Шарт Ќазаќстан Республикасы


ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



бет2/7
Дата04.04.2023
өлшемі26,94 Kb.
#79220
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2021 договор индивидуальный (копия)

2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
4. Білім беру ұйымы өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) __________________ оқу нысаны ________________________________________________
________________________________________________
(мамандықтың коды және атауы)
мамандығының ____ курс студентін ________________ дан _______________ дейін ________________________
_______________________________________________
(практика түрі)
практикадан өту мақсатында Кәсіпорынға жіберу;
2) білім алушыны осы Шартта белгіленген міндеттер мен жауапкершілікпен таныстыру;
3) кәсіпорынға кәсіптік практиканың басталуынан екі апта бұрын білім алушылардың санын көрсетіп, кәсіптік тәжірибенің бағдарламасын, практикадан өтудің күнтізбелік кестесін ұсыну;
4) білім беру ұйымның тиісті мамандықтары бойынша оқытушылар арасынан практика жетекшілерін білім беру ұйымның басшысының бұйрығымен бекіту;
5) кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін білім алушымен сақталуын қамтамасыз ету;
6) білім беру бағдарламасы мен академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушының кәсіптік практикасына мерзімді бақылау етіп, оның өтуін ұйымдастыру;
7) кәсіпорынның қызметкерлеріне білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсету;
8) қажеттілік туындаған кезде кәсіпорынға білім алушының оқу жетістіктері туралы мәліметтер беру;
9) жазатайым оқиғаларды, егер олар практиканың өту барысында білім алушының қатысуымен болған оқиғаларды тергеуге қатысу;
5. Білім беру ұйымы:
1) білім алушының өз еркімен оқытуды тоқтату, оқытудың қайта оқу курсына қалдырылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте оқудан шығарылғаны кезде бір жақты тәртіппен шартты бұзуға құқылы.
6. Кәсіпорын өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) білім алушыға жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайын (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалықты өткізу арқылы) қамтамасы ету және қажетті жағдайда білім алушының еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқытуын жүргізу;
2) тиісті қызметтің бос орны бар болғаны кезде иеленген мамандыққа сәйкес жұмысқа қабылдау үшін білім беру гранты негізінде оқыған түлектің кандидатурасын қарастыру;
3) осы шарттың ережелеріне сәйкес тиісті мамандықтардың кәсіптік практикаға жіберу бойынша білім алушыны ______________________дан __________________дейін қабылдау;
4) практиканың бағдарламасында қарастырылмаған және білім алушының мамандығына қатысы жоқ лауазымдарда білім алушыны пайдалануға жол бермеу;
5) бөлімшелерде (бөлімдерде, цехтерде, зертханаларда және сол сияқты) білім алушының кәсіптік практикаға жетекшілік ету үшін білікті мамандарды белгілеуін қамтамасыз ету;
6) білім алушының еңбек тәртібін және кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны бойынша барлық оқиғалар туралы білім беру ұйымын хабардар ету;
7) білім алушының кәсіптік практиканың бағдарламасын толық игеруі және оның жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапхананы, сызбаларды, техникалық және басқа құжаттарды пайдалану мүмкіндігін бере отырып, білім алушының кәсіптік практиканың бағдарламасын орындауы үшін қажетті жағдай жасау;
8) кәсіптік практика аяқталған соң білім алушының жұмысы туралы мінездеме беру және практиканың өту сапасын бағалау.
7. Кәсіпорын құқылы:
1) жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес кәсіптік практиканың білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
2) кәсіпорынның қажеттеліктеріне сәйкес курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын ұсыну;
3) білім алушылардың қорытынды аттестаттауына қатысу;
4) білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұрастыру.
8. Білім алушы өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) практика бойынша нұсқаушы және қорытынды конференцияларға қатысу;
2) кәсіптік практика орнында кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техника ережелерін және өндірістік тәртіптемесін сақтау;
3) кәсіпорынның жабдықтарына, аспаптарына, құжаттарына және басқа мүлкіне ұқыпты қарау;
4) практика бағдарламасының талаптарын қатаң сақтау және орындау;
5) практикадан өту үшін белгіленген уақытта кәсіпорынның қарауына келу;
6) практикадан өту барысында және аяқтаған соң кәсіпорын туралы құпия ақпаратты жария етпеу;
7) практика аяқталғаннан кейін бір апта ішінде практика жетекшісіне практика бағдарламасында көрсетілген жазбаша есепті, практика күнделігін және басқа да құжаттарды тапсыру.
9. Білім алушы:
1) кәсіпорында бекітілген тәлімгердің келісімі бойынша қажетті құралдарды, жабдықтарды, аспаптарды және басқа өндірістік материалдарды пайдалану, кітапхана және оқу залдары базасында оқуға оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына, зертханалық базасына, оқыту мақсатында компьютерлік және басқа техниканы пайдалануға қол жеткізуі мен пайдалануына;
2) кәсіптік практикадан өту барысында денсаулыққа зақым келген зиянның өтеуіне;
3) кәсіптік даярлығын аяқтаған соң және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен соң иеленген мамандық бойынша бос орынның болуы кезінде кәсіпорында жұмысты жалғастыруға құқылы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет