Шеберлік негіздері


 Оқытушының педагогикалық тактісі



Pdf көрінісі
бет16/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   141
 
1.9. Оқытушының педагогикалық тактісі
жəне кəсіби этикасы 
 
Педагогикалық қызмет рухани өндіріс саласы сияқты этикалық 
жəне эстетикалық бастамалардың оның ішіне терең енуімен 
сипатталады. Этикалық (өнегелілік) жəне эстетикалық (əдемілік) 
оқытушы тұлғасында оқушылармен жəне əріптестерімен тілдесуінде 
өз кəсібіне, еңбегіне қатысты бір-бірімен тығыз байланысты. 
Педагогикалық этикада қоғамдағы педагогтың кəсіби-этикалық 
мəдениеті деңгейіне кəсіби тілдесуі мен қызметін сипаттаушы 
педагог тұлғасының өнегелік сапаларына қойылатын талаптар 
кешені бекітілген. 
Этика (лат. ethos - қасиет) – мораль, өнегелік, мінез-құлық 
туралы ілім. Педагогикалық этика – этиканың құрам бөлігі, 
педагогикалық процестегі моральдың функциялық ерекшеліктерін 
жəне педагогтың оқушыларға, өз еңбегіне, өзі-өзіне, өнегелік сана 
негізінде жатқан жəне өнегелік нормалар жасаушы қатынасымен 
анықталады. Жеке басына қабылдаған жəне оның қызметімен 


32
мінез-құлығында байқалатын нормалар педагогтың өзінің педа-
гогикалық этикасын сипаттайды. 
Балаларға сүйіспеншілік – педагогикалық этиканың ең 
басты мінез-құлықтық талаптарының бірі жəне көптеген педа-
гогтардың ойы бойынша оқытушыға ең қажетті сапа. Бірақ, 
көбінесе педагогтың балаларға сүйіспеншілігі өте абстрактілі 
болады да, оқушылармен реалды қарым-қатынаста аңғарылмай-
ды. Бір ойшыл айтқан екен: «Бүкіл адамзатты сүю оңай, нақты 
адамды сүю əлдеқайда қиын». Өте əділ айтылған ой, өйткені 
сүю – ол алдымен өнегелік сезім. Кейбір педагогтар педагогика-
лық этиканың бұл талабына скептикалық көзбен қарайды да, 
басқа адамды сүюге өзіңді мəжбүр ету мүмкін емес деп санайды. 
Балаларға сүйіспеншілік – ол тек сезім ғана емес, сонымен қатар 
ол оқытушының педагогикалық сапасының сондай дəрежедегі 
сипаттамасы, оны төмендегілерден айқындауға болады: баланы 
барлық жетістіктерімен жəне кемшіліктерімен шартсыз қабыл-
дау, бірақ ол оны қазір қалай көргісі келетіндей емес, оның ол 
қандай болса, солай болу құқығын тану, оны түсіну, онымен 
бірге уайымдап, рақымдану, бауырына басу қайғылану, баланың 
дамуына көмек көрсетуге ықыластануда. 
Балаларға сүйіспеншілік оқытушы мен оқушының бір-бірі-
не сенімділігінде, сыйластығында, кеңпейілдігінде, мейірімділі-
гінде. Баланың дамуына əсер етуші қамқорлық оның мүмкіндік-
терін ашу сияқты қарым-қатынасының өнегелік деңгейінде байқа-
лады. Оқытушыда ең жоғары қай сапасын, қасиетін бағалайсыз 
дегенде, олар келесі тізімді жазып береді: қайырымдылық, ізгі ниет, 
адамгершілік, олардың тұлғасына сый, содан соң пəнді білуі жəне 
оқу материалын түсіндіру. Олар үшін оқытушыдағы келесі сапалар 
мен қасиеттер балаға деген нағыз сүйіспеншіліктің байқалатын 
шарттары: шыдамдылық, сабыр, байсалдылық, өзін-өзі ұстай білу. 
Оқытушының оқушыларға деген сүйіспеншілігі болмаса, қарсы-
лығында сүйіспеншілік пен сенім болмайды. Барлық замандардың 
педагогикалық кітаптары тəрбиешінің тəрбиеленушілеріне сүйіс-
пеншілігі туралы: Я. Корчак «Баланы қалай сүю керек?»,
В.А. Сухомлинский «Жүрегімді балаға беремін», Ш.А. Амонашвили 
«Сəлеметсіздер ме, балалар!», В.А Карановский «Менің сүйікті оқу-
шыларым», О. Казанский «Педагогты сүю сияқты» жəне т.б. 
еңбектері айқын дəлел болады. 


33
Педагогтың балаларға сүйіспеншілігінен оқытушының 
оптимизмі пайда болады: баланың мүмкіндігіне сену, жақсы 
қырларын көре білу жəне ол жақсылықтарға тəрбие беру кезінде 
сүйену, сонымен қатар өз мүмкіндіктеріңіз бен ісіңіздің табысты 
болуына сену. 
Сүйіспеншіліктің осы құтысынан оқытушының басқа жақ-
сы сапалары төгіледі: кəсіби борыштылық пен жауапкершілік, 
кəсіби жанқиярлық. 
Педагогтың өз оқушыларына сүйіспеншілігі негізінде қан-
дай сыр жатқанын, қалайша «бөтендер» «туысқанға», «сүйікті-
лерге» айналуындағы сырды М. Кнебель А. Экзюперидің «Кіші 
Ханзада» ертегісіндегі ойшыл түлкінің сөзіне сүйенеді: «Кімді 
қолға үйреткен болсақ, біз оларға жауаптымыз». 
«Педагогиканың өзі де қолға үйретуге жəне сол қолға 
үйренушіге жауапкер. Қолға үйрету арқылы сен өзіңе 
байлайсың жəне өзің де байланасың». 
Сонымен, кəсіби міндет пен борыштың жəне жауапкер-
шіліктің көзі оқытушының тек əлеуметтік жауапкершілігі емес, 
ең алдымен нақты əрбір бала алдындағы жауапкершілігі болып 
табылады. 
Оқытушының кəсіби абыройы (намысы) – бұл оның өзінің 
оқушы алдындағы борышын жəне жауапкершілігін субъективті 
сезінуі, ал ол педагогикалық этиканың нормалары мен құнды-
лықтарына сəйкес ішкі қажеттіліктің оянуы. Сүйіспеншіліктен, 
борыш сезімі мен жауапкершіліктен оқытушыда кəсіби жан-
қиярлық туады: балаларға жəне дарындылығына (призвание) 
қызмет етуге даярлық, эгоистік жəне қажеттілік қызығушы-
лығын елемеу, өзінің күш-жігерін, уақытын, ал қажет болса 
денсаулығын да аямай өзі таңдаған қазметке дайындығы. 
Педагогикалық əділеттілік – бұл оқытушының əрбір 
оқушыға объективті қатынасымен анықталады. Əрбір оқушы 
тұлғасының құқығын, оны сыйлау, оларды «сүйікті», «сүйкімді 
емес» топтарына бөлмеу, жеке қатынас саласынан алынатын 
педагогикалық шешімге, қойылатын бағаға əсер етпеуі. 
Кəсіби ар-намыс (құрмет) педагогикалық этика катего-
риялары ішінде ерекше орын алады. Ол педагог мінезінің 
нормативті талаптарын анықтап, əртүрлі жағдайларда кəсібінің 
əлеуметтік мəртебесіне сəйкес өзін алып жүруі. 


34
Қарапайым адамның істей алатын нəрселерін мұғалім əрқа-
шан жасай алмауы мүмкін. 
Педагогикалық этика – бұл мінез-құлықтық сезімдердің 
гармониясы, оқытушының мінезі мен сапасы, педагогтың 
оқушылармен, басқа адамдармен педагогикалық тактіде 
біртұтас байқалатын тілдесу мəдениеті. 
Педагогикалық такті (лат. тactus – тиісу) – педагогикалық 
əрекеттесудің құралдарын таңдауда өлшем сезімі, əрбір нақты 
жағдайға байланысты тəрбиелеудің əсерінің əлдеқайда оптимал-
ды түрін белгілі шектен аспай қолдана білу. Педагогикалық 
такті оқушыларға құндылық қатынастар жəне оқытушының 
мінез-құлықтық сапалары мейірімділік, көңіл аудару жəне түсі-
ну, оқушының абыройын сыйлау жəне өзіңіздің эмоциялық 
күйіңізді басқара білумен жəне ойластырылған шешім қабылдай 
білумен жалғасады. Тактілі болу – ол əрқашан жұмсақ, мейірім-
ді, қайырымды, оқушылардың негативті тəрбиесі мен істеріне 
көз жұму деген емес. 
Педагогикалық такті оқушы тұлғасына сый құрметпен оған 
ақылды, жүйелі талап қою, тіркес болу қажет. А. Макаренконың 
айтуынша, педагогикалық такті – бұл «ешқашан артық кетпеу» 
қабілеті. Педагогикалық такті кезінде оқытушыға күрделі 
педагогикалық əрекеттесулерде мінез-құлықтық қатынастармен 
бірге, одан тапқырлық, интуиция, байсалдылық, əзіл-сықақ сезімі 
қажет болады. Мейірімді əзілдесу (бірақ ашулы ирония немесе 
күлкімазақ емес) педагогикалық əрекеттесуде əлдеқайда тиімді жəне 
тактикалық тəсіл болып табылады. Гете тегін айтпаған: «Əзілдесу – 
рухтың даналылығы». Ш. Амонашвили: «Күлімсіреу – бұл ерекше 
даналылық», – деп, кейде оқытушының күлімсіреуі сыныптағы 
проблемалық жағдайды шешуге жетіп қалады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет