Шаттық шеңбері: «Біздің шаңырақ»



бет1/3
Дата09.12.2022
өлшемі28,69 Kb.
#56057
  1   2   3

Отбасым- бақыт мекенім!
Мақсаты:. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсіп, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу
Сәлеметсіздер қымбатты оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!
Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрайық.
Шаттық шеңбері:
«Біздің шаңырақ»
Атамнан басталар,
Әжеммен қосталар.
Отбасым мыналар;
Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар...
Бәрін жақсы көремін
Еркелеймін, еремін!
Ән салуға барамыз, (шеңбер бойымен жүреді)
Досымызды табамыз. ( тоқтайды)
Сәлемет пе! Міне, мен! ( қолдарын екі жаққа сермейді)
Доспын енді сенімен. (көршілерімен қол алысады) және де тағы:
Балалар біз бір-біріміздің қолымызды ұстап тұрғанда не сезінеміз? Қандай әріпке ұқсайды?
О әрпінен басталатын қандай сөздер білесіңдер?
Отан, отбасы, орман,ошақ
Өлең жолдары арқылы топқа бөліну.
«Әке» тобы.
Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем,
Дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
Шарықтап кетсем,
Дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
«Ана» тобы.
Оянғанда түнде жұбатып
Ақ сүт беріп өсірген
Басқаныма тәй-тәй қуанып
Тұсауымды кестірген
Анашым құдретіңе табынамын
Көрмесем бір сәт сені сағынамын
Анашым қартаймашы жалынамын2
«Бала» тобы.
Біз балдырған баламыз,баламыз
Шаттық әнге саламыз
Туған жөрінде төрінде,төрінде
Алау болып жанамыз
Топқа отырады: әке,бала,ана
Топтық жұмыс ережелерін есте сақтау.
1.Тыңдай білу.
2.Өзара сыйластық.
3. Белсенділік.
4. Қол көтеріп сөйлеу.
5.Уақыт үнемдеу.


Топ ережесін еске түсіру, слайдтан көрсету.
Жұмбақ жасыру
Мағанда,сағанда
Жақын туыс адамдар
Бәріде өз жұртың
Айтыңдар,олар кім? (Отбасы)
-Ия балалар, бұл жұмбақтың жауабы отбасы екен.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Отбасы -бақыт мекенім»
Отбасы деген қалай түсінесіңдер?
Адамға ең қымбаты-отбасы.Отбасында сүйіспеншілік,сыйластық,татулық,бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады.Ата-ана отбасының ұйытқысы десек,бала отбасын берік ұстауға қажетті алтын діңгек. Әрбір бала өз ата-анасын қадірлеп,Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілікпен қараса,болашықта өз-өзін танумен қатар,өміріне нық сеніммен қадам басады. Біздің борышымыз ата-анамызды құрметтеу.
Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген ата-анасын сағынған
Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.
Екеуінің қуанышы,тілегі
Әрқашан да бір арнадан табылған.
Балалар мен сендерге біраз сұрақтар қойғым келіп отыр.
Отбасы қандай болуы керек?
1. Адам қай уақытты ата-анасының үмітін ақтай алады?
2.Анаң немесе әкең қай уақытта саған риза болады?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет