Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет19/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   141
Перцептивті қабілеттер оқушының эмоционалдық күйі-
не, оның сыртқы түріне, ымдарына, жүріс-тұрысына қарап эмо-
ционалды күйін анықтауға жəне қабылдауға көмектеседі. Педа-
гогтың перцептивті қабілеті оның дамыған байқағыштығы мен 
қырағылығы, көргіштігімен байланысты, басқа адамның көре 
алмаған лездік реакцияларды көру жəне оны «оқуы». 
Экспрессивті қабілеттер – өзінің эмоционалды күйін тілдесу 
кезінде адекватты бере білуі, өзіндік көрсетуі. Оқытушы студент-
терге, оқушыларға сөзбен, ыммен, мимикамен əсер ете отырып, 
өзінің айтып отырған қатынасын сөзімен жəне басқа вербалды емес 
құралдардың көмегімен көрсете білуі қажет. 
Ұйымдастырушылық қабілеттер – студенттердің оқу 
жəне аудиториядан тыс жұмыстарын, қызметтерін, олардың 
педагогикалық процестегі əсерлесуін тиімді басқаруды қамтама-
сыз ету. Бұл қабілет басқа қабілеттермен, əсіресе коммуника-
тивті қабілетпен тығыз байланысты болып жəне төмендегілерде 
көрінеді: педагогтың ұйымдастырушылық сезгіштігі; соңына 
еріте білу; өз энергиясымен басқаларды «зарядтай» білу. 
Тұлғаның белсенділігінің негізінде оның нейродинамика-
лық жəне психофизиологиялық ерекшеліктері (темперамент қа-
сиеттері), сонымен бірге тұлғалық дамуы барысында қалыптас-


38
қан өзіне сенімділігі, мұрындық болу, өз бетімен жұмыс істей 
білу сияқты қабілеттер жатады. 
 
1.11. Педагогтың педагогикалық құзыреттілігі
жəне оның құрылымы 
 
Ұстаздың педагогикалық шеберлігі мен кəсібилігінің айырыл-
мас құрам бөлігі ретінде оның кəсіби құзыреттілігі саналады. 
Құзыреттілік ұғымы адамның қайсыбір қызметті атқаруға 
дайындығының құймасын сипаттайды. Қазіргі кезде жалпы 
жəне кəсіби білім берудің теориясы мен практикасында жиі 
қолданылуда. 
А.К. Маркова кəсіби құзыреттіліктің бірнеше түрін бөліп 
көрсетеді де, олардың болуы адамның кəсіби жетілгендігінің 
көрсеткіші деп санайды: 
• арнайы құзыреттілік; 
• əлеуметтік құзыреттілік;
• тұлғалық құзыреттілік;
• даралық құзыреттілік;
Педагогикалық қызметтің ерекшелігі тек бір тар мамандық 
бойынша құзыретті болуына жол бермейді, оқытушының кəсібилігі 
кəсіби құзыреттіліктің барлық түрінің біртұтастығымен анықталады. 
Кəсіби құзыреттіліктің құрылымын анықтаудың бірнеше жолы 
бар. Олардың біреуі оқытушының кəсіби құзыреттілігінің 
құрылымын педагогикалық ептілік жүйесі арқылы ашумен 
байланысты болса, басқасы педагогтың түрлі кəсіби саладағы 
құзыреттілігіне бөліну құрылымы арқылы анықталады, олар: өзіндік 
білім беру жəне оқытушылық; тəрбие беру қызметі; ғылыми-
əдістемелік жəне мəдени-ағартушылық; коррекциялық-дамытушы 
қызмет; басқарушылық қызмет. 
Педагог қызметінің түріне қарамастан олардың əрқайсы-
сында құзыреттілік екі негізгі компоненттен тұрады: 
1. Оқытушының теориялық дайындығын анықтаушы білім-
дер жүйесі. 
2. Оның кəсіби қызметін іе жүзінде атқаруға дайынды-
ғының негізгі құраушысы болатын ептілік пен дағдылар жүйесі. 


39
«Оқытушы» мамандығын алған педагогтың теориялық жəне 
практикалық дайындығының қорытынды талаптары мемлекеттік 
жоғары кəсіби білім беру стандарттарындағы бітірушінің квали-
фикациялық сипаттамасында көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет