Шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта ӛркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған елбасы Н.Ә



Pdf көрінісі
бет1/29
Дата03.03.2017
өлшемі2,73 Mb.
#6786
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 

К Ә С І П Т І К   Б І Л І М 
 
ӘОК 371.3 
ҦЛТТЫҚ КИІМ ТІГУ АРҚЫЛЫ  СТУДЕНТТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ЖЕТІЛДІРУ 
 
Абдижаббарова С. Қ. - аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақстанда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан 
шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта ӛркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған 
елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстанның  болашағы  қоғамның  идеялық  бірлігінде» 
атты  еңбегінде  «Мәдени  дәстүрлер  қашанда  әлеуметтік  қайта  түлеудің  қайнар  кӛзі 
болып  келді.  Ӛзінің  тарихи,  мәдени  тамырларына  қайта  оралу  -  бұл,  әрине  оң  үдеріс. 
Қазақстанда  ұлттық  тілді,  ӛнерді,  мәдениетті  дамытуға  барынша  қолдау  жасалып 
отыр»,- деген сӛзі мұның айғағы /1/. 
Ұлттық  мәдениет  халықтың  ежелден  келе  жатқан  ӛзіне  тән  ӛнері,  әдет-  ғұрпы, 
салт-дәстүрі есебінде жетілетіні белгілі. Оған қоса ғасырлар санынан еленіп ұрпақтан-
ұрпаққа  ұласып  келе  жатқан  халық  мұраларындағы  озық  үлгілер  жеке  тұлғаның  жан-
жақты  дамуына  септігін  тигізеді.  Сол  себепті  бүгінгі  таңда  халықтың  дәстүрлі  ӛнер 
түрлерін  жинақтап,  зерделеудің,  оның  айналасындағы  тәлім-тәрбиесі,  мол  тәжірибесі 
негізінде студент жастарды тәрбиелеудің қажеттігі ӛсе түсуде. 
Қазақтың  ұлттық  киімдері  халқымыздың  ӛмір  тіршілігімен,  философиясымен, 
дәстүрі  және  әдет  -  ғұрпымен  тығыз  байланыста  дамыды.  Ұлттық  киімдер  үздіксіз 
жетілдіру  процессін  бастан  кешірді,  оның  пішіні,  түр-түсі,  конструкциясы  кӛп 
ғасырлық  тәжірибеден  ӛтті.  Халық  ӛзінің  эстетикалық  талаптарына,  іс  -  әрекетіне, 
тұрмысына,  географиялық  және  климаттық  ерекшелігіне  сәйкес  киім  пішінін  жасап, 
оны сақтап қалды. 
Ұлттық  киімнің  негізгі  мазмұны,  құндылығы  –  оның  демократиялығында, 
функционалдылығында,  пішін  логикасы  мен  конструкциясында,  рационалдығы  мен 
тұтастығында. 
Ұлттық киімнің барлық құрамдас бӛліктері (бас киімі, иығы, белдігі және сыртқы 
киімі,  аяқ  киімі,  безендірілуі)  бірін-бірі  толықтырып  біртұтас  ансамбль  құрайды. 
Ансамбль  дегеніміз  –  бір  мақсатқа  бағындырылған  костюм  бӛліктерінің  гармониялық 
үйлесімділгі  (тығыз  ӛзара  байланыс,  жинақтылық,  тұтастық).    Ансамбльге  кӛп 
қабаттылық, ӛзара қатаң байланыстылық жүйесі, оның барлық бӛліктерінің қолданылу 
міндеттілігі тән.  
Ұлттық  киімде  жеке  бӛліктері  мен  компоненттері  үйлесім  тапқан.  Ұлттық 
киімдегі  ритмикалық  силуэтті  сызықтардың  түр  –  түсі  табиғи  түспен  үйлесіп,  тұтас 
айқын  кӛрініс  беретін,  маңызды  рӛлді  атқарад.  Ол  пішін  кӛркемділігімен, 
сымбаттылығымен, сәнді ӛрнектерімен ӛте әсем кӛрінеді.  
Ұлттық киім ансамблінің сәнді құрылымдық және кӛркемдік – бейнелілік бірлікке 
қол жеткізуінің тәсілдері мен құралдары оларға терең талдау жасауды қажет етеді /2/.  
Оған түстер мен қарама-қарсы түстердің үйлесіміне және конструктивті сызықтар 
жасаудың  пластикасы  мен  айқын  силуэтті  сызықтардың  сәйкестігіне  негізделген 
мүсіншілік  пен  пластикалық  принциптер  жатады.  Костюмнің  түрлі  безендірілуі  мен 
қию  тәсілдері    оған  шат-шадымен,  кӛңілді  мерекелік  кӛңіл  күй  немесе  байыптылық, 
салмақтылық сипат береді.  
20 ғасырдың 20 жылдарындағы атақты модельдер және театр суретшісі Ламанова 
Н.  былай  деп  жазған:  «Қоғамдық  тұрмыс  пен  мінез  құлықтың  ең  нәзік  кӛрінісі  – 
костюм.  Бұл  бұйымның  біздің  жұмысымызбен,  ӛмірімізбен  байланысты  қызмет  ету 
қабілеті  бар,  сондықтан  ол  бізге  кедергі  жасамай,  керісінше  толық  кӛмектесу 
мүмкіндігі кӛрсету керек».  

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  

Киім  бӛліктерін  пішінге  келтіру  процесі  құрастыру  арқылы  іске  асырылады. 
Пішін күрделі болған сайын, құрылымы сызықтар да әрқилы болады. 
Шығармашылық  оқу  әрекеті  -  педагогикалық  бағыттаушы  іс-әрекет. 
Шығармашылық  оқыту  мәселесі  түсінігінің  мәнін  педагогикалық  кӛзқарас  жағынан 
В.И.Андреев  оқытушыларда  шығармашылық  ситуация  туғызу,  мақсат  қою,  оқу-
шығармашылық  әрекеттерді  белсенді  меңгеру  талаптарын  мұғалім  жасай  алатын  оқу 
материалының  мазмұнын  дайындау  формасы  ретінде  анықтайды.  Оқыту  барысында 
мәселелі  тапсырмаларды  шешуге  негізделген  шығармашылық  оқу  мәнін  ашатын 
бірнеше  белгілердің  жиынтығын  атап  кӛрсетеді.  Шығармашылық  оқу  іс-әрекетінің 
сәтті  болуы  кӛбінесе  студент  жастардың  формальды-логикалық  даму  деңгейіне 
байланысты  емес,  сонымен  қатар  эвристикалық,  интуитивті  интеллектуалдық  іс-
әрекетке  де  байланысты.  Студенттерге  ұлттық  киім  тігудегі  іс-әрекетіне  байланысы 
шығармашылығын қалыптастыруға бағытталғандығын анықтайды /3/. 
Студент жастардың шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру кәсіби білімділікті 
қажет  етеді  Сондай-ақ  студент  жастардың  ұлттық  киім  тігу  арқылы  шығармашылық 
ойлау  қабілетін  жетілдіру  барысында  олардың  қарапайым  және  кұрделі  бұйымдарды 
құрастыру мен ӛңделу әдістерінің тиімді жолдарын дұрыс қолданғандары да әсер етеді. 
Ұлттық киім тігуде конструкциялық және техникалық мәселелерді шешумен бекітіледі. 
Студент  жастардың  шығармашылық  ойлау  қабілеті  тӛмендегі  белгілер  бойынша 
ажыратылады. 
1.  Ереже  секілді  нысан  жаңашылдығы  субъект  үшін  жаңа  және  пайдалы  болып 
табылады. Бұл міндет жобасын шешетіндіктен нақ осы дәлел психологиялық жағынан 
бейнелі мәселемен қатар қоюға болады. 
2. Ізденіс жобасының мақсаты шығармашылық ойлармен және киім тігуде күрделі 
ӛңдеулермен салыстырмалы түрде жалғасады. 
3. Ұлттық киім тігуде белгілі бір әдістер мен тәсілдерді комплексті түрде меңгеру 
үрдісінде студент жастар кӛбінесе берілген тапсырманы басынан бастап соңына дейін, 
мүмкін топпен шешеді. 
Егер  шығармашылық  тапсырманы  шешудегі  барлық  түрлі  әдістерді  логикалық 
ӛрлеу  керісінше  принцип  бойынша  бӛлсек,  эвристикалық  әрекеттер  педагогикалық 
сияқты  конструкциялық  әрекетке  қатысады.  В.И.Андреев  әдістің  үлкен  екі  тобын 
кӛрсетеді: 
а)  шығармашылық  тапсырмаларды  орындауға  арналған  логикалық  әдістер.  Бұл 
әдістер  анализдің,  салыстырудың,  қарым-қатынастың,  классификациялық,  индукция, 
дедукцияның және тағы басқалардың логикалық тәртібін басым етеді. 
б)  оқу-шығармашылық  әрекеттегі  эвристикалық  әдіс  –  бұл  эвристикалық 
ережедегі  мұғалім  әрекетінің  (оқыту  әдістері)  жүйесі  және  оқушы  әрекеттері  (оқу 
әдістері) /4/. 
Студент жастардың шығармашылық іс-әрекетке кәсіби даярлауда біз ми штурмы, 
синектика,  кӛп  түрлі  матрица  (морфологиялық  анализ),  (жеке  ұсақтықтар)  қосу 
әдістерін  қолдануды  ұсынамыз.  Аталған  әдістер  белгілі  бір  уақытқа  дейін  қолданды. 
Бұл әдістерді студент жастар білу керек және тәжірибеде қолдануды үйрену керек /5/. 
Оқу-шығармашылық тапсырмаларды орындауда білім әдістерінің кӛріну деңгейін 
студент жастардың жазбаша және ауызша түрде сұрақпен тексерді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтің  «Қазақстан  халқына 
жолдауы». Егемен Қазақстан № 6 2009ж. 
2. Кондратская М. Киім пішіп, тігуді үйреніңдер. – Алматы, 1961. 
3. Козлова Т. Основа теории проектирование костюмов. «Просвещение» Москва, 1987. 
4. Е.Н.Юдина. Шейте сами. - Петербург. 1991. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 

5. Бисаев Д. «Киімдерді жіктеу. Эскизді мата бетіне түсіру». Мектеп технологиясы №1 
2005ж. 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Бұл мақалада студент жастардың ұлттық киім тігудегі шығармашылық қабілеттері 
қарастырылады. 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  рассматривается  творческая  деятельность  студентов  при 
технологической оброботке национальной одежды.  
 
 
 
ӘОК 687.16 
ШИ ТОҚУ ӚНЕРІ 
 
Абдраман К. – аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақ  халқының  бұрынғы  және  қазіргі  сәндік  қолданбалы  ӛнерлерінің  арасында 
тікелей әрі табиғи байланысы бар айырықша айта кететін қолӛнердің ішіндегі бірі – ши 
тоқу ӛнері. 
Ши  тоқу  –  бұрыннан  қазақ  халқы  мен  Орта  Азия  халықтар  арасында  кеңінен 
тараған  ӛнер.  Күнделікті  тұрмыс  пен  шаруашылық  қажеті  үшін  тоқылған  ши  қазірге 
дейін кеңінен пайдаланылып келеді. Оны күнделікті тұрмыста қажетіне қарай тоқиды. 
Оны киіз үйдің құрамдас бір бӛлігі ретінде кереге сыртына ұстауға, сондай-ақ үй 
ішіндегі  ыдыс-аяқ,  ошақ  басын  қоршап  қоюға,  киіз  үйдің  есігіне  ұстауға,  әртүрлі  үй 
шаруашылық мүддесіне, киіз басу жұмыстарына, сонымен қатар құрт жаю, тары сүзуге 
т.б. кеңінен пайдаланылады.  
Қазақ  халқының  қолӛнері  саласындағы  ши  тоқу,  оған  боялған  түрлі-түсті  жүн 
орап, ӛрнектеп безендіру ісі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттық ӛнер. Ши 
сырт  кӛрінісіне  қарай:  тоқылған  ақ  ши,  ораулы  ши,  шым  ши  болып  бірнеше  топқа 
бӛлінеді жәнеде үлкен-кішілігіне қарай ӛре ши, есік ши, бесік ши, қанат ши, шыпта ши 
болып  ӛздерінің  атқаратын  рӛлдеріне  қарай  аттары  бар.  Олардың  әрқайсысы  ӛз 
орнымен  әртүрлі  мақсатқа  пайдаланылады.  Атап  айтқанда,  қабығынан  тазартылған  ақ 
шиді  кӛбінесе  құрт,  ірімшік  т.б.  жаю  үшін  қолданылатын  болса,  ұзына  бойы  әр  түсті 
жүннен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді  жиһаздарының бірі  болып 
табылады, оны қанат ши деп атайды. Ал ӛрнектерін ғана ораған шиді орама ши немесе 
ораулы ши деп атайды. Бұндай тоқылған шиді де қанат ши деп атайды /1/. 
Әсем  болумен  қатар  ши  бұйымдары  кӛшіп  қонуға  алып  жүруге  ӛте  қолайлы 
болады. Сол себептен де мал шаруашылығымен айналысатын елдер оны ерте заманнан 
бері  пайдаланып  келеді,  қазір  де  музейлерден,  демалыс  орындарындағы  сәндік  киіз 
үйлерден кездестіруге болады. 
Ши  тоқу  ӛнері  жаңа  заманда  қоғамдық  жерлерде,  мұражай,  үй  тұрмысында 
кӛркем кӛрінісімен, тӛзімділігімен бағалануда. 
     
 
                                1-сурет                                                          2-сурет 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  

Жалпы  ши  ӛсімдігі  туралы  айта  кетейік.  Ши  далалық  қамыстың  бір  түрі.  Оның 
астық тұқымдасына жататын шӛптесін ӛсімдік, биіктігі 50-250 см-ге дейін, сабағы кӛп, 
топтасып,  тік  ӛседі.  Сырты  жұқа  қабыршықтармен  қапталған.  Мамыр,  маусым 
айларында  бүрлейді.  Тау  бӛктерінде  және  жазық  далада  ӛседі.  Жазық  далада  ӛскен 
шидің  биіктігі  тау  бӛктерінде  ӛсетін  шиден  аласа  болады.  Шиді  күз  айларында 
жауыннан кейін, түбі жұмсарған кезде 4-5 талдан топтап ұстап, білекке орап мықынмен 
тартып  қарақұсымен  (шидің  жерге  10-15  см.  еніп  тұрған  жері)  жұлады.  Қарақұсымен 
жұлынған  ши  ӛте  сапалы  болады.  Қазіргі  кезеңде  жауынға  қарамастан  орақпен  орып 
әкеледі. Ондай шидің сапасы нашар болады (1-2 суреттер). 
Ши  тоқитын  құралдар  Ши  тоқу  үшін  қолданылатын  қондырғы  ӛте  қарапайым 
жасалады.  Қондырғы  бір  ұшында  ашасы  бар  екі  қада  мен  бел  ағашынан  тұрады. 
Белағаштың  үстінен  ара  қашықтықтары  бірдей  кертіктер  жасалады.  Оны  «дақ»  дейді. 
Дақ  жіптің  санына  тең  болады  және  ол  тоқу  жіптерінің  біркелкі  түсіп  отыруы  үшін 
қажет /2/.  
Жіптің  екі  ұшына  салма  тас  байлайды  да,  тоқуға  қажетті  жіпті  орап  қояды. 
Мұндай жіпті «арқау» жібі дейді.  
Шикізатты  дайындау  Ши  тоқу  технологиясында  бізге  алдын-ала  керекті 
шикізаттармен  құрал-жабдықтар  мыналар:  ши,  жүн,  жіп,  бояу,  сірке  қышқылы, 
химиялық  жолмен  дайындалған  бояу  және  т.б.  заттар.  Ши  тоқу  технологиясында 
шикізатты дайындау және оны тиімді пайдаланудың мәні ӛте зор /3/.  
Тӛртбұрыш кергіш ағашқа тоқитын бұйымның кӛлеміне қарай бірнеше бӛліктерге 
бӛліп жіпті параллель керу керек. Әрбір керілген жіптің бір ұшын бүктеп, байлап қою 
керек. Ӛлшеп қойған ши талдарын суреттің үстіне қойып, әр түстің тұсын белгілейміз 
де,  белгі  арқылы  түрлі-түсті  жіптермен  немесе  боялған  жүндермен  ораймыз.  Ши 
талдарын бастап ораған кезде және аяқтағанда желім жағып тоқтатып отырады. Сонда 
ораған  жіптің  немесе  жүннің  ұшы  тарқатылудан  қауіпсіз  болады.  Ең  алғаш  шилерді 
ӛлшеп  аламыз  және  оны  тоқып  біткенше  формасын  сақтаймыз.  1-ши  шыбығы  жуан 
жағы  сол  жақта  орналасса,  2-ши  шыбығының  жуан  жағы  оң  жаққа  орналасып, 
осылайша  әр  жолы  алмастырылып  жасалады.  Ши  тоқу  барысында  қауіпсіздік 
ережелерін  ескеріп  отыру  қажет.  Тоқылып  біткен  шидің  тӛменгі  жағына  жіп, 
моншақтардан шашақ жасап, жоғарғы жағына бау тағылады (3-4 суреттер). 
 
    
  
 
 
                        3- сурет                                                     4-суреттер 
 
Қоғамның  дамуы  адамдардың  ой-санасының,  мінез-құлқының  ӛзгеруімен  қоса 
сыртқы  сымбат,  келбетінің  де  жаңаруына  ықпал  етуде.  Қазіргі  заман  бұйымдарын 
шығармашылықпен  қолдану  заман  талаптарынан  туындап  отыр.  Жаңаша  ойлайтын, 
шығармашылық  қабілеті  дамыған,  күнде  жаңғырып  отыратын  бәсекелерге  сәйкес 
туындылар жасай алатын мамандар даярлау қажет. Мәдениетіміз, дініміз дамыған кезде 
халықтың  кӛне  қолӛнерін  сақтап,  оны  күту,  жаңарту,  жаңғырту  бүгінгі  күннің  басты 
міндеті. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
10 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
« Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы, Рауан 1995ж. 
2.
 
Касиманов С. Қазақ халкының қолӛнері. Алматы, 1995ж. 
3.
 
Энциклопедия. 
Қазақтың 
ою-ӛрнектері 
Т.Х.Ғабитов, 
И.Н.Тасмағанбетов, 
Р.Н.Нұрғали,  И.СТӛлендиев,Ә.А.Асқаров,    Ғ.Есім,  Б.Сағындықұлы.  Алматы  кітап 
ЖШС 2005 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада ши туралы мәліметтер және ӛңдеу құрал-жабдықтары мен тоқу әдістері 
айтылып,  бүгінгі  ӛскелең  ұрпаққа  ши  ӛнерінің  жаңа  технологиясын  меңгерту  әдістері 
қарастырылды. 
 
РЕЗЮМЕ  
В статье рассматривается информация о циновке, методы вязания и инструменты
а также методика изучения инновационных технологий искусства плетения циновки.
 
 
 
 
ӘОК 371. 018 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ  ҚОЛӚНЕРІ - МӘДЕНИ МҦРАЛАРДЫҢ  
ТӘРБИЕЛІК КӚЗІ 
 
Абдурахманова Г.А.- доцент м.а. (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Қазақ  халқының  кӛне  дәуірден  ӛшпес  мұрасы  болып,  ұрпақтан  ұрпаққа,  әкеден 
балаға  сабақтасып,  ӛзіндік  тарихымен  әдет-ғұрпымен,  сәндік,  кӛркемдік  жолымен, 
ӛзіндік  ерекшелігімен  кӛзге  түсетін  ӛнері-қолӛнері.  Осы  Ата-бабаларымыздың  ӛткен 
тарихы,  олар  жасап  кеткен  дүниелер,  күні  бүгінге  дейін  маңызын  жоймай,  біздің 
қызығушылығымызды тудырып отыр. 
Қазақ  елінің  топырағынан  таралып,  суын  ішіп  жоғары  дәрежелі  білім  алып,  сол 
білімдерін басқа ел мамандарына таныта білген және қазақ қолӛнерін жоғары бағалап 
талдау  жасаған,  оның  ішінде  бір  жүйеге  келтірген  этнограф,  тарихшы,  әдебиетші, 
ӛнертанушы  ғалымдарымыз  да  бар.  Олар:  Ш.Уәлиханов,  Ә.  Марғұлан,  С.Қасиманов,  
X.Арғынбаев,  М.  Мұқанов,  Ӛ.  Жәнібеков,  М.Ш.Ӛмірбекова  және  тағы  басқалар. 
Сонымен қатар, жас ұрпаққа берілген гуманитарлық білім мен тәрбие мәселесі ерекше. 
Ұлттық  қолӛнерде  білім  беру  жүйесін  әлемдік  ӛлшемдерге  жақындата  түсу,  ұлттық 
тәрбие мен жалпы білімдік деңгейде ұштастыру керек.  
Қазақ халқының қолӛнері деп халық тұрмысында кеңінен қолданылатын ӛру, тігу, 
мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты ӛнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолӛнер 
түрлерінің  әрқайсысының  талай  ғасырлық  тарихы  бар.  Қазақ  халқы  ӛзінің  күнкӛріс 
тіршілігіне  қажетті  үй–жәй  салуды,  киім  –  кешек  тігуді,  азық–түлік  ӛндіруді  ӛзінің 
тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күн тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем 
бұйымдар  жасап  ӛмір  де,  сән–салтанатта  құра  біледі.  Бұдан  біз  халық 
шығармашылығының  қандай  түрі  болса  да,  халық  ӛмірімен,  сол  халықтың  қоғамдық 
ӛмірімен,  қоғамдық  тарихымен,  күнкӛрісімен,  кәсібімен  тығыз  байланысты  екендігін 
кӛреміз /1/. 
Қазақ  халқының  қолӛнерінде  мүліктердің  бір  тобы  үй  іші  жабдықтары  болса, 
екінші  тобы  қайыс  ӛру,  қару–жарақ  жабдықтары  болатын.  Қазақтың  ұлттық 
қолданбалы  қолӛнеріндегі  мәдени  мұралардың  тәрбиелік  кӛзі,  кӛркемдік  дамуы  мен 
дәстүр  сабақтастығының  негіздері,  оқушыларды  шығармашылыққа  тәрбиелеудің 
қажеттілігін  қалыптастырады.  Білім  беруді  қоғамның  әлеуметтік  –  экономикалық 
құрылымынан, мәдени  құндылық–тарынан, ұлттық  дәстүр, рухани негізден бӛле жара 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
11 
қарауға болмайды. Сонымен қатар, онда ғылым мен техниканың, педагогиканың соңғы 
жаңалықтары  да  барынша  ескерілуі  қажет.  Жас  ұрпақты  халқымыздың  рухани 
байлығымен  және  қазіргі  замандық  біліммен  қаруландырып  қоймай,  олардың  бойына 
жаңа  сапалы  дағдылар  мен  икемділіктерді  дамытуда  да  жаңа  буын  оқулықтарымыз 
үлкен рӛл атқаратын болады. 
Қолӛнердің 
халықтың 
әлеуметтік, 
салт-тұрмысында 
алатын 
орнының 
қаншалықты  биік,  жоғары  екеніне  сене  алсаң  –  оның  ішінде  қолӛнерді  нақышына 
келтіртіп, әдемілік, әсемдік дүниенің ауқымын кеңейткен ол ою-ӛрнек. 
Ою-ӛрнектің шығу тарихы қолӛнер, тұрмыс заттарының ӛсіп-ӛркендеуімен тығыз 
байланысты  және  солардың  ішінен  орын  ала  білді.  Олардың  даму  процестеріне 
халықтың әлеуметтік сана–сезімінің, болмыс тіршілігінің жанданып мәдениетінің ӛсіп, 
тұрмыс жағдайларының жақсаруының да әсері болды. 
Сонымен қатар ою–ӛрнектің, ұлттық қолӛнердің танымдылық, тәрбиелік маңызы 
ата  –  бабамыздың  сезімдік  талғампаздық  дүниесі  қоршаған  табиғат  аясы,  ӛскен  ұясы, 
туған  жерінің  қасиетті  топырағы  мен  тоғай  тауларының  құлпырған  рең  түрлері  де 
қатты ықпал етті. Әр халыққа, ұлтқа тән ӛзіндік ою –ӛрнек негіздері қалыптасып дәстүр 
алды.  Пішу,  үлгі  алу  және  басқа  материалдарға  кӛшіріп  әсемдеу  техникасы  дамыды. 
Кілемге,  киімге,  сырмаққа,  ыдыс  аяққа,  қару,  жараққа,  үй  жиһаздарына  арналған  ою 
түрлері қалыптасты. Ұлттық қолӛнеріміз бүгінгі тіршілікке бірден келмеген. Ою ӛрнек 
қолӛнер адам баласының ақыл-ойларының толып, толқуымен, жүрегінің лүпілімен, ӛзін 
айнала  қоршаған  ортадан  туған  кӛріністер.  Гүлдің,  жапырақтың,  жан–жануардың 
бейнелері  нақты  сол  шын  қалпында  кӛшірілмей  кӛріністер  арқылы  ою–ӛрнекке 
айналып келген /2/. 
Түркі  халықтар  үшін  ӛрнексіз  заманның  мәні  жоқ.  Демек,  біздің  эстетикалық 
талғамымызды  қалыптастыруды  ою-ӛрнектердің  алар  орны  ерекше.  Жалпы  түркілер 
ою-ӛрнекті  айрықша  қастерлеген  халық.    Бір  қызығы,  бас  киімдегі  ою-ӛрнектерге 
қарап-ақ  түркі  халқының  ұпақтары:
 
кімнің  қазақ,  кімнің  ӛзбек,  ұйғыр,  татар,  тәжік, 
қырғыз екенін осы аталған бір туысқан жұрттың кез-келген ӛкілді жазбай таниды. Иә, 
біз «ою-ӛрнегіңді қарап кім екеніңді айтайын» дейтін халықпыз.  
Әңгімеміз  түркі  жұртының  ою-ӛрнек  ӛнеріне  қатысты  болғандықтан,  туысқан 
халықтардың ою-ӛрнегі жӛнінде де айта кеткен жӛн шығар. Біз бұл арада олардағы ою-
ӛрнектердің қалай аталатындығына тоқталмақпыз. 
Қырғыздарда «кочкар муйуз», «теке муйуз», «толкун», ұйғырларда «бадам», «гүл 
бадам»,  «шәудә»,  ӛзбектерде  «пахтагул»,  «бодам»  сияқты  ою-ӛрнектер  түрлері  бар. 
Қазақатарда оюын сипап қарай теңдеме, жүздеме, сыңар ою деген топқа бӛлуге болады. 
Әртүрлі  бұйымдардан  кестелеу,  зерлеу,  сыру,  шымкестеп  ӛру,  бедерлеп  салу  (ойып 
салу),  құю  ойып  бедерлеу  шеберліктің  үлгісі  сезіліп  тұрады.  Жалпы  қазақ  қолӛнер 
шеберлері ӛлшеп-пішпей-ақ екі заттың тең пропорциясын таба білген. Әрбір қолӛнерші 
жасап  шығарған  бұйымының  ою-ӛрнегіне  тән  атау  қоюға  айрықша  мән  берген.  Және 
оны халық түсінігіне лайықтап алған. 
Кӛненің  кӛзі  мен  тарихтың  сӛзіне  айналған  құлпытастардың  ӛзі  ою-ӛрнексіз 
болмаған.  Ескіден  қалаған  күмбез,  мешіттердегі  кӛркемдік  те  ою-ӛрнексіз  жүзеге 
аспаған.  Бұл  ою-ӛрнектер  тек  қана  кӛркемдік  үшін  алына  салмаған.  Оның  астарында 
бүтіндей бір халықтың тұрмыс-тіршілігі «жасырынып» жатыр. Аңшылық ӛнер, кӛшіп-
қону  кӛрністерінің  бәрі  нақышқа  айналған  халықпыз  деп  осы  тұста  түйін  де  жасауға 
болады. 
Қазақ  халқының  ою-ӛрнегіндегі  ең  негізгісі  —  «қошқармүйіз»  немесе  «мүйіз». 
Осы  «мүйіз»  ӛрнегінің  ӛзі  бірнеше  түрге  бӛлінеді:  сыңар  мүйіз,  сынық  мүйіз,  қырық 
мүйіз т.б. Бір сӛзбен айтқанда «мүйіз» ӛрнегінің ел тұрмысында араласпайтын саласы 
жоқ.  
Ӛнертанушы  ғалым  В.Чепелелев:  «Қазақтар  —  тек  ою-ӛрнек  әлемінде  ӛмір 
сүретін  сияқты»  деп  текке  айтпаса  керек.  Ӛйткені,  халық  мұрасындағы  ұлттық 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
12 
ӛрнектердің 
үйлесімді 
реңдері 
ата-бабаларымыздың 
тұрмыс-салт 
дәстүрін 
бейнелегендей.  Анықтап  айтқанда,  халқымыздың  тарихын,  шежіресін,  жағрапиясын, 
мінезін,  ерлігін  дәл  бейнелейтін  ою-ӛрнектей  құдіретті  ӛнер  жоқтың  қасы.  Бұл  ӛнер 
әрбір  халықтың  болмысымен  бірге  туып,  біте  қайнасып  келеді.  Қазақ  ою-ӛрнегінің 
табиғаты  халық  ӛнерінің  тарихи  дәстүріндегі  сұлулық  пен  әсемдікті  кӛре  білетін, 
байқай алатын зерделі азамат тәрбиелеуге айрықша ықпал ететіні анық.  
Тағы  бір  айта  кететін  нәрсе,  қазақ  халқы  ұлттық  киімді  әшекейлеуге  барынша 
ықылас  аударған.  Әр  ӛрнекке  ӛзіне  лайық  затын  таңдаған.  Мәселен,  бас  киімде 
кездесетін  ою-ӛрнектер  сырт  киімде  немесе  бұт  киімдерде  қолданылмаған.  Мұның 
ӛзіндік  себептері  де  бар.  «Ит  құйрық»  аталатын  ӛрнек  ешқашан  бас  киімдерге 
қолданылмаған.  Мұның  астарында  «дұшпаның  кеудеңнен  жоғары  ӛрлемесін»  деген 
ырым жатыр. Бұл ӛрнек «дұшпаның тӛмен болсын» деген ниетпен кӛбінесе ер адамдар 
шалбарының жырық балағына ӛрнектелген /3/. 
Қыз  балалардың  бешпетіне,  кӛйлегіне  гүл  тәрізді  немесе  қанатты  қарлығаш 
секілді ӛрнектер бейнеленген. Мәнісі жалпыға түсінікті шығар... 
Ал  ер  баланың  киміне  найзаның  ұшы,  бүркіт,  қощқар  мүйіз  секілді  ӛрнектер 
батыр, алғыр болсын деген ырыммен жиі қолданылатын болған.  
Қазақ  халқының  тұрмысындағы  кӛп  қолданылатын  оюдың  атасы  қошқар  мүйіз 
ӛрнектері  сан  алуан.  Ӛте  ұсақ  түрлері  зергерлік,  кестелік,  сүйек,  мүйіз  сияқты  нәзік 
істерде қолданылса, ірі түрлері сырмақ, кілем, текемет, түскиіз, алаша, сәулет ӛнеріне, 
тұрмыстық заттарға кең қолданылады.  
Қошқар  мүйіз  –  ою–ӛрнегі  –  байлық  пен  молшылықтың  нышаны.  Қошқар  мүйіз 
бен  арқармүйіз  оюларының  қазақ  қолӛнерінде  қолданылмайтын  жері  жоқ.  Қошқар 
мүйіз  оюымен  қатар  әр  заттың  кӛлемі,  сәнділік,  пайдалану  деңгейіне  қарай  әр  алуан 
жапырақ  тектес,  бітпес  оюлар  салынады.  Бұл  ӛрнектер  «иірім»,  «шиыршық»,  «иық», 
«үшкіл», «түйе табан», «қос ирек», «жұлдыз гүл» т.б. аттарымен аталады.  
Қолӛнер шеберлері ою–ӛрнекті әр заттың ӛзіне лайықтап, жарасымын, үйлесімін, 
сәнін  тауып  жасаған.  Жасаған  затпен  ою–ӛрнек  бір–бірімен  ӛте  сәнді  қабысып, 
шынайы  кӛркемдік  беріп  отырған.  Ою–ӛрнек  түрлері  ӛте  нәзік  түрде  түскен.  Жалпы 
ою–ӛрнек жасаушы шебер оюды олпы–солпы болудан сақтауы, әсемдігіне жеткізе білуі 
керек. Ӛнер зерттеушілерінің пайымдауынша қазақ ою–ӛрнегі үш түрлі ұғым негізінде 
туған деген пікір білдіреді:  
1. Қазақ халқының ӛзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары.  
2. Басқа халықтардың мәдениетінен ауысқан.  
3. Уақытқа қарай бейімделу.  
Ертеден қазақ ою–ӛрнегі мазмұны жағынан үш түрлі ұғымды бейнелейді:  
1. Мал ӛсіру мен аңшылық.  
2. Жер–су, кӛшу–қону.  
3. Заттардың сыртқы бейнесі.  
Осылардың  қайсысында  да  қошқар  мүйіз  оюы  қолданылып  араласып  
отырады.  Ою,  сызу,  бедерлеу  ру,  тайпалардың  таңбаларында,  малдың  ең-таңбасында, 
ай,  жұлдыз,  аспан  әлемін  тұспалдауда  орын  алады.  Шеберлер  сүйекті  ойған,  ағашты 
иген, тасты қашаған, мүйізді балқытқан, металды ӛңдеген. Әсемділікті таңдай да, жасай 
да  білген.  Осындай  әсемдікті  таңдай  білген  жас  шебер  оюшы  зергеріміз  осы  ою–
ӛрнекке  бояу  түрлерін  пайдалануды  да  жете  меңгерген.  Халқымыздың  ою–
ӛрнектерінде басым түс ақ пен қара болып келеді. Бұл ою–ӛрнектің ең шешімін тапқан 
жарасымды түрі болып есептеледі. Ою–ӛрнектің тұрмыста пайдалану ауқымы ӛте кең. 
Оюдың  жекелеген  тармақтарынан  бастап  үш  түр,  тӛрт  түр,  бес  түр,  алты  түр,  т.б. 
тармақтарынан  әрі  қарай  ӛрбіп,  кеңейе  беретін  күрделі  оюлар  да  біздің  ұлттық 
дәстүрімізде  тұрмыста  үнемі  қолданыс  тауып  келген.  Халқымызда  жазу  болмағанда 
ою–ӛрнек  болды.  Сол  ою–ӛрнек  арқылы  халқымыз  ӛз  тыныс–тіршілігін,  мәдениетін, 
ӛнерін,  мәдени  құндылықтарын  жоғары  деңгейде  дамыған  тұрмыстық  қажеттіліктерін 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
13 
ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, дамытып отырды. Келешек ұрпақ мақсаты осы киелі ӛнерді 
әрі қарай дамыта отырып кӛздің қарашығындай сақтау. Ұлттық мемлекеттік деңгейдегі 
мәдениетімізді  дамытуға  үлес  қосу,  сол  арқылы  ұлтымыздың  мәдени  ӛнерін  басқа 
елдерге насихаттау, тұрмыстық заттар шығаруды ӛндіріске еңгізу, оқулықтар шығару, 
зергерлік  қолӛнерді  дамыту  жолдарын  оқырманға  қарапайым  тілмен  түсіндіру, 
құзырлы орындарға ою–ӛрнекті дамыту – бүгінгі таңдағы ӛзекті міндеттерді қамтиды.  
Ою-ӛрнек ӛнерінің белгілі бір халыққа ғана тән тума ерекшеліктері сол халықтың 
бейнелеу,  әсемдікті  қабылдау  мәдениетінің  басты  белгілерімен,  ұлттық  қолтаңбамен 
тікелей сабақтасып жатады. Тарихи–ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою–
ӛрнек ӛнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен кӛшпелі тайпалар 
ӛнерінің ықпал–әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, ӛзіне тән белгілі  бір жүйеге 
келгенін  қапысыз  таныр  едік.  Бұған  дәлел-қазақтың  алғашқы  ою-ӛрнек  үлгілерінен 
андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларынан ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті 
/4/. 
Ою-ӛрнектің  дамуы,  жетілуіне  де  халық  шаруашылығы,  тұмыстық  жағдайы, 
әлеуметтік  орта,  ауа-райы  ықпал  етіп  отырған.  Ұлттық  киім  үлгілеудегі  ою–ӛрнек 
ӛнерінің  тәрбиелік  мүмкіндіктері:  әрбір  ӛрнек  түрінің  ӛзіндік  атауы,  қолдану  орны 
болады.  Осыған  орай,  мәселен,  ру,  ен  таңбаларына,  ӛсімдік,  жер,  су,  тұрмыстық 
бұйымдар,  т.б.,  яғни  қазақ  халқы  осы  ӛрнектермен  бұйымдарын  әшекейлеумен  қатар 
тәрбие  беріп  отырған.  Ӛздеріне  қадір  тұтқан  атауларға  ою–ӛрнек  ою,  құрастыру, 
түрлендіру арқылы оның маңыздылығын танытқан. Табиғаттағы атаулар жерді  ―Жер–
Ана‖ деп, ―Су анасы–бұлақ‖ деп табиғатты қорғау, суды ластамау. 
Ӛсімдіктерге  байланысты  да  бірнеше  ою–ӛрнек  атауларын  кездестіреміз.  Ру,  ен 
таңбаларына  байланысты  ою–ӛрнектері  арқылы  татулыққа,  бірлікке,  отан  сүйгіштікке 
тәрбиелеген.  Тұрмыстық  заттарға,  аспан  денелеріне  де  байланысты  ою–ӛрнектер 
арқылы  ісмерлікке,  тазалыққа,  сыпайылылыққа,  адамгершілікке,  наным-сенімдерге, 
имандылыққа тәрбиелейді /5/.  
Осы ою–ӛрнек түрлерін қажетті орнын тауып пайдаланған зергер, оюшы шеберге 
үлкен кӛмек болары анық. Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша 
қамқорлық  жасаланып,  оқушыларға,  студент  жастарға  қолӛнер  сабағына  пайдалануға 
шағын  журналдар  шығарылса,  қолӛнер  түрлері  мектепте  пән  ретінде  ӛтсе,  жастардың 
келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюіне мүмкіндік береді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
С. Қасиманов «Қазақ халқының қолӛнері», - Алматы Қазақстан 1995ж. 
2.
 
Ӛмірбекова  М.Ш.  Энциклопедия.  Қазақтың  ұлттық  ою-ӛрнектері.-Алматы: 
Алматыкітап, 2003. 
3.
 
Ә.Марғұлан «Казахское прикладное  искусство» 1, 2, 3 том.  
4.
 
Әбдіғапбарова Ұ.М. Қазақтың ұлттық ою-ӛрнектері.- Алматы: Ӛнер, 1999 ж. 
5.
 
Х.Арғынбаев «Қазақ халқының қолӛнері»  Алматы,1987  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада қолданбалы қолӛнер мен ою-ӛрнектер түрлерін болашақ ұрпаққа білім 
беруде қолдану, дамыту қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  роль  декоративно-прикладного  искусства,  виды 
орнаментов, развитие и применение при обучении учащихся. 
 
 
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
14 
ӘОК 371.76 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет