Шеберлік негіздері


Педагогтың теориялық дайындығына



Pdf көрінісі
бет20/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   141
Педагогтың теориялық дайындығына
қойылатын талаптар 
Педагогикалық қызметтің ерекшелігі оқытушыдан жалпы 
мəдени жəне ғылыми, арнайы, психология-педагогикалық білімдер 
жүйесін меңгеруді талап етеді. Негізгі жəне орта мектептің 
оқытушысы түрлі жалпы жəне кəсіби қызығушылақтары қосылатын 
жастағы оқушылар тобымен жұмыс жасайды. Олармен тұлғааралық 
қатынастардың құрылуы, тиімді педагогикалық əрекеттесудің болуы 
тек онда кең ой-өрістің, жалпы эрудициялы, жастарды ынта-
ландырушы, шығармашылық, рухани бай тұлғаның жетілуі, 
əлеуметтік түрлі саладағы құзыреттілік, əлеуметтік, мəдени, ғы-
лыми, техникалық білімдерді жете меңгерудің нəтижесінде қалып-
тасқанда іске асады. Педагогтың кәсібилігі және педагогикалық 
шеберлігі, сонымен қатар оның мамандығы беретін пәні бойынша 
білімінің тереңдігіне байланысты. 
Кәсіби қызметтің табысты орындалуы ‰шін оқытушының 
жалпы теориялық пәндердің педагогикалық, ғылыми, әдістемелік 
және ұйымдастырушылық негіздерін меңгерген болуы керек. 
Өзіндік білім алу қызметі саласындағы құзыреттілік еңбекті 
ғылыми ұйымдастыру негіздерін білу: ізденіс т‰рлері, ақпаратты 
өңдеу, сақтау және қолдану, өзіндік жұмысты ұйымдастыру, 
еңбекпен демалыс режимін сақтау және т.б. қамтамасыз етіледі. 
Кез келген оқытушыға қажетті психология-педагогикалық 
білім ж‰йесі төмендегі блоктардан тұрады: 
1. Оқушылар білім және тәрбие берудің негізгі психикалық жә-
не психологиялық механизмдерін, педагог оқушылардың жас және 
даралық психологиялық ерешеліктері білімдерін меңгеруі қажет. 
2. Педагогикалық қызметтің ерекшеліктерін, құрылымын 
оқытушы тұлғасына қойылатын талаптарды, кәсіби-тұлғалық 
өзін тәрбиелеу және өзіндік даму негіздерін білуі. 
3. Педагогикалық процесті құруға қажетті және оған көмекте-
сетін әдістемелік және концептуалды білімдер ж‰йелерін меңгеруі: 


40
білім берудің әлеуметтік құбылыс екенін, ‰здіксіз білім берудегі 
жалпы және педагогикалық білім берудің орны мен рөлі, білім 
берудің функциялары, негізгі тенденциялары, бағыты мен даму 
перспективалары; білім беру мен тәрбиелеудің жаңа келістері және 
т.б. жатады. 
Оқытушы қызметін атқару ‰шін оған келесі психология- 
педагогикалық білімдер негіздерін білуі қажет: 
• оқу процесінің мазмұнын, оның заңдылықтары мен 
принциптерін; 
• оқушылардың оқу қызметінің құрылымын және ерек-
шеліктерін, оны ұйымдастыру тәсілдерін; 
• меңгеру процесінің психологиялық негіздерін;
• оқу процесінің бағдарламасын жасау, оқытудың маңызын 
таңдай білу, оның адекватты формаларын, оқыту әдістері мен 
тәсілдерін, жаңа педагогикалық технологияларды қолдана білу; 
• оқу қабинеттері мен қосалқы бөлмелердің жабдықталу-
ына қойылатын талаптар; 
• оқыту құралдарымен олардың дидактикалық оқытушы 
м‰мкіндіктері; 
• оқушылардың өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру т‰рлері, 
мазмұны және тәсілдері, оқыту нәтижелерін тіркеу және бақылау; 
• өзінің педагогикалық қызметінің диагностикалық тәсіл-
дерімен талдауы. 
Сонымен қатар оның тілдесудің психология-педагогикалық 
негіздері туралы т‰сінігі, ал сынып жетекшісінің функциясын атқару 
‰шін тәрбие ісінің теориялық негіздері мен тәрбие процесін ұйым-
дастыру тәсілдерін, өзінің кәсіби қызметінің басқа салаларында да 
ғылыми-әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық, коррекциялық-
дамытушы, басқарушылық сияқты білімі болуы қажет. 
Педагогтың 
практикалық 
дайындығына 
қойылатын 
талаптар 
Педагогтың орындайтын кәсіби функциялары мен қызметінің 
көп т‰рі тізімі оның меңгеруі қажет болатын квалификациялық 
сипаттама мазмұнында көрінеді. Педагогика мамандығын бітіруші 
төмендегілерді білуі қажет: 


41
• орта мектеп оқушыларының оқу процесін, беретін пәнінің 
ерекшеліктері негізінде оқушының тұлғалық дамуы мен тәрбиеленуі 
мәселелеріне бағыттау арқылы ж‰ргізу; 
• білім беру мен оқытуға қойылатын талаптарға сәйкес 
психология-педагогикалық талаптарды ескере отырып, оқушы-
лардың сабақтан тыс жұмыстарын ынталандыру; 
• мектептегі әдістемелік бірлестіктердің құрамында және басқа 
т‰рлерінде әдістемелік жұмыстар орындай отырып, өзінің кәсіби 
квалификациясын ж‰йелі т‰рде көтеру; 
• сынып жетекшісі функциясын орындай отырып оқушылар-
дың ата-аналарымен байланыста болу, оларға жанұя тәрбиесінде 
көмекші болу:
• еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі ережелерін орындау, 
оқу процесінде оқушылардың деңсаулығы мен өмірін қорғауды 
қамтамасыз ету; 
• ұйымдастырушылық-басқару мәселелерін шешу. 
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің негізін оның іс ж‰зінде 
қызметін өзі ұйымдастыруы, оптималды шешімдерін таба білуі, 
өзін бақылай білуі, нәтижелері, өзінің қызметін жоспарлай білу 
ептілігінен, икемінен, ақпаратты іздестіру, өңдеу және қолдана 
білу, оны оқушыларға т‰сінетіндей формада бейімдеу білуі 
құрайды. 
Педагогтың кәсіби қызметін атқаруға дайындығын әлде- 
қайда толық көрсететін педагог әрекетінің ж‰йесі 3-кестеде 
келтірілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет