Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет25/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   141
Бақылау сұрақтары: 
 
1. Педагогикалық 
қабілеттілік 
пен 
жалпы 
қабілеттіліктің 
айырмашылығы мен ұқсастықтары. 
2. Маңызды педагогикалық қабілеттіліктерді көрсетіңіз және сізде 
олар қаншалықты дамыған? 
3. Педагогикалық шеберлік пен кәсіби құзыреттілік арасындағы 
қатынас. 
4. Педагогикалық қызметтегі дара стиль дегеніміз не? 
5. Педагогтың қандай қасиеттері оның жалпы мәдениетінің деңгейін 
сипаттайды? 
 
 


47
1.13. Оқытушының кәсіби-тұлғалық өзін анықтауы
және өзін-өзі жетілдіру негіздері 
 
1. Педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудың ж‰йесі.
Педагогтың кәсіби қалыптасуы, оның педагогикалық ше-
берлікпен кәсібилікке жеткізілуі – тоқтаусыз, ұзақ ж‰ргізілетін 
процесс. К. Роджерстің айтуынша, бұл өмір бойы ұзақтығына 
жасалған саяхат. Кәсіби жетілудің кезеңдерін анықтау туралы 
бірнеше анықтау келістері мен теориялары белгілі. Е. Климов 
бойынша кәсібилік жолының төмендегі фазаларын бөліп қарас-
тыруға болады. 
Оптант (оптация фазасы) – кәсіпті таңдау кезеңі. Адент – 
адам кәсібін сапалы т‰рде таңдап алып, оны арнайы кәсіби оқу 
орнында (колледж, ЖОО және т.б.) меңгеруі. 
Адаптант (жас маманның жұмысқа, қызметке бейімделуі) 
адаптациясы. Оқытушы ‰шін бұл 3-5 жыл. 
Интернал – оқытушы тәжірибелі п
едагогқа айналады. 
Шебер (шеберлік) – педагог арнайы сапаларға, білімге ие 
болады, әмбебап болады. 
Бедел – оқытушы өз ісінің шебері ретінде танымал болады. 
Тәлімгер – ісін жалғастырушы пікірлестері, әріптестері 
арасында педагогтың шәкірттері бар. 
Оқытушының кәсіби қалыптасуындағы кезеңдерден табысты 
өтуінде оның дайындығымен ‰ш құрам бөліктен тұратын кәсібін 
көтеру, жоғарылату, жоғары оқу орнына дейінгі (орта педа-
гогикалық білім) жоғары оқу орнындағы (жоғары педагогикалық 
білім алу), жоғары оқу орнынан соң (қосымша педагогикалық білім 
алу, кәсіби білім көтеру институттарында педагогикалық кадрларды 
қайта дайындау) кәсібін көтеру ж‰йесінде ‰лкен рөл атқарады. 
Қазіргі к‰рделі әлеуметтік мәдени жағдайда педагог тұлғасы 
мен оның қызметіне ‰немі өсуші талаптар мен шын мәніндегі өзінің 
кәсіби функциясын орындауға педагогикалық мамандығын 
бітірушінің дайындақ деңгейі (мотивациялық, теориялық және 
практикалық) арасында қарама-қайшылық бар. Ол қайшылықты 
педагогикалық білім беру ж‰йесінен бірқатар мәселелерді: кәсіби 
дайындықтың мақсаттарын қайта құру, педагогикалық білім берудің 


48
мазмұны мен құрылымын жетілдіру, ұйымдастыру формалары мен 
әдістерін жаңартуды талап етуде. 
Педагогикалық қадрларды кәсіби дайындаудың ж‰йесін қайта 
құрудың негізгі бағыттары жалпы әлемдік, ұлттық, регионалдық 
тенденцияларды білуі ретінде кәсіби білім беруді дамытудың 
алдыңғы қатарлы тенденцияларымен байланысты. Кәсіби білімді 
дамыту тенденцияларының қатарына төмендегілер жатады: білім 
берудің ‰здіксіздігі; адамгершіліктендіру (гуманизациялау) демокра-
тияландыру; интеграцияландыру; интенсификациялау. Бұлардың 
әрқайсысын жеке-жеке семинарлық сабақта қарастырамыз. 
2. Педагог тұлғасының қалыптасуында кәсіби-тұлғалық 
өзін-өзі анықтауы, өзін-өзі жетілдіруі және өзінің дамуы. 
Оқытушы ерте заманнан өзінің кәсібінің ерекшелігін, жас-
өспірімнің рухани тәрбиешісі, өмірдің мұғалімі екенін сезінген. 
Мұғалім тұлғаның қалыптасуының барлық замандардың адамгер-
шілік педагогикалық көзқарастарында өзін-өзі анықтаудың, өзін-өзі 
жетілдірудің және өзін дамытудың рөліне ерекше мән берген.
К. Ушинский адамның өмірдегі өз орнын іздеуге ұмтылуын туа біт-
кен қажеттілік, сонымен бірге бұл ізденістің нәтижесі мұғалімге жә-
не барлық тәрбие ж‰йесіне байланысты деп өз пікірін ортаға қойған. 
Л. Толстой тәрбиелеудің маңызын тәрбиешінің тәрбиеле-
нушілерге әсерінде емес, бала дамитын жерде баланың тәрбиеленуі 
‰шін қажетті ортаның, атмосфераның жасалуында, сондықтан ол 
тәрбиелеу туралы мәселені алып тастайды да, тұлға туралы және 
тәрбиеші өмірінің образы туралы, оның өзін-өзі жетілдіру жұмыс-
тары туралы мәселесін қояды. Тұлғалық жетілдірілудің кәсібиліктен 
приоритеттілігін және тәрбиешінің өзін-өзі жетілдірілуі ‰шін 
біртұтас ғылыми саланың бағытталуы қажеттігін Л. Толстойдың 
мына сөзінен аңғаруға болады: «Бала тәрбиесі табысты болуы ‰шін 
тәрбиелеуші адамдар өздерін тәрбиелеуді тоқтатпай ж‰ргізуі керек. 
Сонда олар бір-біріне көмектесе отырып мақсаттарына әлдеқайда 
табысты жете алар еді. Ол ‰шін адамның әрқайсысының ішкі 
рухани д‰ниесі мен жұмысынан басқа толып жатқан құралдары бар 
болуы м‰мкін. Оларды іздестіру керек, ойластыру, талдау, ұсыну 
балаларға әсер ету ‰шін өзіңді жетілдіру бұл тәрбиелеу ғылымның 
тұтас және өте маңызды саласы болып табылады». Қазіргі 
педагогикалық білім беру ж‰йесі біршама абсурдты сияқты, 


49
өйткені біз өздері жеткілікті дәрежеде тәрбиеленбеген 
жеткіліксіз білім алғандарға білім беруді және тәрбиелеуді сеніп 
отырмыз. Жоғары педагогикалық білім алған автоматты т‰рде 
студентті тұлға қалыптастыра алатын, өзін кәсіби қызметін 
атқаруға дайын деп ойлауға болмайды.
Келешекте педагог болатын адам өзінің кәсіби-тұлғалық, өзін-
өзі анықтауын, өзін-өзі тәрбиелеуін, өзін-өзі жетілдіруін, өзін-өзі 
дамытуын және басқа да «өзін-өзі»-лердің мәнін және маңызын 
сезінуі, оларды іске асыру тәсілдерін меңгеру қажет. Енді осы 
ұғымдардың таситын мазмұндары мен мәндерін талдап көрейік: 
Өзін-өзі анықтау – «тұлғаның өз позициясын өмірдің нақты 
жағдайларында өзін-өзі іске асырудың мақсаты мен құралдары, 
таңдау процесі мен нәтижесі деп қарау; адамның ішкі д‰ние-
сінің еркіндік алуының және көрінуінің негізгі механизмі». Тіпті 
осы анықтаманың өзі бұл құбылыстың мазмұнының көптігін 
және көпқырлылығын көрсетуде. 
Бұл ұғымның және басқа да ұғымдардың толық мазмұнын 
семинарлық сабақтарда қарастырамыз. 
3. Оқытушының тіршілік маңызды өзін-өзі анықтауы. 
Оқытушының кәсіби қалыптасуы көбінесе оның өмірінің 
маңызын іздестіру мен оны табуымен, кәсіби қызметін өмірлік 
дарындылығы деп сезінгендігіне байланысты. 
Өмірдің маңызды мәселесі тек өмірінің өзін-өзі анықтау 
жағдайында тұрған жасөспірімдерге ғана өзекті емес, сонымен қатар 
ересек адамдарға, әсіресе дағдарыс заманында кейбір ойлаған 
ойларыңызды бір жағдайлардың себебінен іске асыра алмауыңыз. 
Бұл к‰йде болатын адамды психологтар тіршіліктік немесе тұлғалық 
дағдарыс деп сипаттайды да: өмір с‰рудің мотивациялық-мақсаттық 
дағдарыс жағы – «әрі қарай не ‰шін өмір с‰ремін» және қызметтің 
мазмұндық дағдарыс жағы – «не ‰шін өмір с‰ремін». Өмір с‰рудің 
мағынасының жоғалу себептерінің – бірі адамның өмірлік 
қабілеттерінің, өмірге деген ерігінің, қызығушылығының жоғалуы. 
Тіршілік маңызын іздестіру және оған ие болу бір сәттік акт 
емес, ұзақ уақыт, кейде оның трансформациясы адамның барлық 
өмір бойы ж‰руі м‰мкін. Сондықтан білім берудің маңызды міндет-
терінің бірі – жастарға өздерінің өмірінің маңызын табуды ‰йрету.
Бұл мәселелерді толығырақ семинар сабақтарында қарастырамыз. 


50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет