Шара ашық тәрбие сағатының тақырыбы



бет2/2
Дата05.05.2023
өлшемі19,7 Kb.
#90400
түріСабақ
1   2
Байланысты:
сценарий банк кездесу

алғашқы тұтыну тауарларына бағаның қымбаттауы;

  • несие төлеу;

  • коммуналдық төлемдердің жоғары тарифі;

  • балалар мен немерелердің болашағы;

  • табыстардың төмен деңгейі.

    Бұл мәселелер респонденттердің 30 пайызынан астамын толғандырған. Осы мәселелердің көпшілігі тұрғындардың әлеуметтік жағдайымен байланысты болғандықтан партия осы зерттеулерді жүргізе отырып өз бағдарламаларын қалыптастыратыны түсінікті.
    Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында партия келесі шаралар іске асыруды көздейді:

    • жыл сайын «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен 700 мың адам қамту;

    • туризм саласында 170 мың жұмыс орнын құру;

    • ауыл шаруашылығында 500 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылатын болады;

    • IT-саласында жаңа компаниялар ашу есебінен 100 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады;

    • қашықтан жұмыс істеу, икемді жұмыс кестесі, ішінара жұмыспен қамту және басқалары сияқты жалдаудың жаңа нысандары енгізілетін болады;

    • «Бастау бизнес» жобасы аясында 5 жыл ішінде 150 мың адам оқытылатын болады;

    • 5 жыл ішінде 130 мың жұмыссыз азамат еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларға оқытылатын болады;

    Сонымен бірге, партия жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге көшетін отбасыларды қолдауға көңіл бөлуде. Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттануды 2025 жылға қарай 10%-ға азайту жөнінде шаралар қабылдауды қолға алуда. Партиялықтар еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату, еңбек заңнамасын бұзатын адамдардың жауапкершілігін қатаңдату жөнінде заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық жасаймыз және ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен арттыру туралы мәселе қоюды көздейді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында 2022 жылдан бастап ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге өсетінін жариялаған болатын. Бұл бірақ қазақстандықтар үшін әжептәуір көмек.
    Жетекші саяси күш ретінде партиялықтар 2025 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 4,7%-дан аспайды деп жоспарлайды.
    Бұл біреулер үшін жай ғана цифрлар болуы мүмкін. Ал ол цифрлардың артында қаншама адамның тағдыры тұр. Қаншама адам негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін күресуде. Партияның кешенді бағдарламасы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға көмектеседі деп сенеміз.
    Осы мәселелерді шешуге қол жеткізу партияның да, жалпы оның өкілдері құрайтын парламент пен үкімет үшін де өзекті.
    Өңірдегі мемлекеттердегі ішкі теңсіздік деңгейі жылдан-жылға артып барады. Осы орайда АДБ-ның міндеті – дамушы мүше-мемлекеттерде кедейшілікті жоюға, теңсіздікті қысқарта отырып, тұрғындардың әртүрлі деңгейіндегі тұрмыс дәрежесінің өсуіне көмек көрсету болып табылады.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет