Қазақстан геосаяси тұрақты ел. Мемлекеттің геосаяси мүдделерінің қорғалу
деңгейі де жоғары деңгейде. Ол елдің геосаяси қауіпсіздігімен сипатталады.
Ел ішіндегі геосаяси қауіпсіздікке ел ішіндегі саяси қауіп-қатерлер жатса,
сыртқы қауіпсіздікке шекарадан тыс геосаяси қауіптерді жатқызуға болады.
Мысалы, елге сырттан келетін аумақтық және саяси қаупі ретінде
Ауғанстаннан келетін есірткі тасымалының кері әсерін айтуға болар еді.
Көршілік қатынастарда Қытай мен Ресей сияқты елдермен тауар
қатынастарының интеграциясы қолайлы фактор болса, сол уақытта аталған
елдердің күш-қуаты әлдеқайда жоғары болуы жаңа қауіп-қатерлерді
тудыруы мүмкін.
1) Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігіне әсер ететін ішкі фактор
А) ірі геосаяси күштердің қарсы әрекеттері
В) әлемдік экологиялық жағдайлар
С) ел ішіндегі және ғаламдық деңгейдегі экономикалық жағдай
Д) ел ішіндегі және аймақаралық қауіп-қатерлер
Е) басқа мемлекеттермен қарама-қайшылық
2) Мемлекеттің геосаяси мүдделерінің қорғалу деңгейі
А) геосаяси қауіпсіздік
В) геосаяси күштер
С) басқыншылық саясаты
Д) ұлттық мүдделер
Е) геосаяси кеңістік
3) «Әлемдегі ірі геосаяси күштердің ел мүддесіне қарсы әрекеттері»
факторына мысал бола алатын елдер
А) Қырғызстан, Өзбекстан
В) Түрікменстан, Иран
С) Қытай, Моңғолия
Д) Ресей, Қытай
Е) Ресей, Әзірбайжан
4) Қазақстан шекарасына жақын орналасқан саяси жағдайы тұрақсыз аймақ
А) Пәкістан
В) Сирия
С) Үндістан
Д) Ауғанстан
Е) Иран
5) Геосаяси қауіпсіздіктің басты мақсаты
А) саяси тәуелсіздікті сақтау
В) геосаяси кеңістікті қорғау
С) мемлекетте ұлттық қауіпсіздікті қорғау
Д) мемлекеттің геосаяси мүдделерін қорғау
Е) мемлекеттің аумақтық біртұтастығын қорғау
Достарыңызбен бөлісу: