Ш.Құдайбердіұлының «Жастарға», «Адамдық борышың» өлеңдерін талдау, жаттау.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.
Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, азғанағылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.
Өлеңмен жастайынан әуестенген Шәкәрім өмір бойы өз шығармашылығында Абай салған жолды ұстанумен өтті. Сондықтан да Абайдың шын мәніндегі шәкірті, рухани мұрагері болып саналады. Шәкәрім өз бетімен заманына сай жеткілікті білім алды. Шығыс және Батыс әдебиетін зейін қойып оқып, араб, парсы, түрік және орыс тілдерін еркін меңгерді. Алғашқы шығармаларында жастарды Абайдан үйренуге шақырады
Болашақ әркімді де толғандыратыны рас. Сол болашақтың тірегі кім?Әрине,жас қанатты жастар.Жас ұрпақ болашақтың тірегі,елінің сенімі отаның өркендетуші,күллі жұрттың ертеңі.Жаңа буындарға сенім артып өлең жазып,қалам сілтемеген ақындар кемде кем шығар.
Соның бірі Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңі.
Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,
Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан.
Тегілі білсең – аласың,бас береді,
Тұтасынан ешкім жоқ мұны тапқан,-деп Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде Абайды жастарға үлгі еткісі келіп,Абай арқылы түзеткісі келді.Шәкәрімнің Шәкәрім болып қалыптасуына әсер еткен бірден бір тұлға,ағасы – Абай.Себебі,жастайынан жетімқалған Шәкәрім Абайдың қолында өсіп,болашақ ақынның балалық бесігі,ұшқан ұясы – Абай мектебі.Абайдың ықпалымен өлеі жазды,Абайды түсінуге тырысты.Кішкентай кезінен бастап.Абайдан үлгі алған Шәкәрім,Абайға қатты еліктеген екен.20-30 жастар щамасында жазған өлеңдерінде көпшілігі Абайға тікелей еліктеп шығарады.Сол сияқты,Абайды үлгі ету мақсатында «Жастарға» өлеңін шығарды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде жастарды жақсы жаққа түзетіп тәрбиелейді.Осындан неге Шәкәрім «Жастарға» өлеңінде жастарды Абай арқылы түхзеткісі келеді?Менің ойымша,Абайды үлгі етіп көрсеткен себебі,ол – өз ортасында білімді,әрі ойшыл ақын,әрі парасатты,әділ жан деп Абайды ғана таниды.Абай арқылы – жастарды адалдықты сүюге,арамдық,ұрлықтан қалуға,үлкеннің ақылын тыңдауға шақырады.
Осы «Жастарға» өлеңі арқылы жастарды жаман мінезден аулық болуға адами сезімді қастерлеуге,сүйіспеншілік пен ішкі рухани тазалықты сүюге үйретеді,Абайдың өзінің өсиеттерінің бірінде: «жақсылық пен жамандықты,әділдік пен пен қиянат туралы білгіңіз келсе,Абайды оқыңыз»-деген екен,осы өсиетпен толық түрде қосыламын.Себебі бойына қарап бой түзейтін,ісіне қарап ой түзейтін тұлғалардың бірі.
Қорыта келсек,бұл өлеңнің негізгі ойы жақсылықпен жамандықты,зұлымдықтаан адалдықты айыра білуге, бойына тек қана жақсы қасиеттерді жинақтауға,топтастыруға үйретеді
Адамдық борыш - өзіне ғана емес, өзгелерге көрсете алатын қызметі. Халқыңа қызмет етсең, сенің білімің, кісілігің мол дегенді білдіреді. Ал, адам өзінің жеке басынан аса алмай, күйбең тіршіліктен шыға алмаса, ол өз бойындағы қуатын халқына бере алмаса, ол адам күйзеліске ұшырайды. Халыққа қызмет ету азаматтың кемелденуіне, өрісінің кеңеюіне үлкен әсер етеді. Ал, Шәкәрім қажы адамдық борыш турасында: «Ақжолдан айнымай, Ар сақта, оны біл», - дейді. Сонда таза ісімен, адал еңбегімен және харекетімен көрінетін адамдар болады, олар өзінің ең басты өмір сүру кеңістігі өз халқына еңбек қылу деп есептейді. Шәкәрім сондай адамдар туралы айтып отыр. Алайда, көшпелі ортада адамдық өзінің функционалдық болмысы жағынан туыстық-рулық байланыстардың іргелі нормалары және принциптерімен біте қайнасып жатқандығын аңғаруға болады. Мысалы, көшпелі ортада қоғамдық қатынасты реттеудің ең ілкімді принциптерінің бірі ағайыншылықтың басты шарты адамдық болды. Яғни адамдықты ұстанған руластардың арасында ғана ағайыншылық жүрмек. «У ішсең руынмен» деп келетін мәтел сөздің туыстық-рулық қатынастарды ұйымдастырушылық принципі ретіндегі әлеуметтік-институционалдық қауқары дамдықтың сақталуына тығыз байланысты болды.[
Достарыңызбен бөлісу: |