Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарының теориялық негіздері
Дип. Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарды пайданалнуды жетілдіру жолдары - 2011
Себебі, запастар мен жоғалтуларың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы көлемінен шығындар асып түсті және қаржылық тұрақтылық коэффицентінің төмендеуі байқалады. Алайда, 2007-2010 ж.ж. аралығындағы кризистік жағдайдың басты себебіне ішкі факторлар: мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі, 2007-2010 ж.ж. Ресейдегі экономикалық кризис, сондай-ақ, 2009 жылғы сәуір айындағы доллардың теңгеге шаққандағы тұрақсыз курсы. 2.3 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының басты критериі болып табылады. Сондықтан, онымен тығыз байланысты төлем қабілеттілік кәсіпорынның барлық қарыздарын есепке алады. Ол кәсіпорынның келесідей қаржылық жағдайын сипаттайды: бұл жағдай кәсіпорынның барлық өзінің қарыздарын төлеп, сонымен қатар банктік несиені өтеу қабілетін көрсетеді. Оны талдау қолда бар ақша қаражаттарымен келіп түскен ақша қаражаттары және алғашқы қажетті төлемдермен салыстыру арқылы жүргізіледі. Төлем қабілеттілік ағымдағы және перспективалық болып бөлінеді. Ағымдық төлем қабілеттілік баланс құру мерзімінде анықталады. Кәсіпорын төлемқабілетті болып саналады, егер жабдықтаушылар алдында мерзімі өткен қарыздары, банктік несие және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары болмаса. Төлем қабілеттілік төлем қабілеттілік коэффиценті арқылы анықталады, ол белгілі бір кезеңдегі кәсіпорын иелігінде бар ақша сомасының жедел төлемдері қатынасы арқылы анықталады. Егер төлем қабілеттілік коэффиценті 1-ге тең немесе жоғары болса, кәсіпорын төлем қабілетті болып есептелінеді. Егер коэффицент 1-ден кем болса, онда талдау жасау кезінде төлем құралдарының жеткіліксіздігінің себептерін анықтау қажет. Төлем құралдарының қажетті сомасын анықтау бойынша бірнеше көзқарастар бар. Көбінесе төлем құралдарына ақша қаражаттарын, қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызады, сонымен қатар дебиторлық қарыздың белгілі бір бөлігі жатқызылады. Шұғыл міндеттемелерге ағымдық пассивтер, яғни қысқа мерзімді несиелер, кредиторлық қарыздар жатқызылады. Төлем құралдарының шұғыл міндеттемелерден көп болуы, кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Кәсіпорынның төлем қабілетсіз екендігін есеп айырысу және басқа да банктік шоттарда ақшаның жоқтығы, мерзімі өткен несиелердің, қарыздарының қаржылық ұйымдар алдындағы қарыздардың болуы және еңбекақы төлеу бойынша төлем мерзімдерін бұзу болып табылады. Есепті кезең ішіндегі төлем қабілеттілік төлем күнтізбесі көмегімен анықталады, күнтізбе негізінде ағымдық оперативтік төлем қабілеттілік коэффиценті анықталады, кредиторлармен, банктермен, қаржылық және басқа да ұйымдармен уақытылы есеп айырысу үшін шаралар қолданылады. Төлемдік күнтізбе банктік жазылымдар төлемнің мерзімдері бойынша тізімдердің аналитикалық есеп мәліметтеріне сүйене отырып жасалады. Мұндай есептер күн сайын немесе 3-5 күн сайын жасалуы мүмкін. Мұндай есептеулерді жасау мерзімі кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне байланысты. Егер төлем қабілеттілік тұрақты болса, онда мұндай есептеулерді анда-санда, ал тұрақсыз болса жиірек жасайды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ағымдық оперативтік төлем қабілеттілігін анықтау үшін келесі мәліметтерді қарастырамыз.
2010 ж. (мың тг)
Ескерту: дерек көзі – ұйымның ақша қаржылық құжаттары. Осы кесте мәліметтері негізінде төлем құралдары мен шұғыл міндеттемелер бойынша кесте құрамыз. Кесте 11 Қолда бар және келіп түсетін төлем құралдары мен шұғыл төлемдік міндеттемелерді салыстыру
Ескерту: дерек көзі – ұйымның ақша қаржылық құжаттары. 11 кестеден көріп отырғанымыздай «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өзінің қарыздарының тек қана 86,3 % алады, ал 13,7 % төленбей мерзімі өткен қарыздарға жатқызылып, айыппұлдар төлеуге әкеледі және сәйкесінше кәсіпорын шығындарға ұшырайды. Баланс өтімділігін талдау қажеттілігі қаржылық шектеулердің күшеюі мен кәсіпорынның несие қабілеттілігін бағалау қажеттілігі шартында пайда болады. Баланс өтімділігі кәсіпорын міндеттемелерін активтермен жабу деңгейі арқылы анықталады, бұл кезде активтердің ақшалай нысанға айналуы міндеттемелерді өтеу мерзіміне сәйкес келуі қажет. Активтердің өтімділігі – бұл баланс өтімділігіне кері көрсеткіш. Берілген активтер түрі ақшалай нысанға өту үшін неғұрлым аз уақыт қажет етілсе, соғұрлым өтімділігі жоғары болады. Баланс өтімділігін талдау өтімділігіне байланысты топ жіктелген активтерді өтеу мерзіміне байланысты жіктелген пассив бойынша міндеттемелермен салыстыру болып табылады. Өтімділік деңгейіне байланысты кәсіпорын активтері келесі түрлерге бөлінеді: А-1. Өте өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұл топқа ақша қаражаттары және бағалы қағаздар жатады. А-2. Тез өтімді активтер. Бұған қысқа мерзімді дебиторлық қарыз және өзге де активтер, дайын өнім және материалдық емес активтер кіреді. А-3. Баяу өтімді активтер. Мұнда запастар, ұзақ мерзімді қаржылық салымдар және құрылтайшылармен есеп айырысулар жатқызылады. А-4. Нашар өтімді активтер. Оған негізгі құралдар және айналымнан тыс активтер, сонымен бірге басқа кәсіпорынның жарғылық капиталына салымдар. Баланс пассивтері өтелу мерзіміне байланысты жіктеледі: П-1. Өте шұғыл міндеттемелер. Оған кредиторлық қарыз, мерзімінде өтелмеген қарыздар, қысқа мерзімді міндеттемелер. П-2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар, қызметкерлер үшін қарыздар. П-3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен займдар. П-4. Тұрақты міндеттемелер. Меншікті қаражаттардың көздері жатқызылады. /16,149бет/ Баланс өтімділігін анықтау үшін актив және пассив бойынша топтарды салыстыру қажет. Баланс абсолютті өтімді деп саналады, егер: А1 ≥ П1 А3 ≥ П3 А2 ≥ П2 А4 ≤ П4 Кесте 12 Өтімділігі бойынша баланстың актив баптарының топтары мен төлеу мерзімі бойынша пассив топтарын салыстыру
12-кестенің жалғасы
Кесте бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2009 жылы және 2010 жылдары төлем қабілетсіз болды. Өте өтімді және тез өтімді активтер сомасы 2009 жылы 9617335,1 мың теңге болса, шұғыл және қысқа мерзімді міндеттемелер сомасы 11202401 мың теңге құрады. Ол 1 585 066 мың теңгеге көп. 2010 жылы төлем жеткіліксіздік сомасы 15 511 903 мың теңгені құрады. Баяу өтімді активтер мен ұзақ мерзімді міндеттемелерді салыстыру перспективті өтімділікті бейнелейді және төлем қабілеттілігін божамдайды. 2009 жылы және 2010 жылы төлем құралдарының артықшылығы байқалды, егер 2009 жылы оның көлемі 10 732 348 мың теңге болса, 2010 жылы 14 415 174 мың теңге құрады және 1,3 есеге өсті. Төртінші топ нәтижелерін салыстыру кәсіпорынның өзінің міндеттемелерін жабу мүмкінділігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жабылғанда қажет етіледі. Ал қызмет атқарушы кәсіпорын үшін меншікті айналым қаражаттарының бар болуы қажет. Ол үшін А4 ≤ П4 сақталуы қажет және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұл теңсіздік сақталды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау үшін баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші анықталады. Кол = А1+0,5*А2+0,3*А3 / П1+0,5*П2+0,3*П3 (6) бұл көрсеткіш 0,9 кем емес болуы тиіс. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үшін осы көрсеткішті есептейік: 2009 жыл үшін: 5 513 938,8 + 0,5 * 4 403 396,3 + 0,3 *17 569 240/5592 181,1+0,5* 610 220,4 + 0,3 * 6 836 892,4 = 1,2 2010 жыл үшін : 2 583 931,1 + 0,5 * 11 962 644 + 0,3 * 17 941 587 / 27 069 423 + 0,5* 2 989 055,4 + 0,3 * 3 326 413,7 = 0,47 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2009 жылы қаржылық жағдайы жақсы болды, бірақ 2010 жылы өзгеріп кәсіпорынның өзінің міндеттемелері бойынша толық есеп айырысу мүмкіндігі жоқ болды. Бірақ бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу бойынша мүмкіндіктерін өтей алмайды, сондықтан бұл көрсеткіштен басқа кәсіпорынның төлемқабілетін сипаттау үшін басқа да өтімділік көрсеткіштері анықталады. Ең негізгілері болып келесілер табылады:
абсолютті өтімділік коэффиценті; аралық жабу коэффиценті; жалпы жабу коэффиценті. Абсолюттік өтімділік коэффиценті ағымдық қарыздардың белгілі бір бөлігі балансты құру күніне немесе жақын арада өтелу мүмкіндігін көрсетеді. Аралық жабу коэффиценті дебиторлармен есеп айырысу мерзімінде жүргізілу шартында кәсіпорынның болжамды төлем мүмкіндіктерін көрсетеді. Жоғарыда келтірілген үш негізгі көрсеткіштерді есептеу келесі аналитикалық кестеде көрсетілген. 13 кестеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өтімділігі 2010 жылы 2009 жылғы көрсеткіштен төмендігін көруге болады. Егер 2009 жылы өтімділіктердің барлық үш көрсеткіші талаптарға сай келіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайының жоғары екенін көрсетеді, ал 2010 жылы бұл көрсеткіш өзгерді, яғни деңгейі төмендеп, өтімділік көрсеткіші 0,49-дан 0,09-ға дейін немесе 0,40, аралық коэффиценті 0,85-тен 0,48-ге дейін немесе 0,37-ге, жалпы 2,43-тен 1,08-ге дейін немесе 1,35-ке кеміді. Кесте 13 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ағымдық активтерінің өтімділік көрсеткіші
13-кестенің жалғасы
Ескерту: автор құрастырған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2010 жылы қысқа мерзімі міндеттемелерді бірінші көрсеткіш бойынша тек қана 9%, екінші көрсеткіш бойынша 48%, ал үшінші көрсеткіш бойынша толықтай жаба отырып, төлем құралдары мен қысқа мерзімді міндеттемелердің қатынасы 1,08 / 1 болғандықтан, кәсіпорында меншікті айналым қаражаттары болмайды. Бұл «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қаржылық жағдайының тұрақсыз екенін көрсетеді. Осылайша өтімділіктің барлық үш көрсеткіші 2010 жылы едәуір төмен болды. Оған ақша қаражаттарының қалыптасу факторлары әсер етті. Бұны жалпы өтімділік коэффиценті есеп айырысу кестесінде қарастырайық. Кесте 14 Жалпылама есеп айырысу факторларының жалпы өтімділік коэффицентіне әсер ету деңгейі мың теңге
Ескерту: Ұйымның қаржы құжаттары 14 кестеден көретініміздей, жалпы өтімділік коэффицентіне абсолютті ағымдық активтердің өсімі оң әсерін тигізді, яғни ол 0,18 пунтке өсті (1,08-0,90). Ал қысқа мерзімді міндеттемелердің тез өсуі жалпы өтімділік коэффицентіне теріс әсерін тигізіп, 1,53 пунктке азайды (0,90-2,43). Осылайша біз өтімділік балансына тәуелді, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық көрсеткішінің бірі – төлем қабілеттілік көрсеткішін толықтай талдадық. Сонымен қатар кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне өзге де факторлар әсерін тигізеді. Оларға: елдегі саяси және экономикалық жағдай, ақша нарығы жағдайы, меншікті капиталмен қамтамасыз етілуі, кәсіпорынның қаржылық -дебиторлық жағдайлары. жүктеу/скачать 0,74 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |