Шеберлік негіздері


 Педагог қызметінің даралық стилі



Pdf көрінісі
бет21/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   141
1.12. Педагог қызметінің даралық стилі 
 
Өзінің кәсіби қызметін атқаруда әрбір педагог м‰мкін-
діктеріне, ерекшеліктеріне, өзінде әлдеқайда дамыған қабілет-
теріне максималды бейімделуге (адаптациялауға) тырысады. 
Оқытушының кәсіби шеберлігінің қалыптасуының маңыз-
ды шарттарының бірі – өзінің педагогикалық қызметіндегі дара-
лық стилін анықтау. Оны адамның еңбегінің табыстылығын, 
тиімділігін қамтамасыз етуші, қызметінің тактикасы мен тұрақ-
ты мәселелер ж‰йесіндегі адамның табиғи ерекшеліктері 
құрайды (Е. Климов). 


42
Психологтардың зерттеулері педагогтың қызметіндегі дара-
лық стилінің, оның педагогикалық қолы (ізі) көпшілік жағдайда 
табиғи қалыптасқан типологиялық ерекшеліктері мен тұлғалық 
басқа қасиеттеріне байланысты екенін көрсеткен. 
Ж‰йке (нерв) ж‰йесі к‰шті және қозғалғыш болатын педа-
гогтар шешімдерін жылдам, біртума және к‰тпеген жерден ала 
білетіндіктен табысты болады. Оларда, көбінесе экспрессив-
тілік, суырып-салмалық, эмоциялық реакцияларында мәнерлі-
лік, сонымен бірге артистік байқалады. 
К‰шті, бірақ инертті және тепе-теңдікті ж‰йке ж‰йелі 
педагогтар өз шешімдерін ұқыпты, өлшемді дайындайды, асық-
пай қимылдап, ‰лкен шыдамдылықпен, педагогикалық жағдай-
ларда терең ойланып, оқушының ішкі д‰ниесіне ‰ңіліп, содан 
соң шешім қабылдайды. 
Бөліну негізіне қарай педагог қызметінің даралық стилінде 
т‰рлі типологиясы болады. Оқытушының педагогикалық 
қызметі т‰ріне қарай стильдер төмендегідей жіктеледі: оқыту-
шы қызметтің, тәрбиелеуші қызметтің және педагогикалық 
тілдесудің стильдері. 
А. Маркова пікірінше, қызмет стильдері, алдымен педагоги-
калық еңбекке қойылатын талаптың адам м‰мкіндіктеріне ара-
қатынасымен анықталады. Педагогтың қабілеті мен кәсібіне 
қойылатын талаптарына қайшы келмейтін стиль әлдеқайда оп-
тималды болып саналады. А. Маркова және А. Никонова стиль-
дің төрт т‰рін ұсынған: 
• эмоционалды-импровизациялық стиль (эис): оқытушы 
көбінесе оқу процесіне бағытталған;
• эмоционалды-әдістемелік: оқыту нәтижелеріне бағыт-
талғандар; 
• талқылаушы-импровизациялық: бұл оқытушылар, негі-
зінен оқу процесіне ‰лкен мән береді, сабақты нақты жоспарға 
сай ж‰ргізуге, материалды, еркін талдауды ұнатады; 
• талқылаушы-әдістемелік: көбінесе оқыту нәтижесіне 
мән береді, сабақты, педагогикалық процесті қатаң жоспар 
бойынша басқарады және білімді бақылауға қайталау мен 
бекітуге уақыт бөледі.


43
Э. Костяшкин педагогикалық қызметті жіктеудің басқа 
стиль типтерін ұсынады: интеллектуалды, еріктік, эмоционалды, 
ұйымдастырушы. 
Автордың ойынша, бастауыш сынып оқытушыларында 
көбінесе эмоционалды және ұйымдастырушы, ал орта сыныпта-
ғыларда еріктік және жоғары сынып оқытушыларында интел-
лектуалды стильдер басым болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет