бәсеке тиімділігі. Жетілген бәсеке нарығының артықшылықтары мен кемшіліктері.


Жетілген бәсеке нарығының артықшылықтары:

  • Өнім өндіру технологиялық жағынан аса тиімді түрде жүзеге асырылады.

  • Ресурстар оңтайлы дәрежеде бөлінеді.

  • Кәсіпорындар тұрақты, әрі шығынсыз жағдайда жұмыс істейді.

Жетілген бәсеке нарығының кемшіліктері:

  • Нарықтың бұл типіне капиталдың үлкен бөлігіне ие бола алмайтын шағын кәсіпорындар тән болғандықтан, олар өнімділігі жоғары техника мен технологияны қолдануға қабілетсіз болып табылады;

  • Ғылыми-техникалық прогресстің дамуына үлес қоса алмайды, өйткені ұзақ мерзімде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды жүргізу көп қаржыны талап етеді;

  • Қоғамдық игіліктерді өндіре алмайды.

Сәйкесінше, осы аталған артықшылықтар мен кемшіліктер тек жетілген бәсеке нарығына ғана тән болады алады, яғни осындай ерекшеліктер нарықтық құрылымдардың басқа да типтері үшін сипатты болып табылмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет